Ќазаќстан республикасыныњ



бет64/128
Дата20.06.2020
өлшемі1,98 Mb.
#74127
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128
Байланысты:
касипкерлик

Келіссөздердің тиімділік шарттары. Іскерлік келіссөздердің табыстылығының объективті және субъективті факторлары мен шарттары болады. Ең алдымен, келіссөз бойынша әріптестермен келесідей шарттар орындалуы қажет:

  • екі тараптың да келіссөз мазмұнына қызығушылығы болуы қажет;

  • олардың соңғы шешімді қабылдауда жеткілікті құзіреттіліктері болуы керек (келіссөздерді жүргізуге деген сәйкес құқығы);

  • әріптестердің келіссөз мазмұнына қатысты жеткілікті біліктіліктері, қажетті білімдері болуы керек;

  • екінші тараптың субъективті және объективті мүдделерін ұтымды түрде ескеру қабілеті болуы және ымыралыққа бару мүмкіндігі болуы керек;

  • келіссөздер бойынша әріптестер белгілі бір шамада бір – біріне сенімді болуы қажет.

Келіссөздердің тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір ережелерді ұстану қажет.

Негізгі ереже, екі тараптың да келіссөздердің нәтижесі оларға тиімді деген сенім қажет.

Келіссөздерде ең басты – ол серіктес. Оны ұсынысты қабылдауға сендіру керек.

Келіссөздер — бұл ынтымақтастық. Кез-келген ынтымақтастықтың жалпы базасы болуы қажет. Сондықтан да әріптестердің алуан түрлерінің мүдделері үшін «ортақ бөлгішті» табу керек.

Өзекті мәселелерсіз келіссөздер өте сирек түрде өтеді. Сондықтан да сіздің ымыралыққа жүгіну деген бейімділігіңіз маңызды.

Кез-келген келіссөздер диалог түрінде өтуі керек. Сондықтан да сұрақты дұрыс қойып әріптесті мұқият тыңдау қабілеті өте маңызды.

Келіссөздердің оң нәтижесін оның табиғи аяқталуы ретінде қарау керек. Сондықтан да қорытындыда әріптестердің барлық мүдделері сипатталған келісімшарт мазмұнына тоқталып өту қажет.

Келіссөздер аяқталған болып саналады, егер олардың нәтижелері мұқият тексерілсе және олардың негізінде сәйкес тұжырымдар жасалса.




    1. ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ КӘСІБИ ЭТИКА

Этика туралы түсінік алғаш рет Аристотель еңбектерінде кездеседі. Ол этика адамға не істеу керектігін тануға, не істеуге болатындығын анықтауға және неден бас тарту қажеттігін сезінуге көмектесетін ұғым ретінде түсіндіреді. Біз үшін этика – бұл ең алдымен білім саласы, ерекше ғылым, ол адамдық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді. Этиканы идеал және этиканы іс-әрекет ретінде бөліп қарастырады. Бұл жерде этиканың екі түрі де біздің қызығушылығымызды туғызғанымен, әсіресе кәсіби этиканың немесе кәсіпкер этикасы аясындағы мәселелеріне көңіл бөлінеді.

Кәсіпкерлік этика елде, әлемде, сонымен қатар қандай да бір қызмет аясында қалыптасатын кәсіби этикада байқалатын мінез-құлықтың жалпы этикалық нормалары мен ережелеріне негізделеді. Азаматтардың мінез-құлқының жалпыэтикалық нормаларына байланысты, кәсіпкерлік этика адалдық, адамгершілік, ар-ождан, абырой, мәрттік, сыпайылық, сыйластық, атаққұмарлық, намыс, арсыздық, екіжүзділік, табалаушылық, өсек, кек алу, арамдық, дөрекілік және т.б. түсініктермен үздіксіз байланысты. Көрініп тұрғандай, бір түсініктер адам мінез-құлқының оң (позитивті) қағидаларымен, ал екіншілері – теріс (негативті) қағидаларымен байланысты.

Кәсіби этиканың мазмұны мен мәні: 33 және 34-суреттерде келтірілген.





33-сурет. Кәсіби этиканың мазмұны мен мәні

Жеке кәсіпкерлер мінез-құлқының ерекше сипаттарын тізбектеу, кәсіпкерлік этиканың кешенді түсінігін сипаттайды. Ол қағидаларына, ескішілдікке, заңсыз, біліксіз бизнеске емес жалпыадами, жалпыізгілік, инновациялық, заңды кәсіпкерліктің жалпы қағидаларына негізделген.



Этика мәселелерін қозғай отырып, кәсіби этиканың бірнеше постулаттарын қарастырайық. Олардың негізінде кәсіпкердің этикалық кодексін анықтауға болады. Оларды келесідей түрлерге бөледі:

  • жалпы адами (әмбебап) этика;

  • кәсіби этика;

  • корпоративті және этиканың басқа да түрлері.

Әмбебап этика – бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына тәуелсіз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар.


34-сурет. Кәсіби этика ерекшеліктері
Кәсіби этика қызметтің белгілі бір түрлеріне тән нормалардың, стандарттардың, талаптардың жүйесі болып табылады. Кәсіби этиканың негізгі қағидалары:

  • бейтараптылық, объективтілік ;

  • турашылдық, толық дәлелдеу;

  • құпиялылық;

  • үлкен ұмтылыс (қамқорлық міндеттемесі);

  • кәсіби міндеттерді нақты орындау;

  • потенциалды немесе айқын кикілжіңдерді болдырмау.

Кәсіби этиканы зерттеу объектілеріне мыналар жатады:

  • еңбек ұжымдарының қатынасы;

  • қажетті деңгейде кәсіби борышын орындауға мүмкіндік беретін маманның адамгершілік қасиеттері;

  • кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу ерекшеліктері;

  • аталған кәсіби ұжым үшін ерекше болатын адамгершілік нормалар, оның ішіндегі өзара қатынастар.

Іскерлік этика келесідей ережелерге сүйенеді:

  • бәсеке әділетті болуы керек;

  • ең жоғары өнімділік пен табыс, қоршаған ортаны бұзу есебінен қамтамасыз етіле алмайды;

  • адам техникаға емес, техника адамға қызмет етеді;

  • еңбекпен құрылған игіліктерді, тұрғындардың белгілі бір санаттары бойынша ерекше бөлінуін болдырмайтындай етіп құру керек;

  • экономика қоғамдық мүдделермен санаса отырып, нақты моральды нормаларға бағынуы керек;

  • қызметкерлердің кәсіпорын істеріне қатысуы жауапкершілік сезімін дамытады, еңбектенуге деген қалауын күшейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет