Қазақстан республикасының орта



бет185/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

«Қазақстан тарихы» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.
Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі 90-кестеде көрсетілген.

  1. кесте. Оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу
жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

10-сынып (ҚГБ)

Қазақстан тарихы

2

68

2

68

11-сынып (ҚГБ)

Қазақстан тарихы

2

68

2

68

10-сынып (ЖМБ)

Қазақстан тарихы

2

68

1

34

11-сынып (ЖМБ)

Қазақстан тарихы

2

68

1

34

90-кестеден көріп отырғандай, апталық оқу жүктемесі жаратылыстану- математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен төмендетілген.


2021/2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспары бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы
105 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады.
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша келесі оқу бағдарламасы қолданылады:
ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  • білім алушылардың тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;

  • өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

  • коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады.

Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық- зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы берілген. Сондықтан осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 91-кестеде берілген.



  1. кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

1

1

1

1

11-сынып

1

1

1

1



Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес
10-11-сыныптарда жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын
«Қазақстан тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарымен оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тоқсанның соңында оқушылардың зерттеу жұмысын жүргізу қарастырылған. Сыныптар бойынша зерттеу тақырыптары төменде берілген.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет