БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
25
сетілуіне; мазмұнында білім алушыны қызықтыратындай жаңалықтардың
болуына; сұрақтарының арасында жүйелі
байланыстың болуына; тапсырма
мәтіннен ғана емес иллюстрациядан тұруына назар аударылуы керек.
Математиканың тапсырма мәтінінде басқа пәндердегі немесе күнделікті нақты
өмірдегі жағдайлар баяндалуы, әртүрлі пәндік салалардың негізінде құрасты-
рылуы мүмкін. Бұл орайда білім алушыларға әртүрлі мәнмәтін беру маңызды.
Мәнмәтін негізіндегі тапсырма білім алушылардан есептеулер жүргізуді ғана
емес, сонымен қатар өз жауаптарын негіздеуді қажет етеді. Осы орайда білім
алушылар өз қадамдарын түсіндіру үшін дәлелдер келтіруі керек. Бұл өз алды-
на білім алушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Мәнмәтін негізіндегі тапсырманы орындау барысында білім алушыларда
берілген жағдайды талдау, түсіну және түсіндіру, шығару тәсілін таңдау дағды-
лары қалыптасады; білім алушылардың танымдық қызығушылығы артады, ма-
тематикалық, оқу, қаржылық, ақпараттық сауаттылығы дамиды.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұ-
мысты жетілдіру үшін PISA, PIRLS және т. б. халықаралық салыстырмалы зертте-
улердің материалдарымен, тест жинақтарымен және нәтижелерімен «Талдау»
АҚ сайтынан танысуға болады https://taldau.edu.kz/storage/app/media/PISA/%20
%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BF%20PISA-2022.pdf
«Информатика» оқу пәні бойынша білім алушылардың алған білімдерін әртүрлі
өмірлік жағдайларда қолдану қабілетін дамыту білім беру процесінің маңызды
мақсатын білдіреді. Білім алушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптасты-
ру білім беру әдістері мен стратегияларының кең спектрін қамтитын кешенді
тәсілді талап етеді:
•
оқу материалын информатика саласындағы нақты сценарийлер мен
жағдайларға біріктіру білім алушыларға ақпараттық технологиялардың күн-
делікті өмірде қолданылуын көруге мүмкіндік береді. Оған мобильді қосым-
шаларға арналған программалық қосымшаларды әзірлеу, медициналық
диагностикадағы
деректерді талдау, қоршаған ортаны басқару жүйелерін
құру және өнеркәсіптегі процестерді оңтайландыру;
•
практикалық жұмыстарды жүргізу информатика саласында дағдыларды
игеруге бағытталған. Мысалы, программалау, деректерді талдау, веб-сайт-
тар құру және басқа компьютерлік қосымшалар бойынша тапсырмаларды
орындау;
•
нақты жағдайларға байланысты компьютерлік мәселелер мен міндеттерді
шешу аналитикалық ойлауды дамытуға және алған білімдерін қолдануға
ықпал етеді. Мысалы, қауіпсіздік жүйелеріндегі ақпараттық процестерді тал-
дау, күнделікті өмірдегі киберқауіпсіздікке қатысты мәселелер, өндірістік
процестерді оңтайландыру алгоритмдерін әзірлеу және басқа да осыған
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы
26
ұқсас міндеттер;
•
информатикада оқытудың интерактивті әдістерін қолдану материалды
тиімдірек игеруге және алынған білімді қолдану дағдыларын дамытуға
ықпал етеді;
•
виртуалды ортадағы ақпараттық процестермен тәжірибе жасау білім алушы-
ларға денсаулық пен қоршаған ортаға қауіп төндірмей информатиканың
негізгі тұжырымдамаларын түсінуге, практикалық дағдыларын қалыптасты-
руға мүмкіндік береді. Мысалы, виртуалды зертханалық жұмыстарды жүр-
гізу, әзірлеудің мамандандырылған ортасында алгоритмдерді модельдеу
және программалау;
•
білім деңгейін бағалап қана қоймай, білім
алушыларды алған білімдерін
әртүрлі сценарийлерде талдауға және қолдануға ынталандыратын кері
байланыс беру информатикадағы білім беру процесінің негізгі аспектісі бо-
лып табылады. Мұндай кері байланыс тапсырмаларды орындаудың дұры-
стығын бағалауды ғана емес, сонымен қатар шешім әдістерін талдауды
және ақпараттық процестерді зерделеуде зерттеу тәсілін ынталандыруды
қамтуы мүмкін.
Мектептегі информатика бағдарламасында икемді дағдыларды дамыту оқыту
мақсаттары аясында жүзеге асырылады:
5.2.1.1 әртүрлі ақпарат түрлерінің
мысалдарын келтіру және ақпарат-
ты әртүрлі нысандарда ұсыну
ақпарат түрлерін тану және оларды мәтін, гра-
фика, аудио, видео және т. б. сияқты әр түрлі
формада
ұсыну дағдылары
8.4.1.1 әртүрлі электрондық
құрылғылардың адам ағзасына
әсері туралы мысалдар келтіріп,
қорғау әдістерін тиімді пайдалану
компьютерлік техникамен жұмыс істеу кезінде
қауіпсіз мінез-құлық дағдылары
6.4.2.2 «авторлық құқық» және «пла-
гиат» ұғымдарын түсіндіру
құндылықтар және академиялық адалдықтың
дағдылары
7.4.2.1
компьютерді зиянды бағдар-
ламалардан қорғау
жүйенің қауіпсіздігін сақтау үшін компьютерді
вирустардан қорғау және программалық қо-
сымшаларды жаңарту дағдылары
8.4.2.1 желідегі пайдаланушының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету ереже-
лерін сақтау (интернетте алаяқтық
пен агрессия)
кибералаяқтық
пен кибербуллингті қорғау
үшін онлайн ортада қауіпсіз мінез-құлық дағ-
дылары
10.1.2.1 «ақпараттық қауіпсіздігі»,
«құпиялылық» және «тұтастық» тер-
миндерінің мағынасын түсіндіру
ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты және зият-
керлік меншікті қорғау, деректердің тұтастығы
мен құпиялылығын қауіп-қатерден қорғау
дағдылары.
11.1.1.1 бұлтты технологияның не
екенін түсіндіру
бұлтты технологиялармен
жұмыс жасау дағды-
лары
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
27
11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мо-
бильдік қосымшасының интерфей-
сін құру
мобильдік қосымшалармен жұмыс жасау дағ-
дылары
11.4.2.1 Startup (стартап) түсінігін
баяндау
Достарыңызбен бөлісу: