Байланысты: Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)
Бизнес - жоспар – бұл бизнес – операцияларды, кәсіпорынның іс – әрекеттерін жүзеге асыру жоспары. Онда кәсіпорынның тауары, өндірісі, өнім өткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтер болады.
Бизнес – жоспарды жасап шығарудың мақсаты – нарық қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкес таяу және болашақтағы кезеңдерге кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау.
Бизнес – жоспардың міндеттері болып келесілер табылады:
кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзіді мақсаттарын қалыптастыру, оларға жетудің тактикалары мен стратегияларын анықтап алу;
кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, нарыққа бағытталуы мен нарықтағы оның орнын анықтау;
кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерін анықтау және ассортиментті таңдау;
өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау;
нарықты зерттеу, сатуды ынталандыру, баға белгілеу және т.б. бойынша маркетингтік шаралардың құрамын анықтау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, қолда бар қаржылық және материалдық ресурстарды, қойылған мақсаттарға жету мүмкіндіктерімен сәйкестендіру және т.б.
Бизнес – жоспар келесідей негізгі функцияларды атқарады, атап айтқанда:
кәсіпкер белгілі бір кезеңдегі қызметтің нақты нәтижелерін бағалай алатын құрал болып табылады;
болашақта бизнесті жүргізу тұжырымдамасын жасап шығару үшін қолданылуы мүмкін;
қаржылық ресурстарды иемдену құралы болып табылады;
кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру құралы ретінде сипатталады.
Осылайша, бизнес – жоспар кәсіпорын қызметінің мүмкіндіктерін талдауға және басымды мақсаттарды таңдауды негіздеуге, яғни оның қызмет етуінің стратегиясын айқындауға мүмкіндік береді.
Бизнес – жоспарлардың түрлері. Нарықтық жағдай мен құрастыру мақсатына қарай бизнес – жоспарлар әр түрлі болуы мүмкін:
бизнес – линиялары бойынша (өнім, жұмыстар, қызметтер, техникалық шешімдер);
жалпы кәсіпорын бойынша (жаңа немесе жұмыс істеп жатқан).
Бизнес – жоспар кәсіпорынның дамуына немесе оны қаржылық сауықтыруға бағытталуы мүмкін. Сонымен қатар, кәсіпорынның тұтастай қызметі немесе оның бір бөлемшесінің қызметі жоспарлануы да мүмкін.
БИЗНЕС – ЖОСПАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ МЕН ЖАСАП ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бизнес – жоспар келесідей ұсыныстарды ескере отырып дайындалуы керек: Ықшамдылығы – бизнес – жоспардың әрбір тарауы бойынша ең маңыздысының сипатталуы.
Баяндауда және түсінуде қол жетімділік – бизнес – жоспар адамдарға көпшілікке түсінікті болуы керек.
Белгілі бір стандарттарға сәйкестігі – бизнес – жоспар, оны оқитындар мен жүзеге асырушылар қабылдауы қажет және оны құру әдістемесі бойынша ыңғайлы болуы керек.
Бизнес – жоспар күрделі құжат ретінде, әсіресе оның құрамы үлкен мәнге ие. Бизнес – жоспардың тараулары кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтуы керек. Сыртқы пішіні бойынша бизнес – жоспарлар бір-бірінен ерекшелетіндігімен, олардың тарауларының құрамы, негізі тіпті өзгеріссіз қалады, ал нысаны бойынша ол қойылған міндеттің типіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
ЮНИДО халықаралық әдістемесіне сәйкес бизнес – жоспар үшін келесідей көрсеткіштер мен оған енетін ақпарат түрлері қажет: инвестициялық шығындар;
өнім өндіру және өткізу бағдарламасы;
қызметкерлердің орташа тізімдік саны;
өндірілген өнімнің жалпы көлеміне кеткен ағымдық шығындар:
материалды шығындар,
еңбекақыға жұмсалатын шығындар мен әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар,
құрал – жабдық пен көлік құралдарына қызмет көрсету мен жөндеу,
әкімшілік үстеме шығындар,
өнімді өткізу шығындары;
өнім түрлері бойынша жалпы шығындар құрылымы;
айналым капиталына қажеттіліктер;
қаржыландыру көздері – акционерлік капитал; несиелер және т.б.
Мұндай көрсеткіштер мен ақпарат түрлері инвестициялық жобаларды модельдеудің қабылданған жүйесінің кез – келгенін аясында қолдануға жарамды болып табылады.
Бизнес – жоспар құрылымы