Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 1-сыныпқа



бет5/157
Дата31.08.2022
өлшемі1,59 Mb.
#148406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын 1-сыныпқа арналған Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарына мынадай өзгерістер енгізілді:

    • «Қазақ тілі», «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады;

    • «Орыс тілі» және «Шет тілі» пәндері алынып тасталды;

    • «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».




  • Ата-аналардың қаражаты есебінен оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін (бастауыш сыныптарға арналған жазуларды) сатып алуға жол берілмейді.

  • ОӘК бюджет қаражаты есебінен ғана сатып алынады.



Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар болған кезде жүзеге асырылады:

  1. қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тіліне;

  2. шет тіліне;

  3. цифрлық сауаттылық (1-сыныптан басқа) негізінде жүзеге асырылады.

Ескертпе: «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша 1-сыныпта сынып екі топқа бөлінбейді.
«Шет тілі» пәні 2022-2023 оқу жылы ҮОЖ сәйкес 2 сыныптарда оқытылады


Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да көп білім алушы болғанда:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы;

  2. шетел тілдері;

  3. көркем еңбек;

  4. информатика екіге бөлініп оқытылады.



Ескертпе:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде оқытпайтын барлық сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте жаратылыстану-математикалық бағыттағы 5-9-сыныптар мен 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің өзгеруімен топтарға бөлу сақталған.
Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс- шараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады.

Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы No


348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сынып 24 оқушымен толтырылған, немесе одан да көп кезде екі топқа бөлінеді:

  1. қазақ тілі мен әдебиеті – қазақ тілінде оқытатын сыныптарда;

  1. шет тілі;

  2. информатика.

Сыныпты екі топқа бөлуге жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болғанда барлық орыс тілінде оқытпайтын сыныптарда екіге бөлу қарастырылады.



  • 2022-23 оқу жылынан бастап сыныпты екі топқа бөлу қалалық және ауылдық мектептерде сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады (бұрын ауылдық мектептерде бөлу сыныпта білім алушылар саны 20 адам болған кезде жүзеге асырылған).

  • «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндер бойынша бөлу біріктірілген немесе дербес сыныптарда білім алушылардың әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып, 16 және одан да көп білім алушы болған жағдайда жүзеге асырылады.



2024-2025 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет