Қазақстан республикасының орта


-11-сыныптардағы «Алгебра және анализ бастамалары»



бет172/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

10-11-сыныптардағы «Алгебра және анализ бастамалары»,
«Геометрия» пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар

2021-2022 оқу жылы бойы 5-6-сыныптардағы 10-11-сыныптардағы


«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерінен шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың
орнын толықтыру бойынша жұмыс жүргізу және бұл жұмысты кезең-кезеңмен өткізу ұсынылады.



  1. кезең. Диагностикалық жұмыс (І тоқсанның бірінші аптасы).

  1. Кешенді диагностикалық жұмысты жүргізу.

Төмендегі кестеде сыныптар бойынша тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған тақырыптар берілген.

Сынып

Тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған тақырыптар

10-сынып,
Алгебра және анализ бастамалары (ҚГБ, ЖМБ)

Тапсырмалар


9-сыныпқа арналған
«Алгебра» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

Екі айнымалысы бар сызықты емес теңдеулер. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі көмегімен мәтінді есептер шығару. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесі.
Арифметикалық прогрессия. Геометриялық прогрессия.
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия.
Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндері. Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Тригонометрия формулалары. Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

10-сынып, Геометрия (ҚГБ, ЖМБ)

Тапсырмалар


9-сыныпқа арналған
«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

Векторлардың теңдігі. Векторларды қосу және оның қасиеттері, векторларды азайту, векторды санға көбейту. Жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу. Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану. Векторлардың арасындағы бұрыш. Векторлардың скалярлық көбейтіндісі.
Жазықтықта түрлендіру. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері.
Синустар және косинустар теоремалары.
Шеңберге іштей немесе сырттай сызылған үшбұрыштың ауданын пайдаланып шеңбердің радиусын табу формулалары.
Іштей сызылған бұрыш және оның қасиеттері.
Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы туралы теорема.
Дұрыс көпбұрыштар және олардың қасиеттері.
Шеңбер доғасының ұзындығы. Сектор мен сегмент ауданы.
Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын көпбұрыштың қабырғаларымен, периметрімен және ауданымен байланыстыратын формулалар.



11-сынып,
Алгебра және анализ бастамалары

Тапсырмалар


10-сыныпқа арналған

Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру. Функцияның қасиеттері.
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер.
Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері.
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу.
Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі. Туынды табу

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

ережелері.
Туындының физикалық және геометриялық мағынасы.
Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі.
Функцияның өсу және кему белгілері. Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері.
Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу.
Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері.

11-сынып, Геометрия (ҚГБ, ЖМБ)

Тапсырмалар


10-сыныпқа арналған
«Геометрия» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары
бойынша құрастырылады.

Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтардың өзара орналасуы.
Кеңістіктегі бұрыштар. Перпендикуляр және көлбеу.
Үш перпендикуляр туралы теорема. Кеңістіктегі арақашықтық.
Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар.




  1. Кешенді диагностикалық жұмыстың қорытындысы бойынша:

  • шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың білімінде олқылықтар бар оқыту мақсаттарын (тақырыптарын) анықтау;

  • анықталған оқыту мақсаттарынан қайсысы жаңа оқу жылында пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетінін, қайсысы сәйкес келмейтінін анықтау.




  1. кезең. Жұмысты жоспарлау (ІІ тоқсанның екінші аптасы).

  1. Жаңа оқу жылындағы пән бойынша оқыту мақсаттарына сәйкес келетін оқу мақсаттарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар жасау;

  2. білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.



3 кезең. Жұмыс жүргізу (оқу жылы бойы).

  1. Оқыту мақсаттары біріктірілген қысқа мерзімді жоспар негізінде сабақты ұйымдастыру (қатарынан алынған екі сыныптың тиісті оқу мақсаттары).

10-11-сыныптардағы оқыту мақсаттарын біріктіру мысалдары келесі кестеде келтірілген.



10-сынып, Алгебра және анализ бастамалары

10-сыныптың оқыту мақсаттары

9-сыныптың оқыту мақсаттары

        1. - тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу;

        2. - тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер

көмегімен сала білу;

9.1.1.1 - бұрыштың радиандық өлшемі ұғымын меңгеру;
9.1.2.1 - градусты радианға және радианды градусқа айналдыру;
9.1.1.2 - бірлік шеңбердің бойында




0; ; ; 3 ; 2 сандарын белгілеу;
2 2
9.2.4.1 - тригонометриялық функциялардың анықтамаларын білу;

        1. - функция қасиеттерін анықтай алу;

        2. - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:

  1. функцияның анықталу облысы;

  2. функцияның мәндер жиыны;

  3. функцияның нөлдері;

  4. функцияның периодтылығы;

  5. функцияның бірсарындылық аралықтары;

  6. функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;

  7. функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;

  8. функцияның жұптылығы, тақтылығы;

  9. функцияның шектелгендігі;

  10. функция үзіліссіздігі;

  11. функцияның экстремумдары сипаттай алу;

9.2.4.6 - бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық функциялардың жұптылығын (тақтылығын), периодтылығын , бірсарындылығын және таңбатұрақтылық аралықтарын түсіндіру;

        1. - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шеше алу;

        2. - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

        3. - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

        1. - бұрыштардың қосындысы мен айырымының, жарты және қос бұрыштың тригонометриялық формулаларын қорытып шығару және қолдану;

        2. - келтіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;

        1. - тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге және көбейтіндісін қосындыға немесе айырымға түрлендіру формулаларын қорытып шығару және қолдану;

        2. - тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

10-сынып, Геометрия

10-сыныптың оқыту мақсаттары

9-сыныптың оқыту мақсаттары

10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;

        1. - векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану;

        2. - векторлар арасындағы бұрышты есептеу;

10.3.3 - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын
табу;

        1. - векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану;

        2. - векторлар арасындағы бұрышты есептеу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет