өз заманымыздың жаңа қаһармандарын көрсету және
жасауымыз керек.
(2) Интеллигенция менің пайымдауымдағы Қазақстан-2050 Жаңа саяси бағыты негізінде ел болашағының
ментальді, дүниетанымдық үлгісін жобалауда негізгі рөлді қолға ала алады және алуға тиіс.
(3) Біз
ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек.
Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс.
Бүгінде кез келген этносқа жататын немесе дінді ұстанатын қазақстандық –
өз елінің тең құқықты азаматы .
Қазақ халқы және мемлекеттік тіл даму үстіндегі қазақстандық азаматтық тұтастықтың
біріктіруші ұйытқысы болып келеді.
Біз:
«Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті
қоғам құрып жатырмыз.
Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз –