ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
2 НҰСҚА
1. Археологтар 15 мыңға жуық заттар жинаған ежелгі адамдар тұрағы:
A) Шабаќты.
B) Қараүңгір.
C) Қарасу.
D) Қазанңап.
E) Батпақ.
2. Түрлі аурулар мен бақытсыздықтан сақтайтын қасиеті бар деген сеніммен денеге тағып жүретін ғажайып күші бар зат:
A) Білезік.
B) Сурет.
C) Алқа.
D) Таспиық.
E) Бойтұмар.
3. Андронов тайпаларының бас киімі:
A) Бөрік.
B) Құлақшын.
C) Сәлде.
D) Тақия.
E) Тымақ.
4. Ежелгі тайпаны басқарған адамның атауы:
A) Комбат.
B) Капитан.
C) Қария.
D) Командир.
E) Көсем.
5. Қаңлылар арасында кеңінен тараған:
A) Көсемге табыну.
B) Ата-баба аруағына табыну.
C) Отқа табыну.
D) Жылқыға табыну.
E) Күнге табыну.
6. Араб-қытай шапқыншылығы және ішкі қақтығыстар салдарынан Түркеш қағанаты әлсіреп,қай жылы біржолата құлады?
A) 756 жылы.
B) 795 жылы.
C) 780 жылы.
D) 850 жылы.
E) 940 жылы.
7. Алтын Орданы қай хан билеген тұста ісләм діні үстемдік алды?
A) Өзбекелі хан.
B) Отырар хан.
C) Өзбек хан.
D) Өтірік хан.
E) Орыс хан.
8. Мемлекетті орталықтандыру үшін ісләмді күшейткен Моғолстан ханы:
A) Есен бұға.
B) Қызыр-Қожа.
C) Мұхаммед.
D) Ілияс-Қожа.
E) Тоғылық-Темір.
9. ’’Жеті жарғы’’ заңы бойынша еркектер өлтірілсе, ол үшін төленетін «құн» мөлшері:
A) 3000 бас қой.
B) 2000 бас қой.
C) 1000 бас қой.
D) 5000 бас қой.
E) 4000 бас қой.
10. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қандай ұрыстарға қатысты?
A) Жайықты қоршауға, Кулагин қамалын алуға.
B) Сырдария аумағында.
C) Торғай далаларында.
D) Гагарьевскіні қоршауға, Троицк бекетін алуға.
E) Тобыл мен Есіл өзендері бойында.
11. 1858 ж. көктем, жазында қазақ, қырғыз шаруалары Оңтүстік Қазақстанда кімдерге қарсы көтеріліске шықты?
A) Бұхара хандығына қарсы.
B) Қоқан хандығына қарсы.
C) Хиуа хандығына қарсы.
D) Қытайға қарсы.
E) Хорезм хандығына қарсы.
12 XIX ғасырдың 30 жылдарында Ішкі Ордадағы. шаруалар көтерілісін басқарған жауынгер -ақын:
A) Жоламан.
B) Лаубай.
C) Махамбет.
D) Жанақ.
E) Исатай.
13. 1867-68 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буынын атаңыз.
A) Билер мен қазылар соты.
B) Облыстық сот.
C) Әскери сот.
D) Аудандық сот.
E) Уездік соты.
14. 1891ж. «Ережеге» сай Қазалы, Перовск, Шымкент, Алматы және Ташкент уездері кірген облыс.
A) Ферғана облысы.
B) Сырдария облысы.
C) Семей облысы.
D) Ақмола облысы.
E) Жетісу облысы.
15. Қырғыз жеріне сапары барысында алғаш рет Ш. Уәлиханов қағазға түсірген жыр.
A) «Манас».
B) «Ер Тарғын».
C) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу».
D) «Көрұлы».
E) «Он екі Мұқам» .
16. "Балқадиша", "Маңмаңгер", "Құлагер" әндерінің авторы:
A) Біржан сал.
B) Естай.
C) Балуан Шолақ.
D) Жаяу Мұса.
E) Ақан сері.
17. Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» жазылған алфавитті белгілеңіз:
A) Араб алфавиті.
B) Латын алфавиті.
C) Грек алфавиті.
D) Орыс алфавиті.
E) Қытай иероглифі.
18. Қазақстан халқының ұлттық құрамының өзгеруіне әсер еткен жағдай.
A) 1867-68 жж. «Ереже».
B) 1913-1917 жж. Еділ бойындағы ашаршылық.
C) Столыпиннің аграрлық реформасы.
D) 1861 ж. Ресейдегі «крепостнойлық құқықтың жойылуы».
E) 1905-1907 жж. революция.
19. Егер 1853 жылдан 1905 жылға дейін қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, 1906-1912 жылдар аралығында бұл сан қаншаға дейін өсті?
A) 40 млн. десятинаға дейін.
B) 14 млн. десятинаға дейін.
C) 10 млн. десятинаға дейін.
D) 17 млн. десятинаға дейін.
E) 25 млн. десятинаға дейін.
20. 1916 жылғы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілісте орыс шаруаларының ішінен көтерілістің Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі:
A) П.Аркадьев.
B) Е.Курев.
C) И.Долматов.
D) С.Вербицкая.
E) Д.Федосов.
21. 1919 жылғы 4 сәуірде қабылданған шешім:
A) Алаш Орданың іс-әрекетін тоқтату жөніндегі.
B) Алашордашыларды өлім жазасына кесу туралы.
C) Алашордашылармен келісім шарт жасасу.
D) Алашордашыларды ақтау жөнінде.
E) Алаш Орданы жою туралы.
22. XXғ. 20-шы жж. әйелдер мәселесіне байланысты кеңес өкіметінің шаралары:
A) Көп әйел алуды енгізу.
B) Әйелдерге білім алуға тыйым салу.
C) Әменгерлікті енгізу.
D) Қалың мал мөлшерін белгілеу.
E) Қалың малды алып тастау.
23. 1929 жылғы Қазақстандағы мал саны:
A) 40,5 миллион.
B) 42,7 миллион.
C) 29,9 миллион.
D) 35,3 миллион.
E) 30,5 миллион.
24. Қазақстанда бірінші болып ашылған жоғары оқу орны:
A) Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты.
B) Қазақ мемлекеттік университеті.
C) Қазақтың ауыл шаруашылық институты.
D) Алматы мемлекеттік медицина институты.
E) Қазақ педагогика институты.
25. 1942 ж. 1 қыркүйегінде Қазақстанда Қорғаныс комитеті құрылған қала:
A) Орал.
B) Петропавл.
C) Шымкент.
D) Гурьев (Атырау).
E) Ақтөбе.
26. 1949 жылдың көктемінде Алматыда ашылған автоматты станция астананы неше қаламен байланыстырды?
A) 45 B) 50 C) 60 D) 56 E) 36
27. ХХ ғ. 50 ж. ортасында шаруашылықтың басты саласы – мал шаруашылығына орны толмас зиян келтіру себебі.
A) Колхоздар мен совхоздарды ірілендіру кезінде.
B) Тың жерлерді игеру нәтижесі.
C) Ауыл шаруашылығы саласындағы үйлеспеушілікті жою кезінде.
D) Совнархоздарды ірілендіру нәтижесі.
E) Шаруашылық салаларын территориялық принциппен басқаруға көшу.
28. ХХ ғ. 80 ж. басында экономикалық салалардың дағдарысқа ұшырағандығының белгісі:
A) Инфляция және тауарға деген орасан зор зәрулік.
B) Маскүнемдік пен нашақорлық.
C) Ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі.
D) Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
E) Өндірістердің тоқтап қалуы.
29. Ќазаќстан Республикасыныњ туыныњ авторы
A) Ж. Мємбетов
B) Ш. Уалиханов
C) Х. Наурызбаев
D) Қ. Єлімбаев
E) Ш.Ниязбеков
30. Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың 1994 жылдың басында жасаған ұсынысы:
A) Егемен мемлекеттер Одағын құру.
B) Тәуелсіз мемлекеттер Одағын құру.
C) Ортаазиялық Одақ құру.
D) Мемлекеттердің Евразиялық Одағын құру.
E) Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру.
Достарыңызбен бөлісу: |