Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



бет108/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу
жоспары бойынша

10-11 (ҚГБ, ЖМБ)

1

1

1

1

5-9 сыныптарда және 10-11-сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 2022 жылғы 26 қаңтардағы бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Дүниежүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарларымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.



    1. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертттеу жұмыстары

Жалпы орта білім беру деңгейінде үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін 10-11-сыныптарда қоғамдық-гуманитарлық бағытында (ҚГБ) оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша әр оқу тоқсанының соңында білім алушылардың зерттеу жұмысын өткізу қарастырылған.
Зерттеу жұмысын өткізу мақсаты: оқытылатын бөлім тақырыптарының жекелеген аспектілері бойынша теориялық материалды жинақтау, терең талдау және жүйелеу.
Зерттеу жұмысы барысында білім алушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кіші- зерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын білім алушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр тоқсан соңында білім алушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы қорытындысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарында оқитын білім алушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында зерттеу жұмысын беру қарастырылады.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады:

  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

  • білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

  • білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыру;

  • білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;

  • оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;

  • сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану. Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану ұсынылады. Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге негізделген оқытуды жүзеге

асыруға мүмкіндік туғызады.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.
Барлық білім алушыларды оқу тапсырмаларын орындау процесіне тарту үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды жүргізу ұсынылады. Тапсырмаларды нақты орындау үшін әр оқушы өзінің функцияларын, сондай-ақ қызмет нәтижелерін бағалау критерийлерін түсіндіруі керек. «Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар: http://www.world-history.ru; http://historic.ru; http://historyatlas.narod.ru; http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет