Байланысты: Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
887-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органға осы қаулыны, нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулы шығарған, нұсқаманы ресімдеген судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күндік мерзiмде қарайды.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелердiң шешiлуiне мүдделi тұлғаларға олардың қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл ретте, мүдделi тұлғалардың дәлелсіз себептермен келмеуі тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болып табылмайды. Әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде әкiмшiлiк қамаққа алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде қабылданады.
5. Қаулының көшiрмесi өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге қолхатпен дереу тапсырылады. Аталған тұлғалар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл жөнінде iсте тиiстi жазба жүргізіледі.