Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет36/181
Дата14.09.2023
өлшемі3,39 Mb.
#181011
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ (1)

Көзі көрмейтін балалар 
Көзі көрмейтін баланың қоршаған ортаны 
қабылдауы да шектеледі. Бұл, әрине, 
баланың даму қарқынына да өз әсерін 
тигізеді: көрнекі-бейнелі ойлау білу, 
кеңістіктік ойлау, кеңістікте бағдарлану, 
ірі және ұсақ моториканың дамуы 
нашарлай түседі. Бұл оқуда, жазуда, 
сөйлеуде қиындықтардың пайда болуына 
себеп болады.
Көру қабілетінің зақымдалуы қосалқы 
функциялардың ауытқуына алып келеді 
(көру өрісінің, көз жітілігінің тарылуы 
және т.б.). Бұл психикалық процестердің 
(сезу, қабылдау, елестеу және т.б.) 
дамуына кері әсерін тигізеді.
Мектепте көзі көрмейтін балаларға білім беру 
зақымдалған және жеткілікті түрде дамымаған 
функцияларды 
қалпына 
келтіруге 
және 
түзетуге 
бағытталған 
тапсырмаларды 
пайдалану есебінде іске асуы тиіс.
Білім алушыны пәндік-кеңістіктік және оқу 
ортасында 
бағдарлаудың 
әдіс-тәсілдерін 
меңгеруге үйрету қажет: 

жұмыс 
орнында 
отыру, 
оқулықпен, 
дәптермен, құралмен жұмыс істеу (қажетті 
парақты, жолды, әріпті таба білу);
- оқу құралдарын партада дұрыс орналастыра 
білу; қарым-қатынасқа түсу үшін ауызша 
формаларды пайдалану; 
- білім алушыларға мектеп құралдарын іздеуде 
педагогтен, сыныптастарынан көмек сұрай 
білуін үйрету. 
Көзі нашар көретін балалар 
Бұл балаларға көру қабілеті нашар 
балалар 
жатады. 
Олардың 
көбін 
амблиопия және қылилығы бар балалар 
құрайды.
Көру қабілеті зақымдалған балалардың 
қарқыны баяу келеді, көру қабілеті тез 
шаршайды, сол себепті көзге көп жүк 
түсірмей, 
демалдырып 
тұру 
қажет 
болады.
Бұл топтың білім алушыларына жалпы 
және көру жұмыс қабілетінің төмендігі, 
пәндік-практикалық 
іс-әрекеттерді 
қалыптастырудың 
баяулығы, 
өлшеу 
дағлыларын меңгеруде қиындықтардың 
туындауы тән.
Баланың көру қабілеті жөнінде офтальмолог 
дәрігердің 
қорытындысымен 
танысқан 
маңызды. Егер білім алушы үнемі көзілдірік 
тағып жүруі керек болса, оның бұл талаптарды 
орындауын қатаң қадағалау қажет. Баламен 
қарым-қатынасқа түскен кезде жарыққа қарсы 
тұру керек. Тапсырмаларды орындауға көбірек 
уақыт беру керек. 
Көрнекі және үлестірмелі материалдың үлкен 
болғаны жөн және түсі, контуры және мүсіні 
бойынша танылуы маңызды.
Сабақ барысында әр баланы атымен атаған 
маңызды, себебі көру қабілеті зақымдалған 
бала қай білім алушының жауап беріп 
жатқандығын түсінуі тиіс. 
Тірек-қимыл 
аппараты 
зақымдалған 
балалар
өте көп және олардың зақымдары 
Ұсынылады:
- кедергісіз кеңістікті қамтамасыз ету; 


53 
әртүрлі келеді. Олардың бәріне тән ортақ 
сипат – қозғалыс функцияларының 
қалыптасуының тежелуі, дамымай қалуы, 
зақымдалуы немесе мүлдем тоқтауы. 
Балаларда тірек-қимыл аппаратының 
зақымдалуы туа біткен немесе жүре пайда 
болған 
ауруларға 
не 
зақымдарға 
байланысты туындауы мүмкін.
Қимыл-қозғалысының 
зақымдалуы 
неврологиялық сипатқа ие балаларға 
психологиялық-педагогикалық 
және 
логопедиялық қолдау, сонымен қатар 
әлеуметтік көмек қажет.
Қимыл-қозғалысының 
зақымдалуы 
ортопедиялық 
сипатқа 
ие 
балалар 
психологиялық қолдауды және жеке 
қозғалыс режимін сақтауды қажет етеді.
- демалу және сабақ өткізу үшін қажетті 
орындарды ұйымдастыру қажет; 

қозғалыс 
патологиясына 
байланысты 
санитариялық-тұрмыстық, 
әлеуметтік-
тұрмыстық шарттарды сақтау қажет.
Мектепте арнайы жабдықталған медициналық 
кабинеттің және емдік дене шынықтырумен 
айналысуға арналған жабдықталған залдың 
болғаны жөн.
Баланың сөзі мүлдем түсініксіз болса, 
бейвербал 
коммуникация 
технологиялары 
пайдаланылады (карточкалар, пәндер). 
Баланың практикалық іс-әрекеттері меңгеруіне 
қарай 
барлық 
іс-әрекетті 
толыққанды 
қолдаудан жеке әрекет етуге ойысу керек. 
Сондай-ақ көмектің түрін бейвербал амалдан 
(әрекет, зат, ым-ишара) сөйлеуге (кемшіліктер 
бар тұстарға нұсқау, іс-әрекеттерді бағалау, 
ынталандыру) ауыстыру қажет. 
Баламен сөйлесу кезінде онымен бір деңгейде, 
жанында отырып сөйлесу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет