Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


Дәріс №10 Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі



бет18/127
Дата27.04.2022
өлшемі0,84 Mb.
#141049
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127
Байланысты:
Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі

Дәріс №10 Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі


Негізгі сұрақтар:
1.Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік жаза тағайындаудың ерекшелігі
2.Тәрбиелік ықпал ету шаралары
3. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан босату
1. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік жаза тағайындаудың ерекшелігі
Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі.
Жазаның негізгі түрлері -әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері және ересек адамдардың әсері ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган (лауазымды тұлға) оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.
Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар:
-заңды түсіндіру;
-келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;
бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою.
Шаралардың бұл тізімі нақты анықталып, шектелген болып саналмайды. Өзге де тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны:
1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.
3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға әкімшілік жаза-әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан, ал созылмалы құқық бұзушылық үшін—оны анықтаған күннен бастап, үш айдан кешіктірмей тағайындалады. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулының орындалуынан кейін алты ай жаңа құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жазаға тартылмаған болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет