Курстың міндеттері: 1) Білім алушылардың қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруі;
2) студенттердің бойында философиялық рефлексияны, өзін-өзі сараптау және адамгершіліктік өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру;
3) ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру.
Пәннің құзыреттілік картасы: 1) философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;
2) нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
3) дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
4) дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
5) негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;