Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет159/181
Дата12.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#149227
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)
2-күн сабақ жоспар, « ауіпсіз мектеп ортасы» республикалы акциясы орытындысы, 22 наурыз жоспар, Санның дәрежесі, 13-тақырып. Ашық экономика үшін is-lm моделі. Айырбас бағамының -melimde.com, 855db10a-6346-4065-af63-30dad2d3cee4, 5 сынып әдебиет 1-тоқсан, сегіз аяқ, !10-ОШ ТЖБ Геометрия 8-сын қаз, 7 сынып 19.09 алгебра, 5 сынып тест, 2деңгей тест, 5 сынып, сырты
міндетті 
және 
қосымша 
оқу
сабақтарын ажырату керек. 
Міндетті сабақтарға 
инвариантты компоненттің оқу пәндері бойынша 
сабақтар, сондай-ақ вариативті компоненттің сағаты есебінен білім 
алушылардың таңдауы бойынша сыныптарда іске асырылатын элективті курстар 
жатады. 
Элективті курстарды әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қойылатын 
талаптарды сақтау қажеттілігіне назар аударамыз. 
Қосымша оқу сабақтары қосымша білім беру бағдарламаларын іске 
асыруды көздейді және мынадай форматта өткізілуі мүмкін: 
- пәндік секциялар, үйірмелер,
- қызығушылықтар бойынша бірлестіктер (шығармашылық, спорттық, 
әлеуметтендіру және т. б. бағыттар),
- білім беру жобалары.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін 
бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады. 
Мамандандырылған білім беру ұйымы жекелеген пәндерді тереңдетіп зерделеуді 
көздейтіндіктен, қосымша ұпайларды қоса отырып, ТЖБ-да тексерілетін 
мақсаттар санын кеңейту мүмкіндігін көздеу қажет.
 
28. ШАҒЫН ЖӘНЕ ТІРЕК МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
«Шағын жинақты мектеп» (бұдан әрі – ШЖМ) – білім алушылар 
контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын 
ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп».
Шағын жинақты мектепте (бұдан әрі – ШЖМ) оқу-тәрбие процесі 
біріктірілген сыныптарда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып 
оқытуға сәйкес жүргізіледі. 
Шағын жинақты мектептегі білім беру процесі «Тиісті үлгідегі білім беру 
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 
бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. 
ШЖМ-дағы 2-11-сыныптардың толымдығына 3 және одан артық білім 
алушыға дейін рұқсат беріледі. 


279 
Әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 1, 2 жас айырмасын 
ескере отырып, екі немесе үш сыныпты біріктіруге жол беріледі.
Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі 
кестесі қолданылады. 
ШЖМ-да бірінші сынып пен бітіруші сыныптардың білім алушыларын 
біріктіріп оқытуға жол берілмейді. 
Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың 
ерекшеліктері 
Шағын жинақты мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарының 
оқу процесін ұйымдастыру 
ШЖМ-да 
мектепалды 
білім 
беру 
келесі 
кезеңдер 
бойынша 
ұйымдастырады:
Мектепалды сыныптардың педагогтері кәсіптік қызметті жүзеге асыруда 
Стандарттың талаптарын сақтай отырып, тәрбиелеу – білім беру процесін 
ұйымдастырудың нысандары мен тәсілдерін өздері таңдайды.
Мектепалды сыныптарының педагогтері өз қызметінде тиісті кәсіптік 
құзыреттерге ие болуы, өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және 
шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруі, оның ішінде кемінде бес жылда бір 
рет біліктілік санаты деңгейін арттыруы (растауы) тиіс.
Шағын жинақты мектептердің бастауыш сыныптарында оқу процесін 
ұйымдастыру: 
Шағын жинақты мектептердің бірінші сыныптарында оқу жүктемесін 
бірте-бірте арттыра отырып, оқу сабақтарының сатылы режимі қолданылады. 
Қыркүйекте үш сабақ отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық бес минуттан 
жоспарланады. Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған 
жаттығулар өткізіледі.
Бірінші сынып оқушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық каникул 
көзделеді.
Бірінші сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді. 
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді. 
Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары 
бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет