Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2015.22.04. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл талап жеке кәсіпкерлік субьектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
2) 118-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу кезі деп өтініш берілген кез, ал электрондық тіркеу кезінде - жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жөнелту арқылы тіркеуші органның құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растаған кезі танылады.»;
3) 152-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарымен және (немесе) тараптардың бірінің талап етуі бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн, оларға мәмiле нысаны, атап айтқанда, белгiлі бір нысандағы бланкiде жасау, мөрмен бекемдеу сәйкес келуге және осы талаптарды сақтамау салдары көзделуге тиiс.»;
4) 167-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған тұлғаның мөрі болуға тиіс болса, осы ұйымның мөрiмен бекемделедi.»;
5) 307-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кепiл туралы шартта кепiл нысанасы мен оны бағалау, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi немесе ең жоғары сомасы және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Сондай-ақ онда кепiлге қойылған мүлiк тараптардың қайсысында екендiгi және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс. Тараптардың келісуі бойынша кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасы болып табылатын жылжымалы мүліктің кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы болуы мүмкін.»;
6) 309-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шартта немесе заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда кепiл құқығы кепiлге қойылған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған бөлiнетiн жемiстерге, өнiмге және кірістерге, сондай-ақ кейіннен иемденген активтер мен ауыстырылған активтерге қолданылуы мүмкін.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 663-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салынған объектілерді заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда тапсырыс беруші қабылдауға тиіс.
Сапасыз салынған объектілер пайдалануға қабылданған жағдайда, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
2) 799-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) уәкiлеттi адамның қолтаңбасы және тауар қоймасының мөрi (ол болған кезде) көрсетiлуге тиiс.».
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
48-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес, корпоративтік дауға қатысушы тараптар әрбір нақты құжатты көрсетпей, іске қатысты құжаттарды бір-бірінен сұратуға құқылы.
Тараптар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құжаттарды бір-бірінен сұрата алмайды.».
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнының 9-тарауында:
92-баптың тақырыбы «пайдаланылмаған» деген сөзден кейін «және игерілмеген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 96-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«96-1-бап. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімі»;
2) 12-бапта:
20) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімі - осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіруді қамтамасыз ететін, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде тіркелген деректер жиынтығы;»;
3) 13-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу тәртібін айқындау;»;
4) 14-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) жерді резервте қалдыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
7-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;»;
16) тармақша алып тасталсын;
5) 14-1-бапта:
1-тармақта:
14-2), 14-3), 14-4), 14-5) және 14-6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
17) жылжымайтын мүлікке құқықтардымемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру жатады.»;
2-тармақта:
21), 22), 23), 24) және 25) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) орталық уәкілетті органға осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
27)жылжымайтын мүлікке құқықтардымемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беружатады.»;
6) 24-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алады.»;
7) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 3) тармақшасындағы «кезде талап етiлмейдi.» деген сөздер «кезде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы берілген кезде талап етілмейді.»;
8) 37-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жаңа мерзімге шарт жасасу кезінде жер учаскесіне құқық беру, осы Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 5) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, осы жер учаскесінің шекаралары өзгермейтін жағдайда осы Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.»;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;
шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейiнгі мерзімге беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін берілген жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын бір тұлғадан екінші тұлғаға беру негізінде жүргізіледі.
Бұл ретте уақытша жер пайдалану (жалдау) шартын облыстың уәкілетті органы жер қойнауын пайдалану келісімшартына қосымша келісімнің және уақытша жер пайдалану (жалдау) шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беру туралы шарттың негізінде жаңа жер қойнауын пайдаланушыға қайта ресімдейді.»;
9) 43-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 44, 44-1 және 45-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабына сәйкес сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi:»;
3-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, жер учаскесі орналасқан жер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінішті қараудан бас тартуды жазбаша түрде береді.»;
10) 44-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«жер учаскесініңбөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі) туралы мәліметтер;»;
11) 47-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесiн меншiкке беру туралы шешiм жер пайдаланушы жергiлiктi атқарушы органға жазбаша нысанда өтiнiш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылдануға тиiс.»;
12) 48-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына - шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері жиырма бес жылға дейiнгі мерзіммен жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Жергілікті атқарушы органның жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру туралы шешімі сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарты шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жасалады.»;
13) 49-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) жер учаскесін сұралып отырған нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
Достарыңызбен бөлісу: |