Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Windows операциялық жүйесінің негізгі элементтері



бет2/3
Дата03.07.2023
өлшемі26,2 Kb.
#179293
1   2   3
Windows операциялық жүйесінің негізгі элементтері

Windows-тың экраны Жұмыс тақтасы деп аталатын жүйелі объект. Жұмыс тақтасы – бұл Windows-тың объектілері және оны басқару элементтері бейнеленген графикалық орта. Кәдімгі жағдайда Жұмыс тақтадан бірнеше экран элементтерін және тапсырмалар тақтасын байқауға болады.



Белгілер – Windows объектілерінің графикалық бейнелері, тапсырмалар тақтасы – басқарудың негізгі элементтерінің бірі.
Windows-та командалардың көптеген бөлігін тышқанның көмегімен орындауға болады. Тышқанмен тышқан сілтемесі деп аталатын белсенді басқару элементі байланысқан (бағыттама белгісі).

Файлдық жүйенің объектілері: Файл және бума


Файл объектісі
Windows ортасында кез-келген файл, онда сақталынатын ақпараттың негізін көрсететін атауы бар объект ретінде қабылданады. Windows ортасында MS DOS ортасына қарағанда файлдың атауы ұзын бола алады және ол сандардан, қазақ, орыс, латын әріптерінен, әр-түрлі символдардан құрылуы мүмкін. Контексті менюді шақырып, «Свойства» командасын таңдап, файлдың жалпы қасиеттерімен танысуға болады.
Бума объектісі
Windows –тың файлдық жүйесінің келесі негізгі объектісі – бума. Windows бумасы, іс жүргізудегі құжат сақтайтын кәдімгі бума қызметін атқарады: ол құжаттарды ретімен сақтайды.
Бумаға, файлға сияқты атау беріледі. Буманың қасиетімен де файлдың қасиетімен сияқты контексті менюді шақырып «Свойства» командасын таңдап, танысуға болады.
Объектілердің белгілері және жарлықтары.
Белгі объектінің графикалық бейнесі болып табылады. Белгімен орындалатын мәселе, іс жүзінде объектімен орындалады.
Windows ортасында негізгі түсініктердің бірі – жарлық. Бұл сол жақ бұрышында қара бағыттамасы бар бейне.
Жарлық – бұл кез-келген бір объектінің сілтемесі, сол объектінің орнын көрсететін екінші бейне. Объект пен оның жарлығы әр түрлі жерде орналасады.
Жарлық өлшемі 1 КБайт файлда сақталынады. Оның жеңіл құрып, жоюға болады. Бұндай әрекет онымен байланысқан файлға ешқандай кедергі жасамайды.
Жарлықпен орындалатын әрекеттер, файлмен орындалатын әрекеттермен іспеттес (аналогичны).
Терезелер – графикалық интерфейстің объектілері.
Қолданушының жаңа графикалық интерфейсінің негігізін, жақсы ұйымдастырылған және ойластырылған терезелер және басқа графикалық объектілер жүйесі ұсынады.
Терезе – құжат, қосымша, мәліметтер бейнеленген, экран мониторындағы көмкерленген тіктөртбұрышты аймақ. Егер қолданушы тереземен жұмыс жасап отырса, ол терезе белсенді болып саналады.
Windows-тың жалпы тұжырымдамасы, жаңа қосымшаны қосқан кезде, бәрін жаңадан меңгермеу үшін, жұмыс тәсілдерін және элементтерін барынша қалыптаудан тұрады. Сондықтан терезелер структурасы барынша бірыңғайлатылған және қолданушы интерфейсі бірқалыпты.

Берілгендермен алмасу.


Жақын уақытқа дейін компьютер әлемінде берілгендер алмасуын, жедел жады және сырт құрылғылар арасында берілгендерді енгізу және шығару процесстері ретінде түсінген. Windows тұжырымдамасының пайда болғанынан бастап, берілгендер алмасуын берілгендердің бір объектілерден келесілерге өтуі ретінде түсіне бастады.
Мұндай объектілер – қосымшалар, бумалар, құжаттар, ал көшірілетін берілгендер – құжат үзінділері, құжаттар, файлдар, бумалар және т.б. болып табылады.
Сонымен, файлды немесе буманы көшіру нәтижесінде, олардың көшірмелері пайда болады, ал қосымшалар арасында берілгендермен алмасу нәтижесінде әртүрлі қосымшаларда қалыптасқан, үзінділерден жиналған құжаттар құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет