Қазақстан тарихы 1-нұсқа «Окс өркениеті»



бет4/13
Дата24.10.2023
өлшемі79,75 Kb.
#188027
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
аяуга

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН
СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
4-нұсқа
1.Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары бастау алды:
А) В.В.Радловтың Алтайдағы мұздықтарға айналған қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізумен
В) В.В.Бартольдтің Шу, Талас және Іле алқаптарындағы ескерткіштерді зерттеумен
С) К.Ақышев жетекшілігімен Іле археологиялық экспедициясы өз жұмысын бастаумен
D) Н.Н.Пантусовтың Жетісудағы үш қорғанға қазба жұмысын жүргізумен
Е) М.Қадырбаевтың ортағасырлық қалаларға қазба жұмыстарын жүргізумен
2. Кейбір ғалымдар оларды қыпшақтарға туыстас түркі тілдес халық деп есептейді:
А) оғыздарды
В) түргештерді
С) қимақтарды
D) қарлұқтарды
Е) ұйғырларды
3. «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» енгізуге қарсы Орта жүз қазақтарының көтерілісін басқарды:
А) Кенесары хан
В) Жоламан батыр
С) Ғұбайдулла сұлтан
D) Арынғазы хан
Е) Саржан сұлтан
4. 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым:
А) «Азат қырғыздар»
В) «Большевиктер одағы»
С) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»
D) «Қызыл коммуналар»
Е) «Жас жұмысшылар одағы»
5. 1883 жылдан шыға бастаған бірінші түркітілдес газет атауы:
А) «Терджиман»
В) «Дала уәлаяты»
С) «Туркестанские ведомости»
D) «Туркестан уәлаяты»
Е) «Улфат»
6. Ташкент үшін Қазақ хандығы мен Бұқара әмірлігі арасында тартыс басталды:
А) ХІV ғасырда
В)ХVІІ ғасырда
С)ХV ғасырда
D) ХVІ ғасырда
Е) ХІІІ ғасырда
7. 1991 жылы желтоқсанда Алматы кездесуінде қолжеткізілген маңызды мәселелердің бірі:
A) Қарабах мәселесі
B) Әлемдік лаңкестікпен күрес
C) Ядролық қаруға байланысты
D) Мемлекеттік шекараны межелеу және анықтау
E) Өзара кеден одағын құру
8.Моңғол империясының ұлыстары тәуелсіздіктерін жариялады:
А) Алтын Ордадағы аласапыран кезінде
В) Қарақорым құрылтайында
С) Құбылай ханның астананы Қарақорымнан Ханбалыққа көшіргеннен кейін
D) Шағатай ұлысы ыдырағанда
Е) Талас құрылтайында
9. 1995 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Президенттік қызметі 2000 жылға дейін ұзартылды:
А) Мәжіліс пен Сенат шешімімен
В) Жоғарғы Кеңестің шешімімен
С) Сайлау арқылы
D) Референдум нәтижесі бойынша
Е) Премьер министрдің шешімімен
10. Сақтардың мәдениеттерін орналасу аймағымен сәйкестендіріңіз:

1. Тағар мәдениеті

А. Солтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағы

2. Пазырық мәдениеті

Б. Тува, Шығыс Алтай және Солтүстік-Батыс Моңғолия аумағында

3. Ұйық мәдениеті

С.Оңтүстік Сібір даласы

4. Тасмола мәдениеті

Д. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда

А) 1-Д,2-С,3-Б,4-А


В) 1-С,2-А,3-Д,4-Б
С) 1-Б,2-С,3-А,4-Д
D) 1-С,2-Д,3-Б,4-А
Е) 1-Д,2-А,3-Б,4-С
11. ХХ ғ. 60-жылдары кабель, конденсатор зауыттары салынған қалалар:
А) Семей, Өскемен
В) Ақмола, Кентау
С) Текелі, Теміртау
D) Қостанай, Талдықорған
Е) Павлодар, Көкшетау
12. Тәуке хан билігінің соңына қарай Қазақ және Жоңғар хандықтарының арасындағы шекара болып белгіленген өзен:
А) Іле
В) Сырдария
С) Шу
D) Талас
Е) Балқаш
13. КСРО-да одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту мәселелері қарастырылған жылдар:
А) 1940 жылдардың екінші жартысы
В) 1950 жылдардың ортасы
С) 1930 жылдардың соңы
D) 1930 жылдардың ортасы
Е) 1940 жылдардың басы
14. 1924 жылы республика мәдени өміріндегі жаңалық:
А) Алматыда алғашқы жоғарғы оқу орны ашылды
В) Ә.Қашаубаев Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде ән шырқады
С) «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімшесі ашылды
D) Қазақтың алғашқы кәсіби театры ашылды
Е) Қазақ жазуын араб әрпінен латын әрпіне көшіру қаулысы шықты
15. . «.... Мен қазақ ішіне кеттім. Түркістанда Есім қасында үш ай тұрдым.Ол уақытта қазақтың ханы Тұрсын хан еді,ол Ташкентте тұратын еді,Түркістанға келді.Есім хан оларды көре барды,мені есік алдына қойып, ..... қайтып келіп, менің қолымнан жетектеп алып барды. Тұрсын ханға: «Бұл-Йадгар хан ұлы .... , еш уақытта бізге бұл жамағаттан кісі келіп,қонақ болған жоқ еді,бізден барғандар көп болар,бұл сіздің болсын» өзімен бірге Ташкентке алып кетті.Ташкентте Тұрсын хан қасында екі жыл тұрдым. Екі жылдан соң Есім хан,Тұрсын ханды өлтірді. Есім ханға : «Сізге екі ханнан пайда тиеме деп келіп едім, ісіңіз мұндай болды, енді рұқсат болса Имамқұлы хан қасына кетейін»,-деп едім.
«Жақсы айтасың солай қыл»,- деді ...».
Мәтінде сипатталған еңбектің авторын анықтаңыз:
А) Әбілғазы Бахадүр
В) Өтеміс қажы
С) Мұхаммед ХайдарДулати
D) Шах-Махмуд Шорас
Е) Қадырғали Қосымұлы Жалайыри


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет