Пәннің құзыреттілік картасы: 1) философияның тарихи дамуы негізінде онтология мен метафизиканың негізгі мазмұнын сипаттау;
2) нақты дүниені философиялық зерделеудің ерекшелігін түсіндіру;
3) дүниеге көзқарасты табиғи және әлеуметтік әлемді философиялық зерделеу мен зерттеудің нәтижесі ретінде негіздеу;
4) дүниені танып-білудің ғылыми және философиялық әдістерін жіктеу;
5) негізгі дүниетанымдық ұғымдардың мағынасы мен рөлін адамның қазіргі әлемдегі жеке және әлеуметтік болмысының құндылықтары ретінде негіздеу;