Ќазаќстан республикасыныњ


-кесте – Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму үрдісіндегі инфрақұрылым институттарының қатысу матрицасы



бет81/102
Дата04.11.2022
өлшемі1,95 Mb.
#156625
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102
Байланысты:
Ќазаќстан республикасынын касипкерлик (3)

20-кесте – Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму үрдісіндегі инфрақұрылым институттарының қатысу матрицасы

Инфрақұрылым ұйымдары

Функциялары

Мемлекеттік қолдау мен көмек көрсету

Қаржылық қолдау

Ақпаратты-таладушылық қолдау

Білім беру аясындағы қолдау

Материалды-техникалық қолдау

Мемлекеттік басқару органдары

О

О

О

О

О

Халықаралық және шетелдік ұйымдар




У

У

У




Үкіметтік емес ұйымдар







У

У




Коммерциялық ұйымдар




У

У

У




Ескерту: О – жауапты тұлға, ол үрдістің өтуі мен шекті нәтижесі үшін жауап береді
У – үрдісті өткізуге қатысушы

20-кесте мәліметтеріне жүгінсек мемлекеттік басқару органдарына жоғарыда аталған бағыттар бойынша кәсіпкерлікке септігін тигізу саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру бойынша құқықтар мен құзіреттілік берілген. Мемлекет олардың сапалы түрде өтуі мен алынған нәтиже үшін жауапты болады.


Кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін барлық ұйымдардың қызметіне әсер ететін факторларға байланысты олардың өз артықшылықтары мен кемшліктері бар. Кәсіпкерлерге қатысты шешімдер қабылдаған жағдайда, біреулерге мотивация ретінде коммерциялық мақсат басым болса, ал басқа жағдайда басшылық тарапынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген мүдде көбірек әсер етуі мүмкін.
Мемлекеттік ұйымдар мен мемлекет бастамасымен құрылған ұйымдар

Кәсіпкерліктің дамуы үшін жауапты және саясатты жүзеге асыратын жоғары мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технология Министрлігі (ИТЖМ). Министрлік орталық атқарушы органға жатады және Үкімет пен ел Президентіне есеп береді. Мемлекеттік органдардың құзіреттерін тарату сызбасы 41-суретте келтірілген.







41-сурет. Кәсіпкерлікті қолдау аясындағы ұйымдар мен мемлекеттік органдардың құзіреттілік құрылымы
Ұйымдық құрылым ретінде ИЖТМ - не кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кіреді. Ол кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен нормативтік-құқықтық реттеу бағыттары бойынша функцияларды жүзеге асырады.
Департамент қызметін реттейтін құжаттарда көрсетілгендей, оның негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

  • кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

  • кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • инвестицияларды тарту бойынша шараларды жасап шығару;

  • Департамент құзіреттілігіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін қадағалау.

Аталған функциялардан басқа, Департамент сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуына бөгет жасайтын шенеуніктердің қарама-қайшы іс-әрекеттеріне деген кәсіпкерлердің өтініштерін қарастырып, олар бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруға міндетті.
Республикадағы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі Алматы мен Астана қалалары мен облыстары әкімдерінің Аппараты аясында жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін әкімшіліктер жанынан құрамына кәсіпкерлік Бөліміне кіретін кәсіпкерлік пен өнеркәсіп Департаменттері (Басқармалары) құрылған.
Облыстық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп Департаменті (Алматы мен Астана қалаларынікі сияқты) өз құзіреттілігі шегінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыра алады.
Қойылған міндетті жүзеге асыру үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша келесідей функциялар мен құқықтар берілген:

  • кәсіпкерлік аясындағы бірегей мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру;

  • мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қызметін қадағалау;

  • қоғамдық бірлестіктермен және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен өзара әрекеттесу;

  • белгіленген тәртіп бойынша хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды және тұлғалардың жеке ұсыныстарын қарастыру.

Кәсіпкерлік жүйесіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тұрғысындағы іс – әрекеттер, құрамында кәсіпкерлік мәселелерімен айналысуға міндетті экономика және бюджеттік жоспарлау Бөлімі мен экономика мен қаржы Бөлімі бар, республиканың аудандары мен қалалары әкімшілігінің Аппаратымен белгіленген территориялық атқарушы органдар болып табылады. Территориялық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттік саясатты тікелей жүзеге асыру және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарларды, бағдарламаларды жүзеге асыру функциялары жүктелген.
Осылайша, атқарушы мемлекеттік органдар мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара қарым-қатынастарын реттеу аясында үкімет тарапынан белгіленген кәсіпкерлік саясатты жүзеге асырудың негізгі субьектісі болып табылады.
Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды құру мен Үкімет тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында, жергілікті органдарда әкім Аппараттары жанынан кәсіпкерлік істері бойынша Комиссиясын құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» жүйесі жұмыс істеуде. Оның негізгі функцияларына мыналар кіреді:

  • шағын және орта бизнестің дамуына бөгет болатын мәселелерді зерттеу;

  • атқарушы органның жергілікті және теорриториялық органдары үшін ұсыныстарды жасап шығару.

Мұндай «кері байланыс» жүйесін ұйымдастыру үшін кәсіпкерлермен орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанынан кәсіпкерлер Кеңесі бар. Кеңестің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

  • кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған ұсыныстарды жасап шығару;

  • нарықтық экономиканың дамуын ынталандыратын жағдайларды қарастыру;

  • Қазақстан Республикасында жұмыс жасайтын іскерлік орталықтарды, кәсіпкерлік ассоциациялар мен одақтарды құру;

  • Кәсіпкерлік жұмыс аясындағы маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды дайындау.

Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған кәсіпкерлер Кеңесі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мен кәсіпкерлікті дамыту жолындағы кездесетін кедергілерді жүйелі түрде жою мақсатында Үкіметке және Парламентке, Президентке нақты ұсыныстарды дайындайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істер бойынша ассоциациялардан, кәсіпкерлерден түсетін ақпаратты өңдеу мен жинақтау жұмыстарымен де айналысады.
Кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында оларды материалды-техникалық және ақпаратты-талдаушылық, қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету бағыттары бойынша жұмыстар жүргізеді. Қолдаудың бұл түрлері жергілікті және территориялық деңгейлерде қабылданатын алуан түрлі бағдарламаларды жүзеге асырумен, сонымен қатар, мемлекеттік капиталдың қатысуымен құрылған арнайы ұйымдар көмегімен, мемлекеттік атқарушы органдармен іске асырылады.
Жоғарыда аталған функцияларды орындайтын ұйымдарға келесідей мемлекеттік компаниялар жатады (21-кесте):

21-кесте – Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының даму институттары



Құрылу мақсаты

Орталықтың негізгі функциялары

1. «Инжиниринг пен технологиялар трансферті орталығы» АҚ

Орталықтың негізгі мақсаты жаңа технологиялар трансфертін ұйымдастыру. Сонымен қатар республикадағы инновациялық қызметті белсендендіру жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторы салаларының бәсекеқабілеттілігін арттыру

  • инжинирингтік қызметтерді көрсету;

  • алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар, сонымен қатар басқа да инновациялық өнімдер трансферті және оларды Қазақстанға енгізу;

  • технологиялар трасферті кезінде кеңес берушілік, ақпараттық, заңдық және басқа да қызметтерді көрсету;

  • технологиялардың сыртқы және ішкі нарықтарының маркетингі және аталған аядағы дамудың әлемдік тенденцияларын талдау.

2. «Маркетингтік-талдаушылық зерттеулер орталығы» АҚ

Мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да Үкіметке ақпаратты-талдаушылық көмек көрсетеді

  • дамудың негізгі тенденцияларын анықтау мен әлемдік экономикадағы Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын анықтау мақсатында отандық және халықаралық нарықтарды, экономика салалары мен секторларын, алуан түрлі өндірістерді талдау;

  • болашақтағы бәсекеқабілеттілікке, жүзеге асырылуына және инвестициялық жобалардың пайдалылығына талдауды өткізу;

  • Қазақстан Республикасындағы іскерлік климат пен экономикалық конъюнктураны талдау.

3. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

Несиелерді ұсыну арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық қолдауды жүзеге асырады



  • шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жасап шығару мен жүзеге асыруға қатысу;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін мақсатты несиелеу;

  • екінші деңгейлі банктерден шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие алуы үшін кепілдер ұсыну;

  • несиелеу бағдарламаларына қатысу.

4. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ

Инвестицияларды тарту мен жобаларды қаржыландыру жолымен инновациялық кәсіпкерлік бастамаларды қаржылық қолдауды жүзеге асырады

  • инвестицияларды тарту мен инновациялық жобаларды қаржыландыру;

  • жоғары технологияны және ғылыми сыйымды өнімді өткізудің перспективті нарықтарына конъюнктуралық және маркетингтік зерттеулерді өткізу;

  • қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;

  • сыртқы нарықтарға отандық инновациялық өнімдерді жылжыту;

  • инновациялық жобалар бойынша мәліметтердің ақпараттық қор құру, перспективті жобалар туралы жеке инвесторларды ақпараттандыру;

  • технопарктерді, бизнес-инкубаторлар мен инновациялық инфрақұрылымның басқа да элементтерін құруға қатысу.

5. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ

Қазіргі және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын, шикізат пен материалдарды тереңдетілген өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қосымша инвестиция беру жолымен қаржылық қолдау

  • қазіргі және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданатын, шикізат пен материалдарды тереңдетілген өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың жарғылық капиталына қосымша инвестиция енгізу;

  • ҚР корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуын ынталандыру;

  • отандық және шетелдік кәсіпорындар арасындағы өндірістік кооперацияға септігін тигізу;

  • шетелдегі қазақтандық кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін артуына септігін тигізу.

6. «Қазақстанның даму банкі» АҚ

Қаржылық қолдау

  • мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыру;

  • өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;

  • ел экономикасына инвестицияларды тартуға септігін тигізу.

Кәсіпкерлікті құрылу мен дамыту сатысында материалдық-техникалық қолдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет