Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизм.
Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың
мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де
осы.
Азаматтар мемлекетке
болашақ
бар болса,
даму үшін,
жеке және кәсіби тұрғыдан өсу
үшін
мүмкіндіктер
болса ғана сенім артады.
Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс.
Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа
қазақстандық патриотизмді
тәрбиелеуіміз керек. Бұл
ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.
Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге
прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек.
Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік
беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз.
Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты
оятады.
2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай
саяси жүйе құруымыз керек.
Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз
жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |