Қазақстан республикасының орта



бет141/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

Жұмысмазмұны

Диагностикалық жұмыс (I тоқсанның I аптасында)

1

Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша
әкімшілік диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу

2

Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау. Мысалы, қандай да бір тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны көп
болса, сол тақырып күрделі болып есептеледі. Тақырыпты меңгермеген оқушылардың саны аз болса, ол тақырыптың күрделілігі төмен болып есептеледі

Жоспарлау жұмысы (I тоқсанның II аптасында)

3

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылында өтілетін тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін өткен оқу жылдарындағы күрделі тақырыптар мен оқу
мақсаттарын анықтау

4

Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы
тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.

5

Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу
мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау

6

Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және топтастыру

7

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін
консультациялардың кестесін жасау

8

Білімінде олқылықтары бар оқушыларға өткізілетін кеңес беруді сәйкес келетін жаңа
тақырып пен оқу мақсатына сабақ жоспарлаудан бұрын өткізу

9

Білімінде олқылықтары бар оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңес беру
кестелерін жоспарлау принциптері:

  • жаңа сабақтан бұрын кеңес беру;

  • жұмыс күндеріне сыймаған жағдайда сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру;

  • II, III, IV тоқсандық каникул күндеріндегі кеңестер;

  • жазғы мектеп күндеріндегі кеңестер

10

Жаңа сабақтан бұрын кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

11

Сенбілік немесе жексенбілік кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

12

Каникул күндеріндегі кеңес өткізу топтарын анықтау, кестесін жасау

13

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес тақырыптарын анықтау, кестесін дайындау

14

Жаңа оқу жылында оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін және талдау жұмысының жоспарын дайындау (бұл жерде білім алушының өткен оқу жылы бойынша білімінің сапасы да, олқылықтары да көрінеді):
қыркүйектің екінші аптасы (диагностикалық әкімшілік бақылау); бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) кестесі;
тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) кестесі.

Жүзеге асыру және талдау жұмысы (оқу жылы бойы)

15

Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ
жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

16

Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол
жеткізу

17

Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың
біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу

18

Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын
толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу

19

Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы
оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру

20

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:

  • диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін; тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте;

  • оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау

Аталған шараларды келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:


Диагностикалық жұмыс:

    • пәннің оқу бағдарламасы мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары);

    • тақырыптар бойынша білімдегі олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың және оқу мақсаттарының қиындық ретін анықтау;

Жоспарлау жұмысы:

    • пәннің оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкес келетін оқу мақсаттарын анықтау;

    • сәйкес келетін оқу мақсаттары анықталған сабақтардың қысқа мерзімді жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып дайындау;

    • пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша олқылықтары анықталған оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңестер кестесін жасау.

Жүзеге асыру және талдау жұмысы:

    • пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспар негізіндегі сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып, жаңа оқу мақсаттарын меңгерту;

- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау;

  • білім алушылардың қажеттілігіне қарай және ата-аналардың келісімімен білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында, жеке консультациялар, қосымша сабақтар («демалыс мектептері», «каникулдық мектептер», «жазғы мектептер» ұйымдастыру) өткізуде пән бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту;

  • білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижесін талдау және әдістемелік бірлестікте талқылау ұсынылады.

«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша анықталған қателер мен олқылықтарды 4 блокқа топтастыру ұсынылады:

  • қоғамдық қатынастар;

  • мәдениеттің дамуы;

  • саяси жүйелер;

  • экономикалық қатынастар.

Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты жүйесін құруға мүмкіндік береді, өйткені жоспарлау кезінде мұғалім зерттелетін тақырыптар мен білім алушылардың олқылықтары болған тақырыптар мен оқу мақсаттарын байланыстыра алады.
Мысалы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:

  1. сыныпта:

6.1.2.1 үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын сипаттау оқу мақсаты мен 5.1.2.1. ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау оқу мақсатын;
6.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау оқу мақсатын меңгерту кезінде 5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым- қатынасын анықтау оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіру ұсынылады;

  1. сыныпта:

7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау оқу мақсатын меңгертуде 6.1.2.1 қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау оқу мақсатын;
7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау оқу мақсатын меңгерту кезінде 6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру оқу мақсатын;

  1. сыныпта:

8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 7.2.3.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау оқу мақсатын;
8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау оқу мақсатын;

  1. сыныпта:

9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау оқу мақсатын меңгертуде 8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау оқу мақсатын;
9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру оқу мақсатын меңгертуде 8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау оқу мақсатын кіріктіріп тапсырма беру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет