36
зерттеудің әдістемелері, көркем шығарма поэтикасы, стиль, жанр т.б.
мәселелер кеңірек қамтылып, олар контексте алынып талданады. Соның
нәтижесінде әдебиеттің басқа да пәндерін игеруге көмек беретін теориялық
ұғымдарды меңгереді.
Пәннің мақсаты
: Көркем әдебиеттің теориясын және эстетикалық
заңдылықтарын, көркем әдебиеттің туу, даму, ондағы көркемдік дәстүр
заңдылықтарын эстетика, психология, мәдениеттану ғылымдарының
жетістіктерімен бірлікте қарастыру. Әдебиеттанудың ғылым ретінде
қалыптасу кезеңдері, ғылыми мектептердің ерекшеліктері, өнер салалары мен
әдебиеттің дара сипаттары, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық
қасиеттері жайында мәлімет беру. Көркем шығарма табиғаты мен болмысы,
құрылымы, мазмұн мен пішін, көркем образ бен образдылық, бейнелеу
құралдары, көркем шығарма поэтикасы, әдеби тек пен түр, ағымдар мен
бағыттар, стильдер мен әдістер туралы, әдеби үрдіс т.б. мәселелерді
қарастырып, студенттерге толымды теориялық ұғымдар беру және оны
практикамен ұштастыру.
Міндеттері:
–
әдеби теориялық білімдерді толықтай меңгерту;
–
көркем шығарманы идеялық-тақырыптық тұрғыдан талдай білу;
–
көркем шығарманы көркемдік тұрғыдан талдай білу;
–
шығарманы комплексті талдауға үйрету;
–
көрем шығарманы жанрлық, образдық тұрғыдан талдай білу;
–
қаламгердің стильдік ерекшеліктерін тани білу;
–
көркем шығарманың поэтикасын зерттей білу;
–
ғылыми, әдеби-сын еңбектер жазуға дағдыландыру т.б.
Достарыңызбен бөлісу: