Қазақстан республикасының орта



бет195/242
Дата23.03.2022
өлшемі0,92 Mb.
#136538
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   242
Байланысты:
Әдістемелік-нұсқау-21-22-ож

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні
Оқу пәні жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы инварианттық компоненттің стандартты деңгейіндегі таңдау пәні болып табылады. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асыралады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні кәсіпкерлік саласының негізгі ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда болашақта өз бетінше өмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу материалының мазмұны оқу процесінің геймификациясы (ойын техникасы) принциптеріне және кейстік жұмысқа негізделген.
Геймификацияны (ойын техникасын) кеңінен қолдану материалды түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, сондай-ақ келешекте шынайы жағдайларға лайықтауға болатын алғашқы пайдалы дағдыларды қалыптастыруға бейімделген.
Кейстік (ситуациялық) оқыту әдісі бір жағдайға стандартты емес тәсілдемелерді қолданып, креативтілік танытуға шынайы мүмкіндік береді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығы бойынша оқыту PBL (Project Based Learning) әдістемесі негізінде де құрылған. Сөзбе сөз бұл термин
«жобалық оқыту» деп аударылады. PBL әдістемесі әр оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуын білдіреді. Бұл ретте мұғалім барлық үдерісті үйлестіреді, бірақ сонымен қатар оқушыларға шығармашылық пен дербес шешімдер қабылдау үшін еркіндік береді, оқушылар әртүрлі мәселелер бойынша сарапшылардың рөлін өз мойнына алып, өздерін сынап көреді.
Әдістеменің негізгі ұғымы – «жоба». Оқушылар пәнді оқытудың 11-сыныбының бірінші және екінші тоқсанында осындай «жобаны» дамытуы тиіс. Алдымен олар өз командасына мамандарды тартуға тырысатын стартаптың негізін қалаушысы рөлінде өзін елестету керек. Содан кейін олар
басшылар, маркетологтар, зерттеушілер сияқты өз стартаптарымен жұмыс істейтін болады. Оларға өз клиентін зерттеуге, өз өнімінің прототипін жасауға, серіктестерді табуға және т.б. көптеген әрекеттер жасауына тура келеді.
Оқушылар тапсырмаларды алып, оны орындау уақытын білетін болады. Басқа ешқандай шектеулер жоқ. Қандай өніммен айналысу керек, оны жылжыту үшін қандай әлеуметтік желіні таңдаса жақсы болады, олардың бизнесі үшін кім үздік серіктес болып табылады және т.б. осы секілді сұрақтарға алдын ала қайсысы «дұрыс» екеніне нақты жауап берілмейтіндіктен, мұндай тәсілде «дұрыс» - «дұрыс емес» позициясынан соңғы нәтиже емес, командалық жұмыс, команда мүшелерінің жобаға тартылу дәрежесі, олардың көрсеткен күш-жігері мен ынтасы, олардың іс-әрекеттерінің жалпы бағыты мен қисындылығы бағаланады.
Нақты мәселеге шоғырлану оқушыларға қысқа уақыт ішінде зерттелетін мәселенің көптеген қыр-сырын білуге мүмкіндік береді, осылайша, осы әдістеме бойынша егер нақты нұсқаулықтар, жұмысты бағалау критерийлері, шектеулі уақытты беріп, бірақ оны жұмыс стилінде және тәсілде шектемесе кез келген адамды белгілі бір жұмысқа дайындауға болады.
Жобалық жұмыс оқушыларға материалдың едәуір бөлігін қамтуға, өз жобасын жасау арқылы жаңа білім алуға мүмкіндік береді. Әдістің артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
Командалық жұмыс. Оқушылар болашақта университет пен жұмыста қажет болатын командада жұмыс істеуді үйренеді.
Коммуникативтік дағдылар. Оқушылар бірге жұмыс істейді, сондықтан оларға командада тиімді қарым-қатынас жасау өте маңызды.
Сөздік қоры. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар өз тілдік қорын айтарлықтай толықтырып үлгереді, сонымен қатар жобамен тығыз жұмыс істеу кезінде зерделенген сөздер қарапайым оқып жаттағанға қарағанда жақсы меңгеріледі.
Нәтижеге бағдарлану. Көптеген түлектерге жұмыс процесіне бейімделу қиын, өйткені онда жұмыстарды орындау мерзімі қатаң есепке алынады. Оқушылар күйзеліске, толқуға ұшырап, асыққаннан жұмыс сапасы зардап шегеді, ал жұмыс мерзімінде орындалмай қалуы мүмкін. PBL әдісі бойынша жұмыс уақытпен қатаң шектеледі, ал жұмысты бағалау кезінде командалық орындау есепке алынады. Сондықтан жобамен жұмыс кезінде оқушылар қатаң дедлайндарға үйреніп, жұмыс сәттерін еңсеріп, орындалатын жұмыстың сапасына нұқсан келтірмей, нәтижеге шоғырлануға үйренеді.
Міндеттерді бөле білу, тапсырмаларды беру (делегирлеу) және сенім білдіру, көшбасшылық қасиеттер. Жобаны орындау кезінде оқушыларға команда мүшелері арасында міндеттерді дұрыс бөлу қажет, өйткені олардың әрқайсысында әр түрлі күшті және әлсіз жақтары, түрлі интеллект, мотивация және темпераменттері бар. Біреулерге сандарға немесе ұсақ-түйек бөлшектерге мән берілетін жұмысты сеніп тапсырған жақсы болады, біреулері монотонды жұмыспен айналыса алмайтын шығармашылық тұлға, кейбіреулері бір мезгілде бірнеше міндеттерді орындай алады, бірақ бір мәселеге шоғырлану кезінде қиындықтарға тап болады. Команда мүшелері рөлдерді өзара бөлуге, бір-біріне
сенім білдіруге үйренеді. Сондай-ақ олар кімнің көшбасшы рөлін атқара алатынын түсінеді және көшбасшылық қасиеттерге ие болуды үйренеді.

  • Жауапкершілік. Әр команда мүшесінің өз жауапкершілік аймағы болғандықтан, өз міндеттерін орындамау команданың барлық жұмысына теріс әсер етуі мүмкін. Жұмыстың бағасы командалық болғандықтан, жұмыстың өз бөлігін жақсы жасау әр адамның мүддесі.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, PBL әдістемесін енгізгеннен кейін оқушылардың оқу процесіне қатысуы ұлғайып, сабаққа қатысуы артады. Мұғалім оқушыларға тек қана көмектеседі, тәлім мен кері байланыс береді, бұл ретте оқушылардың шешім қабылдау процесіне араласпау, олардың өздері қандай шешім дұрыс болатынын анықтауға ынталандырады, яғни білім беру процесіне жауапкершілік оқушылардың өзіне жүктеледі.
PBL әдісі қандай да бір қосымша құралдарды немесе техникалық жабдықтарды талап етпейді. Бірақ мұғалімнен ынта-ықыласты, шығармашылық көзқарасты, стандартты емес ойлауды және оқушыларға қатысты кеңесші- тәлімгер позициясын алуды талап етеді.
Нәтижесінде оқушылар нақты міндеттерді, өмір мен бизнестен алынған кейстерді шешуді үйренеді. PBL оқушыларға олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді және оқушыларға өзінің шынайы жобаларымен командада нақты жұмыс жасау туралы түсінік береді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнінің ерекшеліктері:

  • пәнді Қазақстанның кәсіпкерлігі тәжірибесі мен ерекшеліктерінің, даму тарихы мен қалыптасуының негіздеріне сүйене отырып, оқу пәнін құру;

  • өмірлік саналы ұстанымдарды және өз әрекеті бойынша жасаған таңдауына жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастыру үшін коучингтік тәсілдемелерді қолдану;

  • Қазақстандық және әлемдік нарық жағдайларындағы кадрлық үрдістер тұрғысынан талап етілетін ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

    • оқушылардың кәсіпкерлік пен бизнестің теориялық негіздерін қалыптастыру;

    • оқушылардың жеке қаржылық сауаттылықтың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі;

    • оқушыларда өз жетістіктері мен өмірлік ұстанымдарына қатысты жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

    • оқушыларда кәсіпкерлік ойлауды және өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре білу біліктілігін қалыптастыру;

    • бизнес-идеяларды ойлап табу дағдыларын қалыптастыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту;

    • бизнес-модельдеу дағдыларын дамыту және бизнестің өміршеңдігін арттыру мақсатында бәсекелестіктің құбылмалы жағдайларына бейімделе білу;

    • зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану.

Оқу пәнінің мазмұнындағы 10-сыныптың 4 бөлімі тоқсанға сәйкес бөлінген.
«Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік» атты 1-бөлім білім алушыларды «Кәсіпкерлік және бизнес» пәнімен, қажетті терминологиямен таныстырады, экономика және тұлға құзыреттілігі призмасы арқылы кәсіпкерлік мәнін қарастырады, кәсіпкерлікті бизнес терминінен ажыратуды үйретеді.
«Замануи жағдайлардағы кәсіпкерлік» атты 2-бөлім білім алушыларды кәсіпкерліктің әр түрлі формаларымен таныстырып, заманауи кәсіпкерлікте қандай инновациялар мен трендтер бар екенін және өз ісін ашу үшін қандай қадамдар жасау керектігін біледі, стартап ұғымдарымен, бизнес-модельдерімен және стартап идеологиясымен танысады. Бұл бөлімде білім алушылар бәсекелестіктің не екенін және бәсекелестік стратегияларының түрлерін, баға қалыптастыру құрылымын сипаттауды, баға саясатының мәнін түсінуді және баға стратегияларын ажыратуды үйренеді.
«Әрекеттегі маркетинг» атты 3-бөлім FMCG секторының нақты жұмыс істеп тұрған отандық тауар өндірушілері негізінде тауарларды жылжыту маркетингін зерделеуді қарастырады. Оқушылардың біріккен топтары нақты өндірушіні және оның ұсынатын өнімдері ішінен біреуін таңдайды. Алынған білім мен дағдыларды қолдана отырып, оқушылар жаңа тауарларды игеру немесе көлемін арттыру мақсатында өнімді баламалы жылжыту бойынша креативті идеяларды қалыптастырады.
«Ойлау дизайны» атты 4-бөлім бизнес-шешімдерді іздеуге клиентке бағытталған дизайн-ойлау сияқты тәсілдің ерекшеліктерін қарастырады. Тоқсанның басында мұғалім ұсынған тізімнен бизнес-мәселені таңдап, оқушы дизайн-ойлау әдіснамасын: эмпатияны, талдау мен синтезді, идеяларды ойлап табуды, прототип жасау мен тестілеуді қолдана отырып бүкіл тоқсан бойы жұмыс жасайды. Оқушылар өндірушілермен өзара іс-әрекет жасауда және жобалау жұмыстарын орындауда нақты тәжірибе алады. Өндіруші үшін бұл тиімді, себебі көктемнің үш айында компаниясы туралы ақпараттың жариялануы және өнімдерінің бүкіл Қазақстан бойынша тегін жарнамалануына мүмкіндік алады. Ал мемлекет экономикасы үшін – бұл отандық өндірушіні қолдау.
Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні басқа бағыттарға басымдықтар бере отырып, оқыту процесіне арналған әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Академиялық білімнің орнына практикалық дағдыларды алуға үлкен назар аударылады, бұл оқушылармен өзара іс-әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін көрсетеді. Оқыту процесінің өзі Life-long learning (өмір бойы үздіксіз оқыту) тұжырымдамасына жауап беретін тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін қалыптастыра алатын табиғи және үздіксіз құбылыс болып табылады.
Оқу пәнінің 11-сыныптағы білім мазмұны 4 бөлімді құрайды:
«Стартап акселератор-1» және «Стартап акселератор-2» атты алғашқы екі бөлімі бизнес-моделдеумен таныстырады, сондай-ақ стартап жобаның құрылуы кезінде қажетті болатын әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Білім алушы белгілі бір білімдерге ие бола отырып, өз бизнес-идеясын қалыптастырады
және оны бизнес-акселератор принципі бойынша нақты бизнеске айналдыру үшін қажетті құралдарды меңгереді.
«Кәсіпкердің өзін-өзі жетілдіруі» атты 3-бөлімі оқушыларда қаржылық сауаттылық негіздерін қалыптастыратын әлеуметтік дағдыларды дамытуды жалғастырып, отбасының жеке қаржылық жоспарын тиімді үйлестіре білу жолдарын үйретеді, банк жүйесімен және халықаралық нарықпен таныстырады. Бөлімнің негізгі ерекшелігі — оқушылар демо-шотты пайдалана отырып, Қазақстанның қор биржасының (KASE) нақты мәліметтері негізінде ойын платформасы арқылы инвестициялау дағдыларын меңгереді. Сол арқылы талдай білу қабілеті артып, оқиғалардың мәнін, олардың экономикалық көрсеткіштерге ықпалын түсінеді.
«Даму стратегиясы» атты 4-бөлімі білім алушылардың назарын нарықтың даму болжамдарына аударады. Мақсат қою дағдыларын, бизнестің ауқымымен, халықаралық бизнеспен, жеке стратегиямен танысуды үйретеді. Қазақстан өнімінің халықаралық нарықтарға шығу стратегиясының жеке пайымын қалыптастырады. Бұл бөлім тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекет және қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын шаралар кешенімен таныстырады.
10-11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әр бағыт бойынша аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Тоқсандағы бөлімдер бойынша және бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында
«есептелді» («есептелген жоқ») қойылады.
10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша сынақ қою талаптары «Дене шынықтыру», «Музыка», «Көркем еңбек», «Өзін- өзі тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша сынақ қою талаптары әдістемелік ұсынымдарында келтірілген. Әдістемелік ұсыныстар www.nao.kz сайтта қолжетімді.



«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні әртүрлі мамандық дипломы бар мұғалімдер бере алатындай жасалған, бірақ берілген пәнді оқыту үшін «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ұйымдастырған арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қатысты сертификаты бар болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет