өз табиғи байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің
принципті маңызы
бар. Біз оларды сатудан қазынамызға
кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды,
ең бастысы,
еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді кіріктіруді үйренуіміз
керек.
Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция.
Адамзат
Үшінші индустриялық революция
табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді.
Технологиялық жаңалықтар
әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін
түбегейлі өзгертеді.
Біз
бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста
өмір сүріп жатырмыз.
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер
қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |