Қазақстан тарихы және Әсп кафедрасы



Дата06.10.2022
өлшемі1,24 Mb.
#151898
Байланысты:
pptx 20220930 124046 0000
экономика слайд

Қарағанды медицина университеті
Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы
ОСӨЖ -1
Тақырыбы: Мәдениеттің қоғам өміріндегі атқаратын қызметтері
Қарағанды 2022
Орындаған: Туйакбаева Г.А.
Топ 2-001 СД
Тексерген: Әли М.Т.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгерщілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеі, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-ісі, философиялық жүйелері мен рәмізтаңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты- осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.
Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық тағыда басқа түрлерін атайды. Соның ішінде мәдениеттің негізгі қызметтері: адамды қалыптастыру қызметі, жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі, танымдық қызметі, реттеу қызметі, комуникатифтік, қарым-қатынастық қызметі.
Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл-мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын жәнә оның негізі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Мысалы Маугли-көркем беине. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негізгі шарттарырың бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар-салт-дәстүр,әдет-ғұрып,рәсім-рәміз , діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір ддеңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінде өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Мәдениеттің қоғамдағы қызметтері. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті». Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің арақатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның
Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алған-ды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла – шарғы үлгілерін көреміз. Айталық ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпарат жинаған жоқ. Солай болса да елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет