procedure TRunningString.Init(xx,yy: integer; ss:string); begin
x:=xx; y:=yy; s:=ss; end;
Паскаль тілі синтаксисінің ережесі тәсілдің реализациясын (орындалуын) сипаттау кезінде формальді параметрлер тізімін жазбауға рұқсат береді, себебі олар класс атауында келтірілген. Бірақ бұлай істеу керек емес! Программа оқылғанда түсінікті болуы үшін тәсіл реализациясында да формальді параметрлер тізімін келтірген дұрыс. Жазылған Init тәсілі нені білдіреді? Бұл мынаны білдіреді: TMyObject классының әрбір экземпляры инициализация бойынша әрекет ете алады, және формальді параметр ретінде берілген 2 бүтін сан және қатар инициализация жасалуын қалап отырған экземплярдың ӛрістеріне орналастырылады.
Алайда, біздің класстың әлі бірде-бір экземпляры жоқ, сондықтан біз сипатталған тәсілдерді шақыра алмаймыз. Программаға жүгірмелі қатардың экземплярын құру керектігін білдіру үшін айнымалыларды сипаттау бӛлімінде былай жазамыз: var RunningString:TRunningString;
Бұл экземплярды (айнымалыны) пайдаланып программа денесінде мысалы былай жазуға болады:
RunningString.Init(10,10,'Hello, world');
RunningString.Run;
......................
RunningString.Done;
Яғни, тәсілді шақыру үшін объект экземплярының атауынан кейін нүкте қойылып, тәсіл атауы нақты (фактический) параметрлер тізімімен бірге жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |