«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы


Объектілік ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар



бет84/105
Дата09.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76246
түріЛекция
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105

1. Объектілік ұстанымға негізделген программалық жабдықтардың ерекшеліктері және оларға қойылатын талаптар


Объектіге бағдарланған программалау – бұл программалық жабдықты, қандай да болмасын кластың ӛкілі болып табылатын, объектілердің жиынтығы түрінде құратын программалау методологиясы.

Объектіге бағдарланған жобалау – бұл құрылатын ақпараттық жүйенің (немесе

программалық жабдықтың) барлық статикалық және динамикалық модельдерін объектілі декомпозициялау процесі мен модельдердің логикалық, физикалық тұрғыдан беру тәсілдері негізінде жобалау методологиясы.

Объектіге бағдарланған талдау – бұл жобаланатын жүйеге қойылатын талаптар, пәдік облыстағы анықталған кластар мен объектілер тұрғысынан қарастырылатын методология. Объектіге бағдарланған ұстанымның концептуалдық негіздеріне объектіге бағдарланған ұстанымның моделі жатады. Объектілік модельдеудің негізгі элементтері: абстаркциялау, инкапсуляция, модульділік және иерархия. Қосымша элементтері: типтелу, паралеллизм және тұрақтылық.

Абстракциялау – бұл қандай да болмасын объектіні, ӛзге объектілерден ажырататын белгілері, сипаттамалары және т.б. арқылы бӛліп алу, жалпы абстракциялау объектінің сыртқы ерекшеліктеріне негізделеді. Объектіге бағдарланған ұстанымда, берілген объектінің дұрыс абстракциялануы, жобалаудың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Инкапсуляция – бұл объектінің, ӛзінің ішкі элементерінің, бір бірінен ажыратылу процесі. Бұл процесс кезінде объектінің ішкі құрылымдары мен оқиғалары бір- бірінен дұрыс ажыратылады.

Инкапсуляция объектінің интерфейсін қорғау үшін қолданылады немесе объектілік ұстанымда класстың ресурстарын, тек оның ӛзінің ғана пайдалануын қолдайды. Абстракциялау мен инкапсуляция бірін бірі толықтырады.

Модульділік – бұл программалық жабдықтың декомпозициялану

кезінде ӛзара байланысқан, бірақ ӛте әлсіз байланысқан модульдерге бӛліну қасиеттері. Инкапсуляция мен модульділік қасиеттері абстракцияларды бір- бірінен ажыратады.

Иерархия – бұл жүйедегі абстракцияланудың бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын тағайындайды. Бұл күрделі жүйедегі класстардың құрылымы (иерархиясы). Мысалы, жай және кӛп қабылдаушылықты айтуға болады.

Типтелу – бұл абстракцияға байланысты класстарды бір бірінен ажырату үшін қойылатын шектеулер. Паралеллизм – бұл объектінің актив және пассив түрде болуын кӛрсетеді.

Тұрақтылық – бұл объектінің ӛмір сүру уақытын кӛрсетеді. Объектіге бағдарланған ұстанымның негізгі түсініктері: объект, класс. Объект класстың экземпляры тұрғысынан қарастырылады. Объектінің күйі, оқиғасы және жеке қасиеттері болады. Объектіге әсер етуді әдіс деп атайды. Класс қабылдаушылық пен инкапсуляция және полиморфизмді (абстракцияны) қанағаттандыратын құрылымдық жиынтық тип ретінде қабылданған.. Объектіге бағдарланған анализ бен жобалау әдістері модельдеу тілі мен модельдеу

процестерінің сипаттамаларынан тұрады. Модельдеу тілі жобаның сипаттамасын беру үшін қолданылатын нотация.

Нотация – бұл модельдерде қолданылатын графиктік объектілердің жиынтығы. Модельдеу тілінің синтаксисі де нотациямен анықталады.

Процесс – бұл жобаны құру кезінде жасалатын қадамдардың сипаттамалары. UML (Unified Modeling Language) – бұл 1980-1990 ж. қолданылып келген, объектіге бағдарланған анализ бен жобалаудың орнына келген әдіс болып табылады. UML алу үшін бірнеше авторлардың әдістерін біріктіруге тура келді: Boosh – авторы Гради Буч; OMT (object modeling technique) – авторы Джеймс Рамбо; OOSE (object oriented SoftWare engineering) – авторы Ивар Якобсон. UML тілінің негізгі мақсаттары мен мүмкіндіктері:



  • қолданушыға түсінікті болатын визуальды модельді құру;

  • модельдегі базалық концепциялардың кеңейтуге бейім болуы;

  • программалау тілдеріне, құру процессіне тәуелсіз болуы;

  • модельдеу тілінің формальды негізде болуын қамтамасыз етеді;

  • объектілік бағдарланған жабдықтар нарығына стимуляция жасайды;

  • практикалық тәжірибелердің ең жақсысын біріктіру және тарату;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет