52
Жалаң етістіктер. Негізгі түбір етістіктер. Туынды түбір етістіктердің
семантикалық және морфологиялық құрылымы. Есімдерден етістік жасайтын
жұрнақтар:-ла, -лан, -лас, -лат, -а, -ай, -қар, -ар,-ал, -ық, -сы, -сын, -сыра, -
ырай, т.б. Етістік негізді етістіктер. Амалдың өту сипатын білдіретін
жұрнақтар: -ла, -қыла, -ғышта, -ымсыра, т.б. Амалдың субъектіге қатысын
білдіретін жұрнақтар: -ыс, -тыр, -қыз, -ыл, -ын,т.б.
Күрделі етістіктер, түрлері.
Күрделі етістіктің аналитикалық түрі.
Аналитикалық
форманттар
және
олардың
мағыналары.
Көмекші
етістіктердің (бол, ет, қыл, жазда, де, т.б.) қызметі.
Күрделі етістіктер, түрлері: күрделі құранды етістік, құрама күрделі
етістік, саралама (аналитикалық) етістер, суреттемелі етістіктер. Жетекші
етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы, байланысу жолдары. Көмекші
етістіктер және аналитикалық форма, толымды және толымсыз көмекші
етістіктер. Аналитикалық форманттар және олардың мағыналары. Көмекші
етістіктердің (бол, ет, қыл, жазда, де, т.б.) қызметі.
Рай категориясы, мағынасы, түрлері: ашық рай (индикатив), неғайбыл
рай (ирреальды), бұйрық рай (императив), қалау рай, шартты рай, олардың
мағыналық және формалық ерекшеліктері. Шақ категориясы, белгілері. Шақ
түрлері: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.
Етістіктің грамматикалық категориялары
. Етістердің түрлері:
негізгі етіс, ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс. Есімше, көсемше, есімдер
мен етістікке тән сипаттары, жұрнақтары, шаққа қатысы. мағыналық және
қолданыс ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Рай категориясы, мағынасы,
түрлері. Шақ категориясы, белгілері.
Етістіктің грамматикалық формасы. Қимыл атауы, мағынасы, жасалуы,
синтаксистік қызметі, зат есім мен сын есімге айналуы. Салт және сабақты
етістіктер. Сабақты етістіктің салтқа, салт етістіктің сабақтыға айналу
жолдары. Етіс категориясы, оған тән сипаттар. Етіс категориясының
грамматикалық форма тудыруға қатысы. Етістердің түрлері: негізгі етіс,
ортақ етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс. Болымды және болымсыздық
категориясы. Сипат категориясы. Есімше, оның есімдер мен етістікке тән
сипаттары, жұрнақтары, шаққа қатысы. Мағыналық және қолданылу
ерекшеліктері, синтаксистік қызметі. Есімшенің зерттелу тарихы. Көсемше,
оның жұрнақтары, шаққа қатысы, мағыналық және қолданыс ерекшеліктері,
синтаксистік қызметі. Көсемшенің зерттелу тарихы.
Достарыңызбен бөлісу: