Жұмбақты оқып, шешуін тап. Сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз
Күндіз қасыңнан қалмайды,
Түнде жаныңа бармайды.
Берілген сөздерден мақал құрап жаз.
1.Озар, ұстаздан, шәкір.
2.Көркі, сөздің, мақал.
3.Жан, жақсы, семірер, сөзге.
4.Бітпес, ертеңі, еріншектің.
О йлан, тап
10- сабақ. Бастауыш
Сурет бойынша әңгіме құра.Өз отбасың туралы әңгіме жаз.
Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? кімдер, не? нелер? кімі? несі?деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:Асқар дайындалды. Жел тұрды. Қаладан ағасы келді.
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Қар жауды. Күн суытты. Боран соқты. Аяз болды. Мұз қатты. Жануарлар жаурады
1.Өтірік өлеңді көшіріп жаз. Бастауышты тауып астын сыз.
Маса орап мойнына,
Қара шұбар жыланды.
Ту биені сойды да,
Қонақ етті құланды.
2.Мәтінді оқы әр сөйлемдегі бастауышты тап.
Таң бозарып атты. Торғайлар шырылдады.. Қаз, үйрек қаңқылдады. Олар көлде ерсілі- қарсылы жүзе бастады. Мал өріске шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |