Құжаттар терезесі. Оның кӛмегімен Rose моделінің элементтерін құжаттауға болады. Мысалы, әрбір әрекет етуші жеке тұлғаға қысқаша сипаттама жасауға болады. Құжаттар Rose ортасында құрылатын есеп беру сияқты енгізілетін болады.
Құралдар тақтасы. Rose кеңейтілген топтарға жылдам рұқсатты қамтамасыз етеді. Бұл ортада құралдар тақтасының екі типі бар: стандартты тақта және диаграмма тақтасы. Стандартты тақта әрқашан кӛрініп тұрады, оның баспалары кез келген диаграммамен жұмыс жасау үшін қолданылатын топтармен сәйкес келеді. Диаграмма тақтасы UML диаграммасының әрбір типі үшін қолданылады.
Барлық құралдар тақтасы қолданушымен ӛзгеруі немесе реттелуі мүмкін. Бұл үшін Tools > Options меню пунктін, одан кейін Toolbars қалтасын таңдаңыз.
Келесі түрде стандартты құралдар тақтасын(диаграмманың құралдар тақтасын) кӛрсетуге немесе жасыруға болады:
1.Tools > Options пунктін таңдаңыз.
2.Toolbars қалтасын таңдаңыз.
3.Кӛрінетін немесе кӛрінбейтін стандартты құралдар тақтасын жасау үшін Show Standard ToolBar (не Show Diagram ToolBar) тексеру ауыстырғышын белгілеңіз (не белгішені алыңыз).
Құралдар тақтасында баспаның ӛлшемін үлкейту үшін:
Кӛрсетілген панелге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
Жылжитын менюде Use Large Buttons (Үлкен баспаны қолдану) пунктін таңдаңыз.
Құралдар тақтасын реттеу үшін:
Кӛрсетілген панелге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
Customize (реттеу) пунктін таңдаңыз.
Баспаны қосу немесе ӛшіру үшін сәйкес келетін баспаны таңдап алыңыз,содан кейін Add(қосу) немесе Remove (ӛшіру) баспасын тышқанмен шертіңіз. 2.21-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |