Терминологиялық сөздік:
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (—Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді.
Автономия - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.
Қазақ революциялық комитеті, Қазревком – Кеңес өкіметінің азамат соғысы жылдарында құрылған уақытша органы. Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаевкірді. Әр түрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті.
Сұрақтар:
ҚазАКСР қашан құрылды?
Автономияның бастапқы кездегі астанасы?
Қазақ АКСР – нің құрылуының себеп-салдары қандай болды?
Қазақ Кеңестік автономиясы құрылуының тарихи маңызы неде болды? Ойыңызды екі-үш нақты фактімен тұжырымдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |