Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің


-параграф. Эссе жазу тәртібі



бет9/13
Дата27.01.2023
өлшемі318,5 Kb.
#166632
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Правила 83 каз 1672405580.8936865

2-параграф. Эссе жазу тәртібі

127. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы міндетті аттестаттау кезінде эссе жазады. Жалпы уақыт – 60 минут. Сөз саны – 250-300 сөз. Эссе тақырыбын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Жазылған эссе мұғалімнің/басшының жеке кабинетінде тиісті сілтеме бойынша немесе мұғалімнің профилінде көрсетіледі.


128. Жазылған эссе педагогтің/басшының жеке кабинетіне жіберіледі немесе ақпараттық жүйеде көрсетіледі.
129. Жазбаша эссе біліктілік санатын беруден бас тартуға негіз болып табылмайды.
5-тарау. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі

130. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларын, басшысының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін аттестаттауды өткізуге дайындықты білім беру ұйымдарында жауапты орындаушылар, аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:


ақпараттық жүйе болмаған кезде:
1) осы Қағидаларға 21 және 22-қосымшаларда белгіленген өлшемшарттарды орындау бойынша растайтын құжаттарды, жұмыс тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, ПББ өткендігі туралы сертификатты қамтитын құжаттарды дайындау. Көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы (әдістемелік кабинет (орталық) басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады;
2) аттестаттауды өткізу кестелерін бекіту.
ақпараттық жүйеде:
1) аттестатталушының бейінін қарау және осы Қағидаларға 21 және 22-қосымшаларда белгіленген өлшемшарттарды орындау бойынша балл қою;
2) аттестатталушы профилінде аттестаттауды өткізу кестесінің бекіту және жүктеу.
131. Тиісті деңгейдегі аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі жыл сайын 1 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) аттестатталатын басшылары мен басшылар орынбасарларының, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің алдағы қаржы жылына арналған тізімін айқындайды, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі немесе ақпараттық жүйеге жүктеледі.
132. Аттестаттаушы органның басшысы органның персоналды басқару қызметінің ұсынуы бойынша жыл сайын бұйрық шығарады, онда аттестаттауды өткізу кестесі мен тиісті деңгейдегі Комиссияның құрамы бекітіледі.
133. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі аттестатталушыларды аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жыл сайын жазбаша хабардар етеді. Жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйеде көрсетілген құжаттар басшының профилінде қаралады.
134. Біліктілік бағалауы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі, облыстың (облыстық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін), республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармалары органдарында, тиісті саладағы уәкілетті органда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) өткізіледі (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдаланғанда алынып тасталады).
135. Біліктілік бағалауы аттестатталушылар ұсынған құжаттардың: жеке басын куәландыратын құжаттың, білімі туралы дипломның, білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген, кемінде 72 сағат «Білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша курстардан өткені туралы құжаттың, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелеріне сәйкестігін қарауды қамтиды. Жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйеде көрсетілген құжаттар басшының профилінде қаралады.
136. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшы орынбасарларының, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, тиісті деңгейдегі аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі құжаттарды қабылдамайды және дәлелді бас тартуды ұсынады.
Жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйе кезінде басшының профилі сәйкес келмеген жағдайда дәлелді бас тарту ақпараттық жүйеде басшының профиліне түседі.
137. «Басшы», «басшының орынбасары», «әдіскер» біліктілік санаттары лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет