Таңқаларлық қарапайымдылық. Тіпті бастауыш бағдарламалаушы да VB-да кәсіби бағдарлама құрастыра алады.
Бағдарлама құрудың жылдамдылығы мен жеңілділігі. Кез – келген басқа тілге қарағанда, бұнда қуатты бағдарлама (ойындар, деректер қоры, желілік бағдарламалар) құру барысы әлдеқайда аз уақыт пен күш салуды талап етеді.
ActiveX технологиясы мен Windows API-ді қолданудың кӛмегімен, VB мүмкіндіктерінің шексіз кеңеюі.
Microsoft фирмасының күш салуына байланысты тілдің функционалдық мүмкіндіктерінің жетілдірілуінің үзілмеуі.
Java тілі – бұл ӛз тарихын белгілі C++ тілінен алатын, объектіге – бағытталған бағдарламалау тілі. Соңғыдан айырмашылығы Java түсіндіріп берілуші тіл болып табылады. Онда жазылған бағдарламалар желінің кез – келген жерінде жұмыс істей алады және орындалып жатқан платформаға тәуелді емес. Сонымен қатар тілден, С++ тілін пайдаланушы үшін күрделі ететін, бірақ қажет емес кӛптеген қасиеттері жойылған. Нәтижесінде Java тілі С++ тіліне қарағанда әлдеқайда қарапайым және шекті болып шықты.