5. Файл. Файл типтері
Сыртқы жадтың ( дискінің не дискеттің) атау берілген облысын файл не дискілік файл деп,дискіге жазылатын информацияны берілгендер файлы (БФ) деп атайды. БФ- ке мысал ретінде мынадай тізім алуға болады:
Шаймерденқызы Гулнар 1975 қазақ
Оралханұлы Ержан 1977 қазақ 3. Нұрғалиқызы Жәмила 1978 қазақ
(тізім кез келген n- жолдан тұруы мүмкін).
Тізімнің әр жолында бір адам жӛніндегі мәлімет берілген.
Ол сандық және мәтіндік болатын түрлі типті торт мәннен тұр. Мұндай мәліметті берілгендер файлының элементі деп атайды. Элемент жол не жазу деп те аталады; жол құрайтын мәндер ӛріс элементтері делінеді. Яғни,тізімнен тұратын берілгендер файлы - жолдар жиынтығы, әр жол- файлдың бір элементі. Берілген тізімде әр жол тӛрт ӛріс элементінен, ал файл үш элементтен және оларға сәйкес тӛрт бағаннан тұр. Ӛріс элементтері:
Нөмірі, Аты-жөні, Туған жылы, Ұлты (Nomer, Fam, Tjili, Ultі).
Мұндай құрылымға жаңа ӛрістерді қосу да мүмкін, мысалы, ―Үй адресі, телефон нӛмірі‖, т.б.
БФ дискіге әріптен басталатын 1-8 символдан тұруы мүмкін жеке атау арқылы тиелуі тиіс, атаудың проект атынан бӛлек болуы міндетті.
Ескерту.Кейде дискілік файл мен БФ- ті де файл деп атай береді.
Оларды сӛйлем құрылымына қарап ажырату қиын емес. БФ-пен жүргізілуі мүмкін жұмыстар:
Delphi- де берілгендер файлымен тізбекті ену тәсілі бойынша жұмыс істеуге болады.
Файл үш түрде сипатталуы мүмкін: типтік, мәтіндік және типсіз форматта. Сипаттау тәсілдері:
<атау>=File of <тип>; // типтік
<атау>=Text File; // мәтіндік
<атау>=File; //типсіз
Мұндағы <атау> - тип атауы, <тип> - Object Pascal-дың кез келген сәйкес типі. Мысалы, жоғарыда жазылған тізім үшін берілгендер типін мынадай түрлерде сипаттауға болады:
1) type st= record
nomer : char; fam:string[25]; tjli:integer;
ulti: string[6];
end;
var f1: file of st; v:st; //типтік немесе 2) var f2: Text File; // мәтіндік немесе 3) var f3:file; // типсіз
Кӛбінесе файлды типтік, кей жағдайларда мәтіндік етіп сипаттайды.
Файлға жазу, файлдан оқу операторларымен таныстыру алдында мынадай белгілеулер енгізейік:
Достарыңызбен бөлісу: |