ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қосымша білім беру балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуі, олардың кәсіби бағдарлануы, сондай-ақ, ерекше қабілеттерін көрсеткен балаларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасайды.
Балалардың жан-жақты қажеттіліктері әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми- техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркем-эстетикалық, музыкалық, әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру және балаларға қосымша білім берудің басқа да бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі.
Балаларға қосымша білім беруді жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді және республикалық, облыстық, қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) және аудандық деңгейлерде жүзеге асырылады.
Балаларға қосымша білім беру мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында, мектепте, мектепке дейінгі ұйымдарда, колледждер мен жоғары оқу орындарында, мәдениет, спорт ұйымдарында, жеке ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ақылы қызметтер есебінен іске асырылады.
Мектептен тыс ұйымдардың ресурстары – сарайлар мен оқушылар үйлері, орталықтар, кешендер, балалар шығармашылығы студиялары, жас техниктер станциялары, туристер, натуралистер, балалар музыка, көркемөнер мектептері, өнер мектептері, қызығушылық клубтары, спорт, сауықтыру, туристік базалар, лагерлер – мектепте қолданылады – олардың филиалдары ашылады.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік қағидаларында (өзгерістер енгізілуде), Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы
№ 228 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің Үлгілік қағидаларында айқындалған.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың, отбасының сұраныстарын білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9-2) тармағына сәйкес білім беру бағдарламасы оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені ретінде әзірленеді.
Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы
№543 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2019 жылғы 04 желтоқсандағы
№56 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).
Қазақстан Республикасында Балаларға қосымша білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №81 бұйрығымен бекітілді.
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген.
Балаларға заманауи қосымша білім беру мектеп білімімен бірге біртұтас білім беру кеңістігін құрайды, ол бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің МЖМБС шеңберінен тыс баланың өз еркімен таңдаған іс-әрекетін дамыту үдерісі ретінде сипатталады. Балаларға қосымша білім берудің 2020-2021 оқу жылындағы ерекшеліктері жалпы орта және қосымша білім беруді неғұрлым тығыз интеграциялау қажеттілігімен байланысты.
Білім берудің әрбір деңгейі үшін қосымша білім беру белгілі бір жас кезеңі жағдайында тұлғаның ерекшеліктеріне сүйене отырып, МЖМББС-дан тыс өзінің мазмұндық модулін ұсынуға құқылы:
мектепке дейінгі білім беру деңгейінде – мектепке дейінгі білім беру ұйымына бармайтын балалар үшін мектепалды даярлық;
бастауыш білім беру деңгейінде – оқушылардың позициясын игеруге көмектесу: әртүрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;
негізгі білім беру деңгейінде – жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау үдерісін қолдау: әртүрлі қызмет салаларында маңызды мәселелер спектрін кеңейту және оларды шешу тәжірибесін алу;
жалпы орта білім беру деңгейінде – білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісін сүйемелдеу, кәсіби бағдарлауды қамтамасыз ету.
Балаларға қосымша білім берудегі білім беру процесі келесі ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастырылады:
балаға білім беру саласын (қызметтің бағыты мен түрін). бағдарламаның бейіні және оны игеру уақытын, педагогті еркін таңдауы үшін жағдай жасау;
баланың мүддесін, бейімділігі мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын әртүрлі қызмет түрлері;
тұлғаның таным мен шығармашылыққа, өзін-өзі тануға және өзін-өзі анықтауға деген ынтасын дамытуға ықпал ететін білім беру процесінің тұлғалық- әрекеттік сипаты;
құру;
балаға жеке тұлғаға бағытталған көзқарас, әркім үшін «сәттілік жағдайын»
жеке тұлғаның өзінің қабілетін іске асыруы, өзін-өзі тануы, өзін-өзі анықтауы
үшін жағдай жасау;
баланың сынама алу құқығын және таңдаудағы қателіктерді, өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін қайта қарау құқығын тану;
баланың жеке басының қадір-қасиетіне нұқсан келтірместен өзінің даму сатыларын көруге және осы дамуды ынталандыруға көмектесетін өзі таңдаған білім беру бағдарламасының (қызмет түрі, білім саласы маңайында) шегінде баланың алға жылжуының нәтижелілігін анықтаудың осындай құралдарын қолдану.
Осыған байланысты сауалнама жүргізу, балалар мен ата-аналарға ауызша сауалнама жүргізу арқылы балалардың қажеттіліктері мен ынтасын зерделеу бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Содан кейін бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қызығушылықтары бойынша үйірме, секция, клуб, студия, ансамбль, топ, театр және өзге де бірлестіктерге біріктіріледі. Топтардың қалыптасуы балалардың ерікті таңдауына негізделген.
Балаларға қосымша білім беруде балалардың ғылыми-техникалықшығармашылығы маңызды орын алады. Жас техниктер мектептері мен станцияларында бастапқы техникалық модельдеу, авиамодельдеу, кеме модельдеу, автомодельдеу, ракетамодельдеу, радиотехника және робототехника сияқты техникалық шығармашылық түрлері іске асырылады. Техникалық шығармашылықтың дәстүрлі түрлерін дамытумен қатар бағдарламалау, информатика және ақпараттық технологиялар, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, медиадизайн, жобалау- зерттеу қызметі және т.б. белсенді дамуда.