Қазақстан республикасының орта



бет149/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

Сыныптарды топтарға бөлу жоғарыда көрсетілген пәндерден басқа инварианттық компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі.


«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ

«Тіл және әдебиет» білім беру саласы аясында келесі пәндер оқытылады:


«Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі».


«Қазақ тілі» оқу пәні
10-11-сыныпта оқу процесі «ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы» және «ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы
7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген Ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады:

  • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

  • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

    • жаратылыстану-математикалық бағытта:

  1. 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

  2. 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

    • қоғамдық-гуманитарлық бағытта:

  1. 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  2. білім алушылардың қазақ тілін күнделікті өмірде өзі еркімен қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;

  3. қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;

  4. тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық- коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;

  5. «Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу тілінің
лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
«Оқылым» бойынша: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми- көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
«Жазылым» бойынша: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі, тезистік), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б. мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия және мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
«Әдеби тіл нормалары» бойынша: орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық- фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша, сызықша).
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс.
«Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану-математикалық бағыт) бойынша жиынтық бағалау саны
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 14-4-тармағына сәйкес «Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану- математикалық бағыт) аптасына 1 сағат болғандықтан БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып, тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
«Қазақ тілі» пәні (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) бойынша жиынтық бағалау саны
Төменде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген (63-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет