942 мектеп , сонымен қатар,
758 аурухана және өзге де денсаулық
сақтау нысандары салынды.
Біз әлемдік деңгейдегі
зияткерлік мектептер мен
кәсіптік-техникалық колледждер желісін
дамытудамыз.
Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны
182%-ға ұлғайды.
1993 жылы біз «Болашақ» атты бірегей бағдарлама қабылдадық, соның арқасында
8 мың талантты жас
әлемнің таңдаулы университеттерінде озық білім алды.
Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи ғылыми-зерттеу университеті
құрылды.
(5) ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР. Қазақстанның мұнай-газ кешені күллі экономиканың локомотиві болып
табылады және басқа салалардың дамуына ықпалын тигізеді.
Біз экономиканың заманауи, тиімді мұнай-газ және тау-кен өндіру саласын құруға тиіс едік.