Ќазаќстан республикасыныњ



бет57/131
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#127164
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131
Байланысты:
Ќазаќстан республикасыныњ
Ќазаќстан республикасыныњ, Д ріс №1 П нге кіріспе, Шыңғыс Алгоритм доклад
Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы:

  • біріншіден, табиғи жолмен жүзеге асырылады. Яғни, онда кәсіпорындар өткен және қазіргі тәжірибені ескере отырып, қойылған мақсаттарды қамтамасыз етуде нәтижеге әкелетін мәдени дәстүрлерді қолдайды;

  • екіншіден, мінез – құлықтың белгілі бір кешендерін енгізу жолымен қалыптасуы мүмкін.

Кәсіпкерлік мәдениет келесідей функцияларды атқарады:

  • коммуникативті – интегративті, ол әлеуметтік – экономикалық ортада төселуді және тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

  • консервативті – кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғырту есебінен, сыртқы қарама – қайшылықтарға төзімділік пен ішкі тұрақтылық күштерін құрайды;

  • инновациялық – өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді танытады;

  • трансляциялық – ол ақпаратты берумен айналысады;

  • мақсатты - құндылықтарды, үлгілерді қалыптастырады;

  • бағалаушы – іс - әрекеттерді бағалау әдістері мен көрсеткіштерін құрастырады.

Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы – құндылықтардың алуан түрлі типтері мен нысандарын сақтап қалу, ұдайы шығарып отыру және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету.

Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына келесілер әсер етеді:

  • жалпы адами құндылықтар (борыш, әділеттілікке деген ұмтылыс және т.б.), өмірдің мәні, адамның парызы туралы жалпы түсініктер;

  • елдегі өмір сүру бейнесінің ұлттық – мәдени және діни-мәдени стереотиптері (таптаурын);

  • мінез – құлық нормалары мен ережелері, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара әрекеттесу үлгілері;

  • еңбекке, байлыққа, жағдайға деген құндылық-мотивациялық қатынас (еңбек этикасы);

  • шаруашылық жүргізудің мәдени үлгілері;

  • елдің орналасу, ландшафтық, климаттық және оның жер көлемінің ерекшеліктері.

Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы ең алдымен, кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетімен, кәсіпкерлердің өздерінің мәдениетімен, іскерлік этика деңгейімен, іскерлік қатынастардың мәдениетімен қалыптасады. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті бірқатар сыртқы және ішкі факторлармен анықталады, олардың ішінде маңыздылары келесілер:

  • ұйым қызметкерлерінің өз назарларын сыртқы міндеттерге аударуы – ашықтылығы, тұтынушыларға анық және сапалы қызмет көрсетуі, тұтынушылармен жақсы, өзара қарым – қатынастарда болуы;

  • қызметкерлердің ұйым мүдделеріне берік болуы, ұйымның аралық және шекті мақсаттарға жетуі барысындағы олардың өз ролінің қаншалықты маңызды екендігі туралы ақпарат алуы;

  • ұйымда шешім қабылдау барысында шешімдерді қабылдаудың топтық нысандарының басым болуы;

  • ұйым қызметінің алдын-ала жоспарларға сай жүруі, жеке бір қызметкерлер мен қызметкерлер тобы арасындағы тығыз ынтымақтастық;

  • ұйымдағы инновациялық үрдістер, ұйымның инновациялармен қатар жүретін тәуекел деген құбылысқа дайын болуы.

Корпоративтік мәдениет кәсіпорын ерекшеліктерін көрсететін, ұйым мүшелерінің өзара пікір алмасулары, мінез – құлық, көңіл – күй сипаттары, қызмет жүргізудегі қарым – қатынастары мен механизмдер кешені ретінде анықталады.

Корпоративтік мәдениет өзара байланысты екі құрамдас бөлімнен тұрады. Бірінші, ұйым мүшелерінің сыртқы, яғни көзге көрінетін мәдени өлшемдер: киім кию өнері, арнаулы белгілер, ұйымдық салт – дәстүрлер, жұмыс жағдайының қолайлығы және т.б. Екінші, кәсіпорын қызметкерлерінің мінез – құлқын анықтайтын, реттейтін құндылықтар мен т.б. көрсеткіштерді қамтиды.

Корпоративтік мәдениет негізінен екі маңызды фактормен анықталады:


  • ұйым мүшелерінің кәсіпорынның негізгі құндылықтарын қабылдау дәрежесімен;

  • ұйым мүшелерінің осы құндылықтарға адалдығы дәрежесімен.

Корпоративтік мәдениеттің қажетті деңгейін ұстап тұрудың қиындығы жаңадан қабылданған қызметкерлер өздерімен бірге жаңа идеялар мен кәсіби міндеттерді шешудің жеке тәсілдерін ғана емес, өздерінің дербес құндылықтарын, көзқарастарын, сенімдерін алып келуінде. Қызметкерлердің жеке тұлғалық құндылықтары ұйым ішінде қалыптасқан мәдени құндылықтардың әсерімен ауытқуы мүмкін. Сондықтан, қызметкерлердің құндылықтары мен ұйым құндылықтарын мейлінше жақындату үшін ұйым басшылығы қызметкердің жеке басының құндылығы мен кәсіпорын құндылығының үйлесімділігін қалыптастыруға үнемі әсер етіп отыруы қажет.

Ұйымдық, корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерінің ерекшеліктер 13 – кестеде келтірілген.



Тәжрибеде ұйымдық, корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерін сәйкестендіру олардың араласуына алып келеді.

Кәсіпкерлік қызметте мәдениеттің басты элементі барлық қабылданған заңдарды ұстану болып табылады. Өз жұмысы барысында ұйым мемлекетпен, қоғаммен, жабдықтаушылар мен тұтынушылармен, өз қызметкерлерімен алуан түрлі қатынастарға түседі. Осы жағдайларда оған кәсіпкерлікке тікелей немесе жанама түрде әсер ететін қабылданған құқықтық актілерді, стандарттарды, ережелерді, нормаларды қатаң ұстану қажет.

Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы да бір маңызды элементі қабылданған міндеттер мен міндеттемелерді қатаң ұстану болып табылады. Кез – келген ұйымның заңнамалық актілерден, келісімшарттардан шығатын міндеттемелері бар. Оларды бұзу серіктестерге, жабдықтаушылар мен тұтынушыларға, ұйым қызметкерлеріне мүліктік және моральды зиян әкеледі.

Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы да бір маңызды элементі – бизнесті әділетті түрде жүргізу. Барлық дамыған әлемде адамдарға, бизнес жүйесіндегі әріптестерге, мемлекетке деген әділетті және таза қарым – қатынас – кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды белгісі болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің маңызды элементі кәсіпкерлермен жалпы этикалық нормаларды ұстану болып табылады. Ол нормалар кәсіби этикадан, бизнесті жүргізудің жалпыға бірдей ережелерінен, және кәсіпкерлердің өздерінің тәрбиелілігі мен мәдениеттілігінен тұрады.
13-кесте – Ұйымдық, корпоративті және кәсіпкерлік мәдениет түсініктерін салыстыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет