1. Берілген ақпараттардың «ақиқат» немесе «жалған» екенін анықтаңыз:
№
Ақпарат
Ақиқат
Жалған
1
Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті өзара ішкі тартыстар мен сыртқы қысымдардың әсерінен күйреуге ұшырап, оңтүстік, орталық және солтүстік ғұндар мемлекеті болып үшке бөлінеді
2
Б.з.б. 209 жылы ғұндар мен дунхулар арасындағы жайылым үшін талас Мөде мемлекеттік бірлестігінің нығая түсуіне септігін тигізді.
3
Б.з.б. 55 жылы Қазақстан жеріне бірінші қоныс аударуда ғұндарды Мөде басқарды.
2. Ғұндардың мекендеген жерлерін, 1 көршілес мемлекетін кескін картаға түсіріңіз.
3. Кілт сөздерді пайдалана отырып, «Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы» тақырыбында әңгіме құрастырыңыз.
(Ғұндар, б.з.б. ІІІ ғасырдың соңы, Мөде шаньюй, Солтүстік Монғолия «Ұлы Қытай қорғаны», «тыныштық пен бейбітшілік», Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ)
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын анықтайды
1
1-ақпараттың ақиқат/жалғандығын көрсетеді;
1
2-ақпараттың ақиқат/жалғандығын көрсетеді;
1
3-ақпараттың ақиқат/жалғандығын көрсетеді;
1
Картада тайпалық одақтардың орналасуын сипаттайды
2
ғұн тайпаларының орналасуын көрсетеді;
1
көршілес мемлекеттерді анықтайды;
1
Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын көрсетеді
3
Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер туралы жазады;
1
Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің сыртқы байланыстарын көрсетеді;
1
кілт сөздерді қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырады;
1
шағын әңгімеде тарихи фактілерді тиімді қолданады.
1
мемлекеттік бірлестіктің көрші елдермен қарым-қатынасын көрсетеді;