«Қазақстан тарихы, жалпы білім беру пәндері және ақпараттық жүйелер» кафедрасы



бет59/105
Дата09.08.2020
өлшемі0,51 Mb.
#76246
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105

ЛЕКЦИЯ № 7




Тақырыбы: Ашық және жабық туынды кластар. Кластар және объектілер үшін кіру мүмкіндігінің ережелері. Абстракттық кластар және полиморфизм. Контейнерлік кластар. Полиморфизм түрлері және оны іске асыру. Параметрлік полиморфизм және нұсқалар. Функция нұсқалары. Кластар нұсқалары.

Лекция жоспары:



  1. Объекттер полиморфизмі

  2. Кеш байланысу механизмі

  3. Мұрагерлік механизмі



Лекция мазмұны


1. Объекттер полиморфизмі


Объектігі бағытталған программалауды қолдану барысында объекттердің полиморфизмі қамтамасыз етіледі. Бұл термин нені білдіреді?



Объекттердің полиморфизмі мынаны білдіреді: әртүрлі объекттерге жіберілген бір және сол бір хабарлама программаның орындалу этапында нақты қайсы объект осы хабарламаның қабылдаушысы болуына байланысты әртүрлі әрекеттердің орындалуына (әртүрлі тәсілдердің шақырылуы)әкелуі мүмкін.

Басқаша айтқанда: қасиеті, қызметі, ішкі құрылымы бойынша әртүрлі объекттер мағынасы бойынша бірдей(програмисттің кӛзқарасы тұрғысынан) әрекеттерді табиғаты мен ішкі құрылымына байланысты әртүрлі орындауы мүмкін.

Егер хабарламаны жіберу тәсілдің процедура сияқты шақырылуына алмастырылған болса(Си, Паскаль тілдерінде), онда полиморфизм мынаны білдіреді: тәсіл шақыруы сақталған программа кодының сол және тек сол бір бӛлігі кодтың орындалу кезінде қайсы класстың экземпляры әрекетті орындаушы боп табылуына байланысты әртүрлі тәсілдердің шақырылуына әкеледі.

Мысал.

Қазірше нақты бір тілдің синтаксисін қолданып жатпаймыз. Айталық, Р – объект кӛрсеткіші болсын. Р кӛрсеткіші програмаманың орындалу кезінде түрлі класстарға нұсқауы мүмкін. Айталық, ол параметр ретінде қайсыбір ррр процедураға берілсін. Хабарлама жіберу тілдің құралдарымен былайша жазылатын болсын P.Show; ppp процедурасы "паскалдік" стилде былайша сипатталсын

procedure ppp(P); begin

P.Show; end;



ppp процедурасын шақыру кезінде, Р ретінде түрлі класстардың кӛрсеткіші берілуі мүмкін. Полиморфизм әсері мынадан кӛрінеді: сол және сол бір код (P.Show) Show хабарламасына жауап ретінде процедура параметрі ретінде берілген Р кӛрсеткіші қайсы классты нұсқауына байланысты түрлі тәсілдің шақырылуына әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет