Пәнді оқытудың басты мақсаты – адамзат қоғамының өркендеуі үшін ғылыми жетістіктерді пайдалана алатын, ғылым негіздерін жүйелі меңгерген, ғылыми ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білетін, зерттеу және шығармашылық әдістерді игерген, жоғары деңгейдегі қарым-қатынастық қабілеттілігі дамыған тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін тілдің ақпараттық-танымдық, қатысымдық, кумилятивтік қызметтерін мәтін арқылы меңгерту, ғылым негіздері мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.
Пәндіоқытудыңміндеттері: тілдің функционалдық қасиеттерін меңгерту; тілдің танымдық қызметін әртүрлі жанрдағы мәтінде таныту; тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануға баулу; тілдің кумилятивтік қызметін мәтін арқылы негіздеу; танымдық мәтіндер арқылы ғылым негіздерін меңгерту; ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру; зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдана алу біліктілігін қалыптастыру; сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге жеткізу.
Оқупәнімұғалімдерініңәдістемелікбірлестігіндеқарастырылатынәдістемеліктақырыптар Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жасмамандармектебі,педагогикалықшеберлігінжетілдірумектебі,шығармашылықтопжәнет.б.)пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
Қашықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері;
Онлайн сабақтарды жоспарлау және бақылау.
Оқушылардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары;
Оқу мақсаттарымен жұмыс жасау тәсілдері;
Формативті бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары;
Білім беру мен білім алуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі;
Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері;
Қазақ әдебиеті сабағы арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау;
Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;
Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс - тәсілдері;
Әр сыныпта қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі пәндері арасындағы тақырыптық сабақтастықтың жүйеленуі;
Абайтану пәні бойынша Абай шығармаларының тілдік қабатын (лексикалық, образдық, танымдық мәнін) игерту.
27.7Пәндіоқытупроцесініңтәрбиелікәлеуетінарттыру Қазақ әдебиетін оқытуда ізгілендіру, адамгершілік-эстетикалық, мәдени- тарихи құндылықтарды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелігі мен үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты және пәнаралық, пәнішілік байланыс ұстанымдарды негізге алынады.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша
«Рухани жаңғыру» идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.