Дивиденд– акционерлік қоғамның балансында көрсетілген, пайдаға байланысты болатын акциялар бойынша төлемдер шамасы.
Дилер– өз атынан және өз есебінен тауарды қайта сатуды жүзеге асыратын делдалдық құрылым (заңды немесе жеке тұлға).
Дисконттау – пайыз нормасының белгілі бір мерзімі арқылы төленетін капиталды активтер табысының сомасын ағымдық баламасын есептеу.
Джоббер – дайын өнім қорлары бар, тауарлардың тасымалы мен сақталуын қамтамасыз ететін делдалдық сфера субъектісі.
Е
Еңбек биржасы – жұмыс күшін сату-сатып алу мақсатында жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы дедалдыққа мамандандырылған ұйым.