Қазақстан тарихы 1-нұсқа «Окс өркениеті»


ҚЫРҒЫЗ (ҚАЗАҚ)АКСР-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ



бет2/30
Дата19.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#163281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
ҰБТ Қаз тарих 50-ннн — копия

ҚЫРҒЫЗ (ҚАЗАҚ)АКСР-НЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

1920 жылы көктемде Қазақстан автономиясының сипатын белгілейтін съезге дайындық жүргізілді. Қабылданған жоба большевиктердің бағдарламалық нұсқауларына сәйкес: бірпартиялық жүйе, Кеңестер билігі, пролетариат диктатурасын қолдады. Астанаға айналған Орынборда РКФСР үкіметінің арнаулы жарғысымен РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) құрылды. Сонымен қатар оның Орталық Атқару Комитеті (ОАК) мен үкіметі (ХКК) сайланды. 1920 жылы 26 тамызда Қазақ автономиясы-Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылды. 1920 жылы 4-қазанда ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілер құқықтарының декларациясын» қабылдады. ҚАКСРға Түркістан Республикасынан Адай және Маңғышылақ уездері берілді. Алайда қазақ ұлтының аумақтық бірігуі аяқталған жоқ. Джандосова З.А. Қазақстан тарихы. 10 сынып. Алматы: Мектеп, 2019. – 180 б.


11. Мәнмәтін бойынша 1920 жылы 26 тамызда болған тарихи оқиғаны анықтаңыз
A) Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылды
B) Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылды
C) Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті D) Қазақ АКСР астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді
E) Қазақ АКСР еңбекшілер құқықтарының декларациясы қабылданды
12. Мәнмәтін бойынша 1920 жылы 4 қазанда Қазақ АКСР-і Кеңестерінің Құрылтай съезі өткен қаланы анықтаңыз
A) Қызылорда
B) Семей
C) Ташкент
D) Верный
E) Орынбор
13. Мәнмәтін бойынша Қазақ АКСР-на Түркістан Республикасынан берілген уезд
A) Қостанай
B) Ақмола
C) Семей
D) Маңғышлақ
E) Баянауыл
14. Астаналардың хронологиялық ретін анықтаңыз 1. Қызылорда; 2. Алматы; 3. Орынбор; 4. Нұр-Сұлтан (Астана)
A) 1, 2, 3, 4
B) 4, 3, 1, 2
C) 3, 1, 2, 4
D) 2, 1, 4, 3
E) 2, 3, 4, 1
15. Мәнмәтін бойынша Қазақ АКСР-інің құрылуына қатысты дұрыс дәйектерді анықтаңыз І. Қазақ АКСР-на Түркістан Республикасынан Адай уезі берілді
ІІ. 1920 жылы қазақ ұлтының аумақтық бірігуі аяқталды
ІІІ.1920 жылы «Қырғыз (Қазақ) АКСР еңбекшілер құқықтарының декларациясы» қабылданды
IV. Қазақ АКСР-і Министрлер Кеңесі құрылды
A) ІІІ,IV
B) І,ІІІ
C) І,ІІ
D) ІІ,ІІІ
E) І,IV


8-нұсқа
1. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген сақтарға жақын мәдениет:
A) Ұйық
B) Тағар
C) Қарасұқ
D) Афанасьев
E) Пазырық
2. Ұлы жабғу атағын иеленген түркілердің көсемі:
A) Қапаған қаған
B) Сұлу қаған
C) Бумын қаған
D) Шегу қаған
E) Анағұй қаған
3. ХІІІ ғ. соңы-ХІVғ. басында Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосқан хан:
А) Өзбек
В) Берке
С) Тохты
D) Меңгу-Темір
Е) Ноғай
4. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган:
А) старшындар кеңесі
В) облыстық басқарма
С) округтік приказ
D) шекаралық комиссия
Е) аға сұлтан жиналысы
5. Қазақстан 162-ші мүшесі болып енген ұйым:
А) БҰҰ
В) ЕҚЫҰ
С) Дүниежүзілік сауда ұйымы
D) Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы
Е) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
6. Kіші жүз аумағының табиғи байлықтарын, этнографиясын зерттей жүріп «Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы» атты еңбектер жазған ғалым
A) П.И.Рычков
B) Г.Ф.Миллер
C) И.К.Кириллов
D) И.Г.Андреев
E) М.В.Ломоносов
7. 1929-1933 жылдары болған көтерілістер қарсы бағытталды
A) еңбек міндеткерлігіне
B) тыл жұмыстарына алуға
C) күштеп ұжымдастыруға
D) әскери коммунизмге
E) жаңа экономикалық саясатқа
8. 1959 жылы Теміртау қаласында еңбекшілердің баскөтеруінің негізгі себебі:
А) жоспарлы көрсеткіштердің көбеюі
В) колхоздар мен совхоздардың жойылуы
С) әлеуметтік жағдайдың төмендеуі
D) атом станциясының салынуы
Е) ұлтаралық қақтығыстардың өршуі
9.Авторларды шығармаларымен сәйкестендіріңіз:

1.Ш.Құдайбердіұлы

А. «Альбатрос», «Аққудың айырылуы»

2. С.Сейфуллин

Б. «Дала», «Күйші

3. І. Жансүгіров

С. «Әділ-Мәрия» «Нартай-Айсулу»

4.Б.Майлин

Д. «Жалбыр» пьеса
«Он бес үй»

А) 1-Д,2-С,3-Б,4-А
В) 1-С,2-Б,3-А,4-Д
С) 1-Б,2-С,3-Д,4-А
D) 1-С,2-А,3-Б,4-Д
Е) 1-Б,2-А,3-Д,4-С
10. «Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі, қоғам қайраткері, педагог, тарихшы. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу губерниясынан депутат болып сайланады. Думада Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағыт ұстанған ол бар өмірін туған халқының азаттығы үшін арнады, осы жолда құрбан болды».
Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз:
А) Б.Қаратаев
В) Т.Нұрекенов
С) А.Бірімжанов
D) С.Жантөрин
Е) М.Тынышбаев
Нұсқау: Сізге контекст негізіндегі ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет