***
Мемлекет пен азаматтар
радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің
барлық түрлері мен бой
көрсетулеріне қарсы
біртұтас шеп
құруға тиіс.
Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Дінбасылар да ортақ алаңдаушылық білдіруде.
Біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол
бермеуіміз керек.
Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстанның
мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына қарама-қайшы.
Қазақстандағы экстремизм мен терроризмде идеялық емес, қылмыстық негіз бар. Жалған діни көпірмеліктің
артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жасырынып жатыр.
Бұл – біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа шабуыл. Бұл – біздің мемлекеттігіміз бен азаматтық
кемелдігіміздің мықтылығының сынға түсуі.
Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды
жетілдіруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет қайдан бой көтерсе де,
радикализм мен экстремизмнің жолын кесу керек.
Біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістер мен қақтығыстарды еңсерудің жаңа сенімді
механизмдерін жасауымыз керек. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетін
қатаң түрде тыйып отыру қажет.
Біз қоғамда, әсіресе, жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейтуіміз керек.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі беретін артықшылықтарды да пайдалануымыз
керек. Осы әңгімелесу алаңының базасында діни ыңғайдағы дауларды шешудің жаңа платформасын
жасауымыз қажет.
Біз діни және этностық дауларды шешу үшін аймақтағы ыстық нүктелерде, Үлкен Таяу Шығыс
аясында, тіпті одан да ауқымды деңгейде араағайындық жасауға дайын болуымыз керек.
Біздің мемлекетіміздің
зайырлы келбеті
– Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты.
Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар
айқын
түсінуге тиіс.
Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп,
Достарыңызбен бөлісу: