Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет2/2
Дата01.04.2017
өлшемі3,63 Mb.
#12831
1   2

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: 1920-1930 жылдарындағы Қазақстан. Ф. Голощекин «Кіші Қазан» идеясы

үстемдігі. Индустрияландыру.



6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Жаңа экономикалық саясаттың жүзеге асуы мен нәтижелері.

2. Қазақстанның аграрлы елден индустриялды елге айналуы.

3 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою.

ІІ. Сағат саны-2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға қоғамдық саяси өмірдің қазақ мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізгенін айтып өту.

тәрбиелік: республикадағы экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу төңірегіндегі ұлт қайраткерлерінің көзқарасы мен оқушының патриоттық сезімін ұштастыру.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15мин (16%)

1.Жаңа экономикалық саясаттың маңызы қандай?

2.Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы аштықтың себебі?

3. Жер- су реформасының жүргізілу себептері?

4. Қазақстандағы индустриялдандырудың ерекшеліктері.

5. Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың салдарынан қандай болды?

6.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда пайда болған өнеркәсіп орындары.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40мин(44 %)


    1. Тақырып жоспары:

1. Қазақ зиялыларының жаппай қуғын – сүргінге ұшырауы.

2. Қазақстанда еңбекпен түзеу лагерлерінің ашылуы.

3. Тоталитарлық жүйенің халыққа білім беру саласына тигізген әсері.

4. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою.

5. Қазақ мектептерінің ашылуы.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Кеңес өкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынадай жағдайға байланысты болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байланысты бас көтерулерді ұйымдастырушылар деп қазақ интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928 жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері, әртүрлі саладағы зиялылары және Алашорда қайраткерлері А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, X. Ғаббасов және т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды.

Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, тіпті, олардың ішінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан А.Айтиев, С.Арғыншиев, Т.Рысқұлов, Н.Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.

Жалпы сталиндік қуғын-сүргін көлемі әлі толық анықтала қойған жоқ. Кей деректерде 1937—1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22мыңы атылды десе, басқа деректер 1930—50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады.

Қазақстан картасында Қарлаг деген ерекше тәртіптегі Қарағанды еңбекпен түзеу лагері пайда болды. Тоталитарлық тәртіп туындатқан тағы бір

лагерь — Алжир деп аталды. Жаппай репрессияға ұшырағандардың отбасы да қуғындалды. Алжир лагерінде осы қуғынға ұшырағандардың әйелдері ұзақ жылдар бойы мерзімдерін өтеп отыруға мәжбүр болды. Кеңес үкіметі жүргізген қуғын-сүргін саясаты нәтижесінде осы қуғынға ұшырағандарды орналастырып, оларды бақылайтын басқару органы ГУЛАГ пайда болды.

Сонымен, қорыта айтқанда, 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл тәртіптің өте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937—1938 жылдардағы саяси репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай "үлкен террор" ұйымдастырылды.

20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И.В.Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты.Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді.

1924 жылы Қазақ АКСР-де «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1939 жылы қазақ халқының арасында сауаттылық 40 пайызға жетті.

Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды. 1928 жылы Алматыда тұңғыш педагокикалық институты ашылды, 1931-1932 жылдары Орал және Қызылорда пединституты, 1929 жылы Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институты, 1931 жылы Алматы медицина институты ашылды.

20- жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасауға С. Сейфуллин, С. Сәдуақасов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т. б. белсене қатысты.

Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке тұрғындарының сауатын ашу мәселесін көтерді. Әсіресе, ол үкіметтің 1929 жылы "Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы" қаулысынан кейін кең өрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулықтар мен оку құралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.

Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жұмыс істеді. Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. VI партия конференциясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса орындықтары жоқ, орындықтары болса оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартылды. 1935/36 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Қазақстанда ересектер арасында сауатсыздықты жою ұйымының құрылуы.

2. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің қалыптасуы.

4сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Ғылым, білім, әдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.

ІІ. Сағат саны – 2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға қоғамдық саяси өмірдің қазақ мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізгенін айтып өту.

тәрбиелік: республикадағы экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу төңірегіндегі ұлт қайраткерлерінің көзқарасы мен оқушының патриоттық сезімін ұштастыру.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж. ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті

ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15мин (16%)

1.«Сауатсыздықты жойылсын» қоғамының құрылу мақсаты.

2.ХХ ғ. 20- шы жылдары қазақша оқулықтар жасауда үлес қосқан қазақ зиялыларын ата.

3.ХХ ғасырдың 30- шы жылдарындағы қазақ мектептерінің жағдайы қандай болды?

4. Қазақстанда тұңғыш ашылған жоғарғы оқу орны.

5. Сталиннің қазақ зиялыларына қарсы қуғынды ұйымдастыру себебі.

6.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда пайда болған өнеркәсіп орындары.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40мин(44%)

Тақырып жоспары:

1. Қазақстанда ғылымның қалыптасуы.

2. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы.

3. Қазақ мәдениетінің дамуы.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы — санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды. Геология және биология ғылымдарының нәтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды.

20—30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М.Жұмабаевты замандастары өте жоғары бағалаған. Оның поэзиясы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы мен сұлулығын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жұмабаев өзінің шығармаларында жалпы адамзаттық құндылықтарды, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлады.

Кеңес үкіметі ұлттык әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов және т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.

1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театрытұңғыш рет Қызылордада ашылды. Оны Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сияқты, кейін қазақ театр өнерінің майталмандары болған. Театрды режиссер және Ж. Шанин басқарды. Сахнада алғаш рет «Еңлік-Кебек» пьессасы қойылды. 30-шы жылдардың ортасында Ақтөбеде, Шымкентте, Қарағандыда, Петропавлда театрлар ашылды.

1938 жылы «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі- «Аманкелді» кинокартинкасын қойды.

1934 жылы Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.

1938 жялы Мәскеуде қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі болып, Күләш Байсейітоваға КСРО халық әртісі атағы берілді. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Еуропаның ірі қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республикалық орыс драма театры, қазақ мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, республикалық қуыршақ театры жұмыс істеді.

20-30 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш білім алу жүзеге асырылды. Екінші жағынан тоталитарлық жүйе күшейді.

Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі мәдени мұралары, ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары деп, ұлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халықтың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20- жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір ұрпақтың ғана ғұмырында қазақтар өзінің төл жазуымен дүниеге келген ұлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бұл жүргізілген шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Ғылым, білім, әдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы.

2. Қазақстанда зерттеу жұмыстарының жүргізілуі.

5 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ҰОС жылдарында.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстың барлық елге тигізген зардаптары туралы айтып өту.

тәрбиелік: ержүрек батырларымыздың ерлігін айта отырып оқушылардың патриоттық сезімін ояту.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

15мин (16%)

1. Қазақтан шыққан тұңғыш геолог- ғалымды ата.

2. Тұңғыш қазақ театрының ашылуы.

3. Сахнада қойылған алғашқы пьеса?

4. Парижде бүкіл Еуропаны таң қалдырған қазақ әншісі.

5. «Ленфильм» шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмін ата?

6. ХХ ғасырдың басында қазақ мәдениеті қалай дамыды?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44%)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Ұлы Отан соғысының басталуы мен сипаты және тарихи маңызы.

2. Қазақстандықтардың майдандағы ерлігі.

3. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі.

4. Қазақстан ғылымы мен мәдениеті.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

1941 ж 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан соғысына Қазақсатан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты.



1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес халықтар сияқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бұзды. Соғыстың бірінші күнінен Қазақстанда әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала әскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі ұран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» болды.

Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград, Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь партизан отрядтарында 3000 –нан артық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және Берлин үшін болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар шақырылған. Қазақстанда жасақталған әскери бөлімшелердің ішінен неғұрлым жақсы соғысқан 5 құрама гвардияшыл деген құрметті атақ алды. Көрсеткен ерлігі үшін 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының данқты қыздары Мәншүк Мәмедова, Әлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры болған Т.Ж.Бигельдинов, С.Луганский, Н.Беда, И.Павлов және атақты командир, Кеңес Одағы Батыры атағы ең соңғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен марапатталды.

Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16мыңдай офицер даярлап шығарды.

Әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан

Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. /Б.Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді/. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады.

Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа да әскери құрамалар қатысты.

Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.

Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен соғысты. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтың очерктері арқылы жетті.

Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, капитан Н.Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Әбдіров, жаудың пулеметтен оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.

Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.

Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы үшқыштар Т.Бегилдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Дуганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш дәрежесіне ие болды. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.

Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты.

Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.

Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.

Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.

Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б. орынды мақтан етті.

Соғыс жағдайында қажеттi ең аз күш пен қаржы жұмсау арқылы денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және мәдениет пен ғылым мекемелерiнiң жүйесi сақталынып дамыды. Жаралылар мен ауруларды уақытында қатарға қосумен қатар, сүзек және басқа жұқпалы аурулардың шығуына және таралуына жол берiлмедi. Бұрынғы соғыстарда мұндай шығындар соғыс майданында мерт болғандардан көп болғаны мәлiм.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ҰОС жылдарында.

6. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның экономикасы.

2. ҰОС жылдарындағы қазақ мәдениеті.

6 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: 1950- 1960 жылдардағы Қазақстан.

І. Сағат саны- 2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы қалпына келтіруде қиын күндерді бастан өткергенін түсіндіру.

тәрбиелік: оқушыларды өткенді еске түсіре отырып, еңбекке тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1. Қазақстанның екінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы.

2. Ленинград үшін шайқаста қазақстандық батырлардың ерлік көрсетуі.

3.Соғыс жылдарында Қазақстанда жұмыс істеген өнеркәсіп орындары.

4.Соғыста қанша қазақстандық Кеңес одағы батыр атағын алды?

5. Ы. Жақаев дегеніміз кім?

6. Қазақстанда екі рет Кеңес одағы батыр атағын алған батырларды ата?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44%)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Соғыстан кейін экономиканы бейбіт өмірге лайықтап қайта құру.

2. Соғыстан кейін ғылым мен әдебиеттің дамуы.

3. Өнеркәсіптің дамуы.

4.Тың және тыңайған жерлерді игеру.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды.

1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді.

1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен еді. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", еңбек тақырыбына жазылған С. Мүқановтың "Сырдария", Ғ. Мұстафиннің "Миллионер", Р. Слановтың "Кең өріс" сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.

Осы жылдарда М.Әуезовтің "Абай жолы", С.Мұқановтың "Шоқан Уәлиханов" сияқты көптеген тарихи шығармалар жарық көрді. "Абай" қойылымы үшін Қазақ Академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.

1946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып, оның президенттігіне көрнекті ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев сайланды. Жалпыға бірдей

жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Алайда, мектептердiң материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көпшiлігiнiң ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек көрсетілді.

Алайда, бұл кезде Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді.

Бұл кезде Орталықта "Ленинградтық іс", "Дәрігерлердің ісі" қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда "Бекмахановтың ісі" ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е.Бекмахановтың 1947 жылы шыққан "XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан" деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. "Правда" газеті "Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін" деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.

40 жылдардың аяғы-50 жылдардың басында "Бекмахановтың ісі" жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекқожин, С.Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды.

Сөйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары бұрынғы КСРО, оның ішінде Қазақ КСР-ның ауыл шаруашылығы ауыр жағдайда болды. Елдің астық қажеттігін егіншілік аудандары өтей алмады, мал басы өспеді.

Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы, әсіресе, өнеркәсіп саласы дамыды. Қазақстан еңбекшілері бесінші бес жылдықта (1951-1955 жж.) өнеркәсіпті дамытуда едәуір табыстарға қол жеткізді. Осы жылдары 200-ге жуық жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылды. Осы жылдары Қазақстанда энергетика, металлургия, кен рудасы, көмір, химия, машина жасау салалары дамыды. Түсті металлургия республика экономикасының жетекші саласына айналды. Елдегі ең ірі құрылыстардың бірі Қарағанды металлургиялық заводы (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды.

Қарағандыда оннан астам шахта іске қосылды.

Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Қарағанды қалаларындағы машина жасау заводтары жаңа станок жабдықтар жасайтын болды. Өнеркәсіп орындарында өндіріс үдерісін автоматтандыруда, механикаландыруда елеулі табыстарға қол жетті.

Соғыстан кейінгі жылдарда Кеңестер мемлекетінде идеология саласында бірталай саяси қуғын-қудалау болып өтті. Қазақстанда бұдан шетте қалған жоқ.

Қазақ халқының өткен тарихы, мұрасына байланысты әдеби еңбек жазған ұлы жазушы М.Әуезов, ұлы ғалым Қ.Сатпаев т.б. зиялы қауымның өкілдері қудаланды.

1953 жылғы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И.В.Сталин қайтыс болды.

Ал алтыншы бесжылдық кезінде республикада ірі пайдалы кен орындарының игерілуіне байланысты бесжылдық жоспарды ауыр өнеркәсіптің, әсіресе, электр қуаты мен отынды көп қажет ететін салалары үшін кәсіпорындар жүйесін жасау, қара және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын, электр станцияларын салу, өнеркәсіптің басқа салаларын одан әрі өркендету міндеті қойылды.

50-ші жылдардың екінші жартысында Казақстанда бүкіл еліміздегі сияқты өнеркәсіпте ғылыми-техникалық прогреске бетбұрыс кезең болды

Өндіріс процестерін автоматты түрде басқару мен бақылау ісі мұнай кәсіпшіліктерінде де қолданыла бастады.

Көлік жүйесіне де да көптеген техникалық жаңалықтар енді. Паравоздардың орнына сұйық отынмен жүретін локомотивтар келді. Тұңғыш тепловоздар 1957 жылы Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды.

1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс көлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. 1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық өндірудің жалпы көлемі 106 млн. тоннаға жетіп, тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген жаңа қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды.

Тың игерудің экономикалық және әлеуметтік салалардың дамуына тигізген салдары да болды. Сонымен бірге оның экологиялық, демографиялық зардаптары да аз болған жоқ.

Тың игеру шұғыл, асығыс жүргізілді. Егістікке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зиян әкелді. Осының салдарынан игерілген жерлердің біразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кетті. 50-жылдардың ақырында Қазақстанда 9 млн. гектар жер эрозияға ұшарады.

Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады.

50-ші жылдардың басында Қазақстанның колхоздары да ірі, экономикалық жағынан жақсы жарақтанған шаруашылықтарға айналды. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы /МЖС/ мен оның бөлімшесі құрылды. МТС-тарды тарату колхоздар экономикасын нашарлатты.

Сталин қайтыс болғаннан кейін 50-ші жылдардың орта шенінен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистік зандылықтарды қалпына келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралар іске асырылды. 1956 жылы ақпан айында өткен партияның XX съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру, ішкі партиялық демократияны өрістету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды құптады. Бірақ бұл тек сөз жүзінде қалды.

Қазақстанда тың жерлерді игеріп, индустрия алыптары бой көтеріп, халықтың саны едәуір көбейген 50-ші жылдары халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Дегенмен бұл жылдары жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстанда, әсіресе, солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті.

Қорытып айтқанда, 50-ші жылдар Қазақстан үшін Одақтық баланстағы рөлі өскен, индустриялық қуаты артқан мәдениеті біраз дамыған, сөйтіп экономикасы өрлеу жолына түскен кезең болды.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: 1950-1960 жылдардағы Қазақстан.

6. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. 1950-1960 жылдарда Қазақстанда білім беру саласының дамуы.

2.Қазақстанда тың және тыңайған жерлердің игерілуі.

7 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Патшаның көші қон саясаты. Кеңес өкіметі кезіндегі депортация, оның Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға халқымыздың өткен тарихын оқи отырып ендігі жерде қателіктерді қайталамауға үйрету.

тәрбиелік: ұлтымызды, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті.

2.Соғыстан кейінгі мәдениет.

3.Тоталитарлық жүйе дегенімізді қалай түснесің?

4. Бекмахановтың түрмеге жабылу себебі?

5. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44% )

1.3 Тақырып жоспары:

1. Патшаның көші қон саясаты.

2. Кеңес өкіметінің көші қон саясаты.

3. Қазақстан- тоталитарлық лагерьлердің өлкесі.

4.Депортацияның басталуы.

5 . ҰОС кезіндегі жер аудару саясаты.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналуы ХVІІІ ғасырдан басталған еді. Қазақтар шұрайлы жерлерінен айырылып, шөлді құнарсыз жерге ығыстырылды. 1861 жылғы аграрлық реформадан кейін жерге мұқтаж орыс шаруаларын қазақ жеріне қоңыстандыра бастады. Жетісу әскери губернаторы Г. А. Колпаковскийдің бастамасымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоңыстандыру туралы Уақытша ережелер» жасалды,ол 1883 жылға дейін күшін сақтады. Қоңыс аударушыларға 30 десятинадан жер бөлінді, түрлі салықтардан босатылды. ХІХ ғ. 70-90 – жылдары Қытайдан Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендер қоңыс аударды. Олар Талғар мен Шелек өзендерінің жағалауына орналасып, Жетісу халқының санын екі есе көбейтті. Отарлау саясатының нәтижесінде қазақ елінің этнодемографиялық құрамы өзгеріске ұшырай бастады.

1904-1905 жылдары үкімет орындары қоңыс аударатын аймақтарды аудандарға бөлді. Осы саясаттың барысында Қазақстанға 1907-1914 жылдары 700 мыңға жуық адам қоңыстандырылып, қазақтардың саны азайды.

Кеңес өкіметі 20- жылдары жер мәселесін тағы да келімсектердің пайдасына шешті.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейін мыңдаған көтерілісшілер атамекенін тастап қашқаны белгілі. Осы кезде бай кулактар бос жерлерді өз меншігіне айналдырды. Сол себепті большевиктер жер-су реформасын жүгізіп, кулактардан артық жерді алуға мәжбүр болды. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзенінің сол жағалауындағы жерлер қазақтарға қайтып берілді. Бірақ келімсектер рұқсатсыз қоңыстануларын тоқтатпады.

1929 жылы қазақ жеріне тағы да келімсектер келе бастады. 1926 жылғы санақ бойынша қазақтар саны 24,7 пайызға азайса, орыстар 8, 7 пайызға көбейген. Қазақтардың азюына азамат соғысы, 1921 жылғы ашаршылық та әсер еткен.

1937 жылы республикада 5120, 1 мың адам болды. 1926 жылмен салыстырғанда қазақтар 14,5 % кеміді. Бұл жағдайға ашаршылықтың да әсері болды.

1939 жылы елімізде 6093, 5 мың халық болып, оның 38 % қазақтар, 40, 2 % орыстар, 10,8% украйндар, қалған 11% басқа ұлт өкілдері құрады.

Қазақтардың бұл санақта аз болуына 1937-1938 жылдардағы қуғын- cүргіннің әсері. Қазақтардың бұлай азайып кетуіне бір жағынан кеңес өкіметінің қыспаққа алуы болса, екінші жағынан ашаршылықтың әсері болды. Қазақтардан босаған аймақтарға лагерь тұтқындары орналастырыла бастады. Оларды «лагерь халқы» деп атап кетті. Осындай лагерьлердің бірі Карлаг 1930 жылы құрылды. Лагерь әр түрлі ұлт өкілдері тұратын жеті поселканың территориясына құрылды. Кейіннен оның территориясы 1 млн. 780 мың га жерді қамтыды. 30- жылдардың басында мұнда 37 000 адам болды. Оған қамауға алынғандардың төрт жасқа дейінгі 980 баласы лагерьдегі балалар үйінде тәрбиеленді. ҰОС қарсаңында лагерь тұтқынының саны елу мыңға жетті. Соғыстан кейін Карлаг пен Степлагта тұтқындар жетпіс мыңға жетті.

Ал «Ақмола лагерінде» халқымыздың белгілі ақын жазушыларының жарлары қамауда болды.

Депортация – күштеп көшіру немесе халықтарды жаза ретінде туған жерінен басқа жерге қоңыс аударту, соғысқа дейін қолданылған. Қазақстанға басқа халықтардың жаппай қоңыс аударғаны 1937 жылдан басталғанын көреміз. Қазақстанға бірінші күштеп поляктар, корейлер, немістер, күрдтер, ирандықтар болды. 1941-1942 жылдары 1,5 млн. немістер жер аударылса, соның жартысы қазақстанға қоңыс аударды. Латвия, Эстония, Литва, Молдавия елдерінің халықтары да күштеп қоңыс аударылып, шахталарда, құрылыста ормандарда лагерь тұтқыны сияқты жұмыс істеді.

Халықтарды күштеп жер аудару ҰОС жылдарында жалғасты. 1943жылы Кавказ бен Қырым аймағындағы қарашайларды «отанға опасыздық жасады» деп Қазақстанға қоңыс аудартты. Сондай-ақ шешендер, әзірбайжандар, армияндар, түріктер, грузиндер де көптеп Қазақстанға қоңыс аударды. Қазақстан көп ұлтты мемлекетке айналуына тылда еңбек еткен еңбекшілер де өз үлестерін қосты. 1954-1964 жылдары Қазақстанға 102  ұлттың өкілдерін қамтыған 600 мыңнан астам ұлт өкілдері келді.

Ал 1987 жылы көшу туралы жаңа заңның қабылдануына байланысты халықаралық «көші қон» қозғалысы етек жайып, негізінен неміс ұлты көшіп кетті. 1988 жылдан бастап жергілікті қазақ халқының саны бірінші орынға шықты.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Патшаның көші қон саясаты. Кеңес өкіметі кезіндегі депортация, оның Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері.

6. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. 1867-1868 жылдардағы реформалардың енгізілуі.

2.ҰОС жылдарындағы депортация.

8 сабақ

І.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халықтар Ассамблеясы және оның қызметтері. Сағат саны - 2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға елімізде халықтар арасында татулық пен достықты сақтау керектігін түсіндіру.

тәрбиелік: ұлтымызды, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.Саяси қуғын – сүргін мен халықтар депортациясы демографиялық ахуалға қалай әсер етті?

2.Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етті?

3.Қазақстанға қай уақытта қандай халықтар көшірілді?

4.Тың және тыңайған жерді игеру депортацияға қандай әсерін тигізді?

5. Депортация ұғымы нені білдіреді?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44%)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

2. Қазақстандағы мәдени орталықтардың алатын орны.

3. Қазақстан халықтар Ассамблеясының тарихи маңызы.

4. Ассамблеяның атқаратын қызметі.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Қазастанда 130 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Сондықтан да саяси тұрақтылықты сақтауға, ұлт саясатына, ұлтаралық қатынастарға елімізде ерекше мән беріледі. Республика Конститутциясында: «қоғамдық ұйымдардың мемлекет ісіне араласуына, мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бірлестіктердің билігіне беруге жол бермейді» делінген.

Конститутция бойынша әрбір ұлттың өз тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға жағдай жасалып отыр. Осындай мақсатпен құрылған отызға жуық мәдени орталық жұмыс істейді. Олар: әзірбайжан, беларусь, грек, күрд, корей, қырғыз, неміс,поляк, ұйғыр т. б. мәдени орталықтары. Бұлардың барлығы өздері жасаған жоспары бойынша жұмыс істейді. Мұндай ұйымдар Қазақстан Халықтар Ассамблеясының жұмысына да белсене араласып келе жатыр.Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланып, басқа ұлт өкілдері де қазақтармен бірдей тең құқылы деп жарияланды.

Біздің Ата заңымызда Қазақстанда басқа ұлттардың мәдениеті мен тілдерінің дамуына жағдай жасалатынына кепілдік берілген.

1991 жылы 16 желтоқсанда « Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды.

«Қазақ тілі» қоғамымен қатар республикада барлық ұлт өкілдерінің басын қосатын «Қазақстан халықтары Ассамблеясы». Ассамблеяның құрылуын біз Қазақстанда тұрып жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің тату- тәтті өмір сүруінің белгісі ретінде түсінуіміз керек. Ассамблея Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы жарлығымен құрылды. Ол - еліміздің Президенті жанындағы кеңесші орган. Ассамблея өз жұмысын Конститутцияға сәйкес түрлі ұлт өкілдерінің тең құқылы екендігін ескере отырып, ережеге сәйкес жүзеге асырады. Халықтың ұсынысымен Ассамблеяны басқаруға Н. Ә. Назарбаев ұсынылды. Қазір Ассамблея

құрамында 300- ден астам адам бар. Олар – қазақ халқы мен диаспораның өкілдері, атап айтқанда: қазақ, орыс, корей, неміс, украйн, татар, еврей, ұйғыр, беларусь, т.б.

Ассамблея елдегі ұлттық келісім мен саяси тұрақтылықтың сақталуынаықпал етіп, еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым- қатынасты нығайтуға, олардың рухани- мәдени жағынан қайта өркендеуі мен дамуына азаматтардың өркениетті және демократиялық нормаларға негізделген саяси мәдениетін қалыптастыруға пайдасы тиетін ұсыныстарды әзірлейді.

Қазір республикамызда тұратын барлық ұлт өкілдерінің орталықтары мен қауымдастықтары бар. Атап айтқанда, республикалық «Қазақ тілі» қоғамы, Орыс қауымы, Украин мәдени орталығы . Неміс қоғамы, Өзбектер қауымдастығы, Белларусь мәдени ұлттық орталығы, Ұйғыр мәдени ұлттық орталығы, Корей ұлттық мәдени орталықтарының қауымдастығы, шешен және ингуш халықтарының «Вайнах» мәдени қауымдастығы. т.б. Бүгінде осы орталықтардың белсенділігі арқасында түрлі ұлт өкілдері тарихи отандарымен байланысын нығайтты. Сонымен қатар әр ұлттың әдет- ғұрпы, салт – дәстүрі жанданды. Ассамблея – республикада тұрып жатқан барлық этностар мен ұлттық топтардың мүдделерін көздейтін ондаған қоғамдық бірлестіктер, фестивальдар, байқаулар, қайырымдық шаралары, ағарту бағдарламалары болып табылады. Этностық топтың жас өкілдері Ассамблея квотасы бойынша жоғары оқуға түсуге мүмкіндік алған.

Сонымен, Ассамблея қоғамдағы азаматтық келісім, ұлтаралық үйлесім және саяси тұрақтылық сияқты ұлы мұраттарға белсене араласып келеді.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халықтар Ассамблеясы және оның қызметтері.

6. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

2. Қазақстан халықтар Ассамблеясының құрылуы.

9 сабақ

І.Сабақтың тақырыбы:Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі.

Қазақстандағы коммунистік партияның қызметі.



Сағат саны - 2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға халқымыздың өткен тарихын оқи отырып ендігі жерде қателіктерді қайталамауға үйрету.

тәрбиелік: ұлтымызды, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1. Қазақстан көп ұлтты мемлекетке қалай айналды?

2. Қазақстандағы мәдени орталықтардың алатын орны.

3. Қазақстан халықтар Ассамблеясының тарихи маңызы.

4. Ассамблеяның атқаратын қызметі қандай?

5. Қазақстан халықтар Ассамблеясы қалай құрылды?

ҮІ. Ұиымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құрылуы, оның мақсаты мен

міндеттері.



2. Партияның бағдарламасы мен Жарғысы.

3. Қазақстан Коммунистік партиясының құрылуы.

4.Қазақстандағы КП-ның басқару жүйесі.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Коммунистік партияның негізін салған К. Маркс пен Ф. Энгельс.Олар өздерінің «Коммунистік партияның манифесті» деген еңбектерінде партияның жобасын жазған. 1880 жылдан бастап Ресейде марксизм тарай бастады. Қазан, Самара қалаларында маркстік ілімді оқыған В.И. Ленин маркстік жолға түсті. Осылайша Самара қаласында алғаш рет «Маркстік үйірме» ұйымдастырды.

В. И. Ленин 1883 ж. Петроградқа келіп маркстік үйірме ұйымдастырды.

РСДРП – ның екінші сьезі Лондонда болып, партияның бағдарламасы қабылданды. Ленинді жақтаушылар большевиктер деп аталса, қарсы шыққандар меньшевиктер деп аталды. Сөйтіп РСДРП –ның құрылуы Қазақстанға да өз әсерін тигізді. 1905-1907 жылдары революция кезінде Семей, Ақмола, Қазалы, Қостанай, Көкшетау, Павлодар т.б. қалаларда 50- ден астам социал-демократиялық партиялар құрылды.

Революцияның жеңіліске ұшырауы социал –демократиялық топтардың ыдырауына алып келді. Қазақстанда революциялық жұмыстарды енді қазақ жеріне жер аударғандар жүргізді. Қазақстанда 1917 жылғы революциядан кейін большевиктік ұйымдар мен топтар жылдам құрыла бастады. 1918 жылы Түркістанда Коммунистік партияның құрылуы Оңтүстік Қазақстан үшін маңызы зор болды. Сонымен Азамат соғысы жылдарында да Кеңес өкіметі Қазақстанның әр аймағында әр түрлі құрыла бастады. 1920 жылы олардың саны жиырма мыңға жетіп, Қырғыз бюросы болып қайта құрылды. 1920 жылы Сырдария мен Жетісу облыстарында Жастар одағы құрылған. Ғ. Мұратбаев жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып бекітілді.

Қазақ халқының тарихи атауы 1925 жылы сәуірде Қаз АКСР кеңестерінің V сьезінде қалпына келтірілген еді. 1936 жылы Қаз КСР – нің қайта құрылуына байланысты Қазақстан КП болып өзгертілді.

Большевиктік партияның бағдарламасында ұлттық мәселе әрбір ұлттың өз еркінде , өздерінің жеке мемлект болып, бөлініп кетуіне толық құқылы деп көрсетілді. Бірақ большевиктер билікті қолдарына алғаннан кейін бұл мәселе толық орындалмай қалды. Осыдан кейін тәуелсіздік жолында қазақ

зиялыларының арасында күрес күшейді.

Қазақстанда ұлттық мемлекет үшін күрес майданында ұлт зиялылары –Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай, Ж. Досмұхамедов, С. Асфендияров, С. Қожанов аянбай күрес жүргізді.Қазақстанда партиялық әміршіл жүйе 1925 жылы Голощекиннің келуімен күшейе бастады. Партияның бесінші сьезінде қазақ зиялылары жер, су мәселесін тағы да көтерді. Осыны пайдаланып, зиялы қауымға «жікшілдер» деген айып тағып, қуғын-сүргін бастады.

Қазақстанда Коммунистік партияның әміршілдігі ең күшейген кезі ұжымдастыруға тура келді.

Ф. И. Голошекиннің «Кіші Қазан» саясатының зардаптары қазақ халқы үшін өте ауыр болды. Қазақстанда бір партиялық жүйе қалыптасып, бар билік бақылауға алынды. Сталин өлгеннен кейін бұрынғы жүргізілген жүйе тағы да өз жалғасын тапты. Тың және тыңайған жерлерді игеру салдарынан, ядраолық сынақтың әсерінен , 1955 жылы Байқоңырдың салынуынан, Арал теңізінің тартылуынан экологиялық жағдай нашарлай берді. Қазақстанды патша өкіметі тұсында ашық отарласа, Кеңес өкіметі тұсында отарлау құпия түрде жүргізілді.

Пионерлер ұйымы комсомолдық ұйымға өтетін жастарды тәрбиелейтін ұйым болды. Пионерлер ұйымы 1922 жылы 19 маусымда құрылды. Қазақстанда Пионер журналы 1925 ж. жарық көрді. Ал «Қазақстан пионері» газеті 1930 жылы ашылды. Пионерлер ұйымы коммунистік партияның жойылуына байланысты өмір сүруін тоқтатты.

Патша өкіметі тұсында отарлау ашық түрде жүргізілсе, Кеңес өкіметі тұсында отарлау құпия түрде жүргізілді.

Кеңес өкіметінің 70 жылдық өмірінде партияның билік жүргізу формасы жеке басқа табыну болды.

Одақ бойынша Коммунистік партияның ішіндегі қайшылық шиленісіп жатты. Бұл қайшылықтар М. С. Горбачев отырғанда біліне бастады. Мәселені шешу үшін М. С. Горбачев « Қайта құру» реформасы арқылы шешпек болды. Қайта құру реформасын Қазақстаннан бастамақ болып 1986 жылы 16 желтоқсанда Д. А. Қонаевты орнынан алу арқылы бастамақ болды. Бірақ бұл шараладың барлығы партияны сақтап қалуға жол бермеді.1991 жылы КСРО –ның ыдырауына байланысты Коммунистік партияның рөлі төмендеді.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы:

І.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы коммунистік партияның қызметі.

6. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Коммунистік партияның құрылуы.

2. Ғ. Мұратбаевтың қоғамда алатын орны.

10 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтары. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға желтоқсан оқиғасының себептерін түсіндіру.

тәрбиелік: ұлтымызға, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларды еліміз үшін қызмет жасайтын адал азаматы болуға тәрбиелеп, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15мин (16%)

1.Коммунистік партияның негізін қалаушы?

2.Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы қалай жүзеге асты?

3.Коммунистік партия қандай партия болды?



4. «Қайта құру реформасы» кімнің реформасы болды?

5. Коммунистік партияның рөлінің төмендеуі неліктен?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1. 1980 ж. қоғамның саяси өмірі.

2. 1986 ж. желтоқсан оқиғасының себептері.

3. Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Сексенінші жылдардың екінші жартысында Кеңес Одағында ұлт мәселесі ерекше шиеленісті. Көп жыл жинақталып басылып келген ұлт мәселесі сыртқа шықты. Бұған Кеңес Одағында өрбіген қайта құру, жариялылық, демократияның өрістеуі әсер етті. Ұлттық сана сезімнің оянуына тағы бір себеп Кеңес Одағында ұлт мәселесінің шешілмеуі еді. Ұлттық мәселенің толық шешілгені туралы көп рет мәлімдеме жасалғанымен іс жүзінде олай болмады. Ұлт мәселесінің шешілмегені ұлттық сананың өсуі Кеңес Одағында ұлтаралық шиеленіске әкеп соқты. Бұл мәселенің шешілмегенін 1986 жылғы желтоқсанда Алматыда болған оқиға дәлелдеп берді.

Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В.Колбин сайланды.

Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында "Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек" деген ұран бар еді. Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г.В.Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н.Ә.Назарбаев, З.К.Камалиденов, О.С.Мирошхин, М.С.Меңдібаев, А.П.Рыбников, Л.Е.Даулетова, В.Н.Лобов,т.б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады. Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В.Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш

машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е.Сыпатаев және С.Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді.



1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы үлтшылдықтың көрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып көрген емес еді. Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып

көрсетілді.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемелекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.

Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орын алынды. Мұндай тазарту жүмыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.



Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды

Желтоқсандағы қазақ жастарының әрекеті бүкіл Кеңес Одағына қозғау салды. Желтоқсан оқиғасының қазақ халқына әкелген тікелей нәтижесі Қазақстанның егемендігі болды.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтары. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі.

6. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. « Қайта құру реформасының жүзеге асырылуы.

2. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

11 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Этнография ұғымына анықтама. Қазақтың салт-дәстүрі, әдет- ғұрып,

кәсібі.


ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға этногафия ұғымын түсіңдіру.

тәрбиелік: ұлтымызды, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларды халқымыздың салт –дәстүріне деген қызығушылығын арттыру..

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.1980 ж. қоғамның саяси өмірі қандай болды?

2. 1986 ж. желтоқсан оқиғасының себептері.

3. Халық қаһарманы атағы берілген желтоқсаншы.

3. Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44%)

1.3 Тақырып жоспары:

1.Қазақтың этнографиясын зерттеген ғалымдар.



2. Қазақ халқының мәдениеті.

3. Сәулет ескерткіштері.

4. Қару жарақ түрлері..

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Этнография – халықтардың қоғамдық құрылысы туралы ғылым, гректің «этнос» - халық, «графо» - жазу, үйрену деген сөзінен құралған.

Қазақстан этнографиясын зерттеуші ғалымдар – П. Н. Рычков, А. И.

Левшин, В. В. Радлов, Н.А. Аристов, Ш. Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Ө Жәнібеков, М. С. Мұқанов т.б.

Этнография ғылымы тарих ғылымының бір бөлігі ретінде халықтардың тұрмысын, мәдениетін түбегейлі зерттейді.

Тұрмыс дегеніміз – әрбір халықтың ғасырлар бойы тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ұлттық ерекшелігі. Ұлт дегеніміз өзара ерекшелігі арқылы бөлінеді. Бір ұлтты зерттегенде көрші ұлтпен салыстыра отырып зерттеген дұрыс.

Этнос –белгілі бір тарихи мекенде өсіп—өнген ортақ тілі, мәдениеті бар ортақ қауым. Тіл адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын құрал ретінде қызмет етеді.

Жер бетіндегі халықтар екі мыңнан астам тілде сөйлейді. Тілші ғалымдар жиырмадан астам тілдер семьясына бөліп зерттейді.

Этностарды зерттегенде тілмен қатар мәдениет жетекші рөль атқарады. Мәдениет екі топқа бөлінеді: материалдық және рухани.

Мәдениетсіз халық болмайды. Бірақ оның дамуы әр түрлі. Әрбір халықтың өзіне тән тілі, мәдениеті, дәстүрі, ұлттық мінезі болады.

Қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халық. Сондықтан олардың тұрғын үйлері де көшуге ыңғайлы киіз үй болды. Киіз үйдің сырты мен ішкі жабдықтарынан оның иесінің әлеуметтік жағдайын анықтауға болады.

Киіз үйдегі сыйлы орын төр – қадірлі қонақтар мен сыйлы адамдарға арналған орын. Төрдің сол жағы үй иесінің демалатын орны.

Киіз үйдің ішінде ағаш жиһаз заттары болған.

Ұлттық киім дегеніміз этностың өзінің ерекшелігін көрсететін белгісінің бірі. Ертеде киім тігуге тері, үй жануарларының жүндері пайдаланылды. Қазақтарда әйел киімін жас ерекшелігіне қарай бөлген. Ал ер адамдарда жас қарап бөлу сақталмаған. Қазақ киімдері кәсіптің түріне қарап та бөлінеді. Мысалы, хандарға бақсыларға, батырларға, аңшыларға т. б. Қазақтар әшекей заттарды да көп пайдаланған. Зергерлер әшекей заттарды жасағанда құйма ою,көшірме, зерлеу, иректеу түрлерін қолданған. Қыздар моншақ орнына күміс алқаларды таққан.

Қазақтардың негізгі тамағы ет пен сүт болды. Әсіресе жылқы малына көп көңіл бөлген. Арпа, бидай сияқты дәнді дақылдарды да еккен. Сүтті жоғары бағалағаны соншалық «Ағы бардың бағы бар» деп бақыт несібесі ретінде түсінген.

Үйде қолданатылатын ыдыстары ағаштан, тастан, керамикадан, металдан, теріден жасалған.

Қазақтар қару – жарақтың көптеген түрлерін қолданды. Мысалы, найза, айбалта, қылыш, садақ, мылтық т.б. Ал қорғану мақсатында дулыға, қалқан, сауыт т.б. қолданған.

Халқымызда қолөнер де кең тараған. Қолөнер мәдениеті сонау сақ, үйсін, ғұн тайпалары кезінің өзінде пайда болған. Теріні илеп тоң, етік тіге білген. Кілемнің де түкті және түксіз деп аталатын түрлерін қолданған.

Сәулет өнерінің дамуы қалалардың өсуімен байланысты болды. Қалаларда мешіт, медресе, моншалар, сарайлар сала білген.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Этнография ұғымына анықтама. Қазақтың салт-дәстүрі, әдет- ғұрып,

кәсібі.


6. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Ө. Жәнібековтың зерттеу жұмыстары.

2. Қазақтың салт- дәстүрі.

12 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті . Діни нанымдар.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға атадан балаға сақталып келе жатқан дәстүріміз туралы түсіңдіру.

тәрбиелік: ұлтымызға, тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1. Қазақ этногафиясы дегенімізді қалай түсінесің?

2.Қазақтың қару- жарақтары неден жасалған?

3. Ұлттық киімнің ерекшелігі неде?

4. Қазақ зергерлері қандай бұйымдар жасаған?

5. Қазақ жеріндегі қандай сәулет ескерткішін білесің?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1.Қазақтың халық ауыз әдебиеті.

2. Ақындар айтысы.

3. Қазақтың ақын –жыраулары.

4. Діни нанаымдары.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Қазақ өмірінің барлық белестері өлең мен жырға толған. Қазақтың

классик ақыны Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен қара жерге кіреді денең» , деген сөзі қазақ халқының барлық өмірі өлеңмен өткендігін бейнелейді.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті көркем де құнарлы қазына. Таңғажайып ертегі аңыздар, әңгімелер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал- мәтелдер барлығы қазақ халық ауыз әдебиетінде сақталған.

Қазақтың батырлар жыры, үлкен оқиғалы эпостардың алпыстан астамы сақталған. Оның бастылары: «Алпамыс», «Ертарғын», «Қобыланды», «Манас» т.б.

Қазақ ауыз әдебиетінің бай саласының бірі –ғашықтық дастандары. Оған «Қозы –Көрпеш – Баян –Сұлу», «Қыз –Жібек», « Айман- Шолпан» т.б.

Ақындар айтысында суырып салма ақындар өнерлерін көптің алдында көрсетеді. Көбінесе айтыскердің біреуі әйел екіншісі ер адам болды. Олар әр түрлі тақырыпта әзілдесіп айтысты. Айтысқа жастайынан 12-13 жастан бастап қатыса берген. Айтыс қазақ өнерін шыңдайтын мектеп әрә театр қызметін атқарған.

Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің бір саласы ақындар мен жыраулардың ойларынан шығарған өлең – жырлары болып саналады.

15-18 ғасырларда қазақ әдебиетінде он екі жырау көрнекті орын алды. Олардың қатарында: Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марқасқа жырау, Ақтамберді жырау,Тәтіқара жырау, Үмбетпай жырау, Бұқар жырау, Көтеш жырау, Шал ақын. Бұл ақындар халықтың басты проблемаларын, хандарға өлең арқылы жеткізіп, олардың мінін айтып сынады.

19 ғасырда қазақ әдебиеті жаңа белеске көтерілді. Бұл дәуірде М. Өтемісұлы, Шернияз Жарылқапұлы кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің жаршысы болып, халықты күреске шақырды.

Қазақтар ислам дініне сенеді. Ерте кезде көк пен жерге, тәңірге, айға, жұлдызға табынды. Тарих даму барысында діни нанымдары да ауысып отырды, шаманизм, будда, христиан ең соңында ислам дініне кірді. Бірақ дәл қазіргі жағдайда Қазақстанда дінге еркіндік берілгендіктен әр түрлі діни ұйымдар мен секталар көп. 15-16 ғасырларда кейбір жерлерде қазақ шаруалары жасырын түрде киізден, жібектен жасалған буддаларға табынды.

Қазақтар ертеде қайтыс болған ата- бабаларының әруағына сыйынған. Сондықтан жауға қарсы шыққанда сол рудан шыққан батырлардың атын айтып ұрандаған.

Қазақтар айға, жұлдызға, жерге, суға, отқа табынған. Жазда жаңбыр жаумай қалса бір төбеге жиналып, мал сойып «тасаттық» жасаған. Ауырған адамды сумен ұшықтаған. Жас келін жаңадан табалдырыққа келген кезде отқа май тамыздырған.

Бақсы балгерлер ислам дінінен бұрын өмір сүрген шамандық діннің өкілдері. Ислам дінін қабылдағаннан кейін де ел арасында бақсылар көп болды. Олар «алақан қарап» болжады, «жын» шақырып ойнады, аурулардың тамырын ұстап емдеді. Олардың арасында тәжірибелі тәуіптер де болды. Олардың емшілік тәжірибесі атадан балаға мұра ретінде берілді. Бақсылар қобыз күйлерін ұрпақтан –ұрпаққа жалғастырды.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті . Діни нанымдар.

6. Үй тапсырмасы:

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Діннің қоғамда алтын орны.

2. Қазақтың салт- дәстүрі.

13 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Диаспора, ирредента ұғымдары. Шетелде қазақ диаспорасының, ирредентасының қалыптасуы.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға диаспора, ирредента ұғымдарын түсіндіру.

тәрбиелік: оқушыларды тілімізді, дәстүрімізді дамытуға тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

2.Ақындар айтысына кімдер қатысады?

3. Ақын- жыраулардың атқарған қызметі.

5. Қазақ жеріндегі қандай сәулет ескерткішін білесің?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1. «Диаспора», «ирредента» ұғымдары.

2. Қазақ диаспорасының зерттелу тарихы.

3. ХХ ғасырдағы тарихи оқиғалардың қазақ диаспорасына тигізген әсері.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Диаспора грек тілінен аударғанда «шашыранды» деген мағына береді. Сонда бұл өз отанына басқа жерде өмір сүріп жатқандар туралы ұғымын береді. Ал ирредента өз отанында өмір сүріп жатқан, бірақ белілі бір саяси жағдайға байланысты өзге мемлекет құрамында қалып қойған адамдар туралы түсінік береді. М: Қытай, Ресей, Орталық Азия құрамына қосылған бұрынғы қазақ жерінде өмір сүретіндерді ирреденталар деп атайды. Егер Қазақстаннан тыс жерде 4 млн. 500 мың адам өмір сүріп жатса, оның  800 мыңы диаспора, ал 3 млн  700 мыңы қазақ ииреденталары болып саналады. Яғни ол көрші елдерге қосылып кеткен қазақ жеріндегі тұрғындар.

Ресейдің Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысы, Қытайдың қарамағында қалған Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа т.б. Монғол жеріндегі Баян Олгей аймағы, Өзбекстан құрамында қалған Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл т.б. жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтар ирреденталар болып табылады.

Ал оралмандар шетелдерден Қазақстанға қайтып оралған адамдар.

Диаспора әр түрлі тарихи оқиғалардан, табиғи апатттардың салдарынан басқа елге қоңыс аударуынан пайда болған. Қазақ диаспорасы зорлық – зомбылықтың әсерінен пайда болған. Алғашқыда қазақтар Қытый, Ауғанстан, Иран, Орта Азия елдеріне көшіп, көп тұрақтай алмай одан әрі шет елдерге ауған.

Қазақ диаспорасының ерекшеліктері – олар, біріншіден өзі тұрып жатқан елдерінде саяси автономия құра алмайды. Екінші ерекшелігі барған жерлеріне тез сіңісіп кетеді.

Қазақ диаспорасының зерттелуіне тыйым салынғанымен, тарихшылар, зерттеушілер 17-18 ғасырларды зерттегенде қазақ диаспорасы туралы мәселелер де қаралды. Ағылшын тарихшысы Годфри Лиастың «Қазақтың шығуы атты монографиясында қазақ диаспорасының тарихына маңызды үлес қосты.

Диаспора мәселесі туралы шындықты Милтон Дж . Кларк өзінің «Қазақтар еркіндікке қалай ұмтылды?» атты мақаласында жазды.

Қазақ диаспорасының зерттелуіне үлес қосқан деректер өз басынан өткерген адамдардың немесе туыстардың естеліктері түрік тілінде мемуарлық еңбек болып Стамбулда жарық көрді. 1976 жылы Х. Оралтайдың «Түрік қазақтары» 1977 жылы Стамбулда Х. Гартулланың «Алтайдағы қанды күндер» , 1981 жылы Халифа Алтайдың «Туған жерден Анадолыға дейін» атты төрт бөлімнен тұратын кітабы жарық көрді. Бірінші бөлім қазақтың өткен тарихына, екінші бөлім этнографиясына, үшінші, төртінші бөлім тарихи оқиғалардың себеп салдарынан қазақтардыңҮндістанға жер ауып кеткендері жайлы жазған. 1980 жылдан бастап монографиялық еңбектерді батыс тарихшылары да жаза бастады.

Қазақ диаспорасының пайда болуы сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап пайда бола бастады. 1757 жылы Цин өкіметі жоңғарларды біржолата талқандап, қоластына Тарбағатай өңірі , Іленің жоғарғы , Жетісудың солтүстік аудандарын өз жері деп жариялады. Бұл жағдай қазақ ирреденталарының пайда болуын алып келді. Қазақ диаспорасының пайда болуының екінші кезеңі Орталық Азияда орыс- қытай шекарасын анықтау кезі болып табылады. Шекаралық келісім бұл жердегі халықтардың ешбір келісімінсіз қабылданды. ХІХ ғасырдың соңында жүз мыңға жуық қазақтар шетелдердің құрамында қалған.

ХХ ғасырдың басында патшаның жүргізген реформасы да қазақ диаспорасының пайда болуына өзінің әсерін тигізді. Қазақтардан 18 млн. г. жер тартып алынды. Қазақтар шұрайлы жерінен айырылып Қытайға көше бастады. 1911 жылғы санақ бойынша Қытайға жер аударған қазақтар саны 224900 адамға жеткен. 1914 жылы Ресей мен Үрімші арасында келісім жасалынды. Онда 1911 жылға дейін Қытайға көшіп келгендер Қытай азаматы, ал одан кейін көшіп келгендер Ресей азаматы болып саналып, Ресейге қайтарылсын деген қаулы шығып, тек 6 мыңы ғана оралды.

Халқымыздың тарихында ұжымдастыру кезеңі де ауыр болды. 1930-1933 жылдары 1 млн 300 мың қазақ босқынға айналып,  414 қайтып оралса, 616 мыңы шетелде қалып қойған. Ауғанстандағы қазақтар туралы хабарды Франц Шурманның «Ауғанстандағы монғолдар» атты еңбегінен оқуға болады. 1929 қазақтарды ауған өкіметі Чхансур аймағының Нимруз провинциясына орналастырды. Бұл жердің ауасы жақпай көптеген қазақтар қырылған. Ауғанстанда шамамен жиырма төрт мың отбасы өмір сүрген.

Ұ.О.С. жылдарында соғыстан жылдарында соғыстан 350 мыңнан астам қазақ келмей қалды. Соғыста тұтқынға түскен түркі тектес халықтан «Түркістан легионын» құруға шақырды. Оны М. Шоқай басқарды. Түркістан легионының құрамында 181 402 адам болған. Соғыстан кейін олардың көпшілігі Еуропада қалып қойған. Қорыта келгенімізде халқымыз әр түрлі саяси жағдайлардың әсерінен шашыранды халыққа айналып, тәуелсіздік алғаннан кейін отанымызға қайтып оралуда.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Диаспора, ирредента ұғымдары. Шетелде қазақ

диаспорасының, ирредентасының қалыптасуы.



6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6% )

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Шет елдердегі қазақтардың диаспорасы.

2. Қазақтың көрнекті өкілі М. Шоқай.

14 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы. Шетелдегі қазақтардың тарихи атамекенге қайтып оралуы.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға құрылтай туралы түсіндіру.

тәрбиелік: оқушыларға тілімізді, дәстүрімізді дамытуға тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

1. «Диаспора» ұғымын анықтама бер.

2. Қазақ диаспорасын алғаш зерттеген кімдер?

3. Қазақ диаспорасының пайда болу себептері.

4. «Ирредента» ұғымына анықтама бер.

5. Түрік мемлекеті қазақ диаспорасына қандай көмек берді?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1. ТМД елдеріндегі қазақтар.

2. Шет елдердегі қазақтардың жағдайы.

3.Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы.

4. Шет елдегі қазақтардың өз Отанына оралуы.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Кеңес Одағының әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің билігімен Қазақстанға зорлықпен қоңыс аударылып келгендер тәуелсіздік алғаннан кейін өз елдеріне қайтып оралды. Көшіп кеткендердің 70 % орыстар болса қалған 10 % басқа ұлт өкілдері болды. Керіснше қазақтардың 4,6 % ТМД елдеріне көшіп кетсе, 1 % алыс шетелдерге көшіп кетті. Қазақтардың елін тастап кетуі жұмыссыздық, кәсіпорындардың тоқтап қалуы, немесе кәсіпорындарды шетел капиталистері сатып алуы себеп болды.

Жақын жатқан шекаралас Омбы, Новосібір, Таулы Алтай аймақтарында милионнан астам қазақ тұрады. Олардың көпшілігі ХХ ғасырдың отызыншы жылдары кетсе, біреулері КСРО ыдырағаннан кейін жұмыс жөнімен кеткендер.

1997 жылы қазақтарға арнап Үлкен Сібір мешіті салынды.

1990 жылы желтоқсанда Мәскеу қазақтарының «Қазақ тілі» қоғамы құрылған. Бұл қоғамды құруға академик Кеңесбай Мұсаұлының сіңірген еңбегі зор. Олар Алматыдағы республикалық «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыс жасауда.

Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы 1992 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында өтті. Бұл жиын шашырап жүрген қазақтардың басын қосқан алғашқы құрылтайы. Бұл құрылтайда Халифа Алтай шетелге көшкен қазақтардың көш кезінде табандарынан қан аққаның айтып елді тебірентті.

Өзбекстаннан келген А. Үкібаев өзінің сөзінде ол елде 580 қазақ мектептерінде 130 мың бала оқитындығын, Ташкентте, Нүкісте қазақтардың мәдени орталықтарының бар екендігін мәлімдеген.

Екінші құрылтай 2002 жылы Түркістан қаласында өтті. Құрылтайда дүние жүзі қазақтарына Ұлттық дамуымыздың өзекті мәселелері талқыланып, болашақта атқарылатын мәселелер туралы Үндеу жарияланған. Ал Үшінші құрылтай 2005 жылы Астанада өтті. Оған 33 елдің өкілдері қатысқан.

Құрылтай шеңберінде көші-қон, қазақ диаспорасының мәдениеті, күйі, оларды шағын және орта кәсіпке баулу мәселелері талқыланды.

Қазіргі кезде шетелдегі қазақтармен байланыс жасайтын басты ұйым – Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы. Мұның міндеті шетелдегі қазақтар туралы басты мәселелерді қарап, құрылтайға дайындық жасау.

КСРО құлаған кезде қиындықтарға қарамастан Ресейден, Украйна, Өзбекстаннан қазақтар көптеп келіп жатты. 1989 жылы 16 642 қазақ келді. 1992 жылы 24 мыңға жуық оралман келіп қоңыстанған. Олардың барлығына дерлік жағдай толығымен жасалған жоқ. Сонда да Қазақстанға туған отанына көшіп келемін деп тілек білдіріп жатқандар көбеюде.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы. Шетелдегі

қазақтардың тарихи атамекенге қайтып оралуы.



6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6% )

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайы.

2. Қазақтардың Қазақстанға қайтып оралуы.

15 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың саяси жүйесіндегі өзгерістер. Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихын оқыту.

тәрбиелік: оқушыларға конститутциялық ережелерді түсіндіре отырып тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған

кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1. Қазақ диаспорасы орналасқан елдерді ата.

2. Дүние жүзі қазақтары құрылтайының тарихи маңызы.

3. Қазақ диаспорасының пайда болу себептері.

4. Оралмандар деп кімдерді айтамыз?

5. Түрік мемлекеті қазақ диаспорасына қандай көмек берді?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жағдайы.

2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

3. Қазақстан Республикасының рәміздері.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды..

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші, сессиясында парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерінен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.

Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің


қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген.

Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі қүқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгiлендi. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

Осыдан кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен мемлекеттік даму процесі басталды.

Еліміздің жаңа конституциясының жобасы дайындалды.

Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттері таныды.

1993-ші және 1995 жылдардағы конститутциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер республиканың 1995 жылы қабылданған Ата заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік алған тоғыз жыл ішінде екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі - 1993 жылдың қаңтарында болған еді. Бірінші Конституциясын жасауда асығыстыққа жол берілді..

Нәтижесінде Қазақстан азаматтарының тікелей еркін білдіру, бүкіл халықтық дауыс беру арқылы 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың 90 %-ы біздің мемлекетіміздің жаңа Ата заңын жақтап дауыс берді.

Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанда, көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата заң төрт бөлім, 21-тарау, 131-баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан да едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98-баптан тұрады.

Тіл туралы саясат заңды құбылыс. Өйткені тіл ұлттық мүдделердің нәзік тоғысқан қызу нүктесі. Қазір қазақ және орыс тілдерінде 8300-ден аса және одан басқа он жеті ұлт тілінде оқытатын жүздеген мектеп, 12 тілде шығатын газеттер мен журналдар, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле және радио тұрақты қызмет етеді. Тіл саясатын іске асыруда Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірқатар ұлттық мәдени орталықтарының белсенді түрде жұмыс жүргізіп отырғанын атап көрсеткен жөн.

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны - дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

Егеменді Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары - белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Олар бәйгеге түскен Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 суреттемесін жеңіп шыққан.

1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы опера және балет театрының зәулім ғимаратында Президент Н. Ә. Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: "Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін"- деген еді. Еліміздің туы - қасиетті көк байрақ. Оның авторы - суретші Шәкен Ниязбеков

Тәуелсіз мемлекетіміздің Әнұраны - асыл қазына. Ол халық жүрегінің

лүпілін тұмар қып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Ел басшылары

ресми сапарының беташары болатыны да содан. Қазақстанның Әнұраны әуенінің авторлары ұлы композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди.

Әнұран сөздерін жазған ақындармыз - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева.

Қазіргі әнұранның әуенін Ш.Қалдаяқов, сөзін Ж.Нәжмеденов және Н.Назарбаев жазған.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың саяси жүйесіндегі өзгерістер. Қазақстан Республикасының Конститутциясы.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6% )

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі.

2. Қ.Р. Конститутциясы.

16сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақтан Республикасының сайау жүйесі.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға сайлау туралы оқыту.

тәрбиелік: оқушыларды еркіндікке тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.ҚР әнұранының авторларын ата.

2. ҚР мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.

3. 1995жылғы Конститутция ерекшелігі.

4. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

5. Ұлттық валютаның енгізілуі.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жағдайы.

2. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.

3. Сайлау құқығы..

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Демократиялы қоғамда халық саяси процеске сайлау жүйесі арқылы қатысады.Сайлау арқылы азаматтар заң, сот, атқару органдарын қалыптасытыруға қатысады. Халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады.

Сайлау құқығы конститутцияда нақтыланады. Сайлау жүйесі

мажиторлық және пропорционалдық болып екіге бөлінеді. Мажиторлық жүйе бойынша округ бойынша көп дауыс алған адам билікке ие болады.

Мажиторлықтың өзі абсолютті және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Салыстырмалы жүйе бойынша кім көп дауыс жинаса сол билікке жетеді.

Пропорционалдық жүйенің мажиторлықтан айырмасы – ол көпшілік принціпіне негізделмейді. Партияда көп дауыс жинаған депутаттар санына қарамай сайлана береді.

Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы – Қазақстан Респбликасының он сегізге толған азаматтардың тегіне, лауазымына, мүліктік жағдайына қарамастан , сайлауда дауыс беруге қатыса алады. Қазақстанда 1995 жылы екі палаталы Парламент сайланды. Жоғарғы палата сенат 47 депутаттан , төменгі палата мәжіліс 67 депутаттан тұрады. 1999 жылы Жаңа парламентік сайлау болды.

Конситутцияда Президенттікке, Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі мен лауазымды болу шегі белгіленген. Қазақстан Республикасының Президнті болу үшін тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа тоған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Сенат депутаты болып, азаматтықта кем дегенде 5жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғарғы білімі бар, жұмыс стажы 5жыл, Республикада кем дегенде 3 жыл тұрған азамат сайлана алады. Мәслихат депутаты болып Қазақстан Республикасының 20- ға толған азаматы сайлана алады.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақтан Республикасының сайау жүйесі.

6. Үй тапсырмасы: 5мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. ҚР сайлау жұмысы.

2. Қ.Р. Конститутциясы.

17сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономиканың дамуы.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін экономикалық қиындықтарды бастан өткергенін түсіндіру.

тәрбиелік: оқушыларға тілімізді, дәстүрімізді дамытуға тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1. Қазақстанның сайлау жүйесі қандай?

2. Мажиторлық сайлау жүйесі дегеніміз не?

3. ҚР Президенттік сайлау жүйесі.

4. Парламент дегеніміз не?



3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Тәуелсіз Қазақстанның саяси әлеуметтік экономикалық жағдайы.

2. Ауыл шаруашылығының дамуы.

3. Қазақстандағы темір жол құрылысының кеңеюі.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

1997 жылдың қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына "Қазақстан-2030"-деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе "Қазақстан барысын" қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды.

Қазақстан жылдары ТМД елдерiнiң арасында жан басына шаққанда

шетелдiк инвестициялар тарту жөнiнен көш бастады. Осының нәтижесiнде

республика экономикасының барлық дерлiк салаларында, әсiресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншiк секторы басым бола түстi.

Қара металлургияда шойын, болат, прокат, ферросплав құю артты. Түстi металлургияда глинозем, мырыш, қорғасын, мыс т.б. өндiру өстi. Бұл жылдары тек газ-мұнай шығару кәсiп салаларын дамытуға 9,5 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылды. Нәтижесiнде елiмiзде 2002 жылы 40 млн. тоннаға жуық мұнай мен газ конденсаты өндiрiлдi. Мұның өзi 1997 жылғы деңгейден 1,5 есе артық. Қазiрде мұнай-газ секторы мемлекеттiк

бюджеттi қалыптастырудың негiзгi көздерiнiң бiрiне айналып, республиканың жалпы iшкi өнiмдерiнiң едәуiр бөлiгiн қамтиды.

Қазақстан экономикасында, әсiресе, ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен екенi белгiлi. Бiрақ, осыған қарамастан 1992-1993 жылдардағы елеулi дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебi – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп салалары өнiмдерiнiң арасындағы үлкен алшақтық едi.

1993 жылы кеңшарлардың басым көпшiлiгi жұмыскерлерге 6 айға дейiн жалақы бере алмады. Көптеген кеңшарлардың адамдары 1994 жылдың қаңтарына дейiн теңгенiң жүзiнде көрмедi.

Елiмiзде тек астық өндiру ғана емес, сонымен қатар мақта, қант қызылшасы, картоп және көкөнiс өндiруде де 1998 жылға дейiн едәуiр азайып отырғаны көрiнiс тапқан. Тек 1999 жылдан бастап республиканың егiн шаруашылығы саласында оң нәтижелер көрiнiс бере бастады.

Нарық жағдайында аграрлық сектордың басты бiр саласы – мал шаруашылығының халi мәз болмай, едәiур төмендедi. Малдың саны жылдан-жылға азайып отырды. Мал мен құстың кемуi негiзiнен осы салаға деген көзқарастың нашарлауынан болды. Малға қажеттi жем-шөп аз дайындалды. Жеке шаруаларға бөлiнiп берiлген малдар өнiм берудiң орнына

сатылып кеттi, немесе ауыл тұрғындарына керектi тауарларға ауыстырылды. Мал санының азаюының тағы бiр себебi – бұрын Қазақстан бүкiл Кеңес Одағына арнап ет дайындаса, ендi оны 15 миллион халыққа ғана есептеп өндiретiн болды.

Қазiр республикадағы мал басының 90 пайызынан астамы жеке шаруа

қожалықтарының қолында жинақталған.

Қазақстан үкiметi соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұлғайтуға, егiс көлемiн көбейтуге, өнiм мөлшерiн өсiруге бағытталған шараларды iске асыруда. Ауыл шаруашылығы саласындағы меншiк түрлерiне қарамастан үкiмет оларға әрдайым қолдау көрсетiп отыр. Оған

дәлел ретiнде 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 53

миллиард теңге бөлiнгенiн айтуға болады. Бұл қаржы қой өсiруге, минералдық тыңайтқышқа, мал тұқымын асылдандыруға жұмсалған. 1996 жылы Азия даму банкiсi тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерiнде несие бөлiндi. Оның 50 миллион доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығы салаларына жұмсалды.

Ауылда шаруашылық жүргiзудiң жаңа формалары қалыптасты. 2000 жылы республика көлемiнде 96198 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның iшiнде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндiрiстiк кооператив, 2886 шаруашылық серiктестiгi және 60 жеке меншiк кәсiпорын жұмыс iстедi.

Сөйтiп, 1999-2001 жылдар аралығында ауылда тиiмдi шаруашылық жүргiзуге қабiлеттi меншiк иелерi қалыптаса бастады.

Ауыл шаруашылығы одан әрi дамытудың жаңа кезеңi Қазақстанда өткен 2002 жылдан бастау алды. Бұл кезең /2005 жылға дейiнгi уақытты қамтуға тиiс/ аграрлық өндiрiстегi реформаны аяқтау, ауыл шаруашылық жерлерiне жеке меншiктi енгiзу және ауылдың әлеуметтiк бейнесiн жаңғырту мәселелерiмен сабақтастырыла қарастырылған.

Қазақстанның территориясы үлкен болса да, ол темiржолдың ұзындығы жағынан қазiрде көптеген алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттерден әлде қайда артта қалып отыр. Сондықтан тәуелсiздiк алған алғашқы жылдардан бастап республика өз жерiнде жаңа темiр жолдар салу және темiр жол станциялары мен желiлердi қайтадан жаңартуға ерекше назар аударуда. Осы мақсатта "Қазақстан темiр жолы" 1998-2000 жылдар, 2001-2010, 2011-2020, және 2021-2030 жылдарды қамтитын өзiнiң болашаққа бағытталған бағдарламасын жасаған.

Елiмiз егемендiк алғаннан кейiнгi жылдары Қазақстан территориясы арқылы жетi басты халықаралық автомобиль жол дәлiздерi қызмет етедi. Бiздiң елiмiз арқылы негiзiнен транзиттiк тасымал Орта Азия, Ресей және Қытай мемлекеттерi арасында жүредi.

Қазақстан үкiметi әуе жол қатынасына үлкен көңiл бөлiп, тiкелей өзiне қарайтын мемлекеттiк "Эйр Қазақстан" авиа компаниясын құрды. Бұл компанияның қызметiнде ХХ ғасырдың 90-шы жылдары көптеген қиындықтар кездестi. Тек 2001 жылдан бастап мемлекеттiң көмегi арқасында "Эйр Қазақстан" компаниясының жұмысы едәуiр жақсара түстi. Соңғы жылдары әуе жолы арқылы жүк тасуда жеке авиа компаниялар алдыңғы қатарға шыға бастады. Олар барлық тасылатын жүк көлемiнiң 60 пайызын қамтыды.

Қазiрде Қазақстанда республикалық маңызы бар 20 әуежай қызмет етедi.

Оның төртеуi мемлекет меншiгiнде, 6 әуежай жеке компаниялардың қолында, қалғандары коммуналдық-ұжымдық меншiктерге қарайды. Республика бойынша халықаралық әуе жолдарын қамтамасыз ету тек 14 қалалық әуежайларға жүктелген. Олар: Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент,

Павлодар, Семей қалалары.

Қазақстанның құбыр жолдарына мұнай құбырлары мен газ құбырлары жатады. Мұнай-газ құбырларының Қазақстанда кеңiнен салынуы ХХ ғасырдың 60-жылдары Маңғыстау түбегiнде жер асты қазба байлықтарының жаңа көздерiнiң табылуымен байланысты жедел өрiстедi. 1997 жылы 2 сәуiрде Қазақстан Президентiнiң жарлығымен

елдiң барлық мұнай құбырларын және кәсiпорындарын бiрiктiретiн "ҚазТрансОйл" ұлттық акционерлiк компаниясы құрылды. Оған Қазақстанның мұнайын сыртқа шығару, оны тасуда басқа мемлекеттердiң мұнай компанияларымен бiрiгiп қызмет iстеу, магистральдық мұнай құбырларының желiсiн дамытуға шетелдiк инвестициялар тарту, мұнай құбыры бойынша барлық ұйымдық мәселелермен айналысу жүктелдi.

Тәуелсiз Қазақстан егемендi ел болғаннан кейiнгi алдына қойған басты мақсатының бiрi - адамдардың жақсы тұрмысын iс жүзiнде қамтамасыз ететiн қоғам орнату. Осы орайда әрбiр адамға кәсiпкерлiк еркiндiк пен мүмкiндiк туғызып, жоғары әлеуметтiк мәртебеге жетуiн қамтамасыз ету, экономиканың өсуi мен тұрақтануына және оның дүниежүзiлiк шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр.

Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердiң бiрi - зейнетақымен қамтамасыз ету.

Халықтың тұрмысындағы елеулi көрсеткiш, ол - тұрғын үймен қамтамасыз ету. Кеңес өкiметi тұсында да, одан кейiнгi жылдарда да тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып қала бердi.

Өтпелi кезеңде басқа салалар секiлдi медицина саласы да айтарлықтай қиындықтарды бастан кешiрдi. Қаржының тапшылығынан ауруханалар мен емханалар тұрғындарға ойдағыдай қызмет көрсете алмады.

Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейiн көтеру мақсатында Президенттiң жарлығымен 2002 жыл - Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өттi.

Өтпелi кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендiк алған кезден бастап, Қазақстанда бiлiм жүйесiнде көптеген оң өзгерiстер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгердi. Бiлiм стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдiстемесi енгiзiлдi.

Халыққа бiлiм беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсiресе, 1996-1997 жылдары үкiмет

тарапынан едәуiр айтуға тұрарлық жұмыстар жүргiзiлдi. Мәселен, тек 1999-

2001 жылдары бiлiм беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлiнiп отырған. Мұның өзi бiлiм беру саласындағы кейбiр келеңсiздiктерге алып келдi. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген

ауыл мектептерi жабылып қалған.

Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық қарым-қатынасы кеңейдi. 1991 жылы жүздеген республика оқушылары, студенттерi мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, қазiрде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Президентi жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның iшiнде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жiберiледi. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден бiлiм алып келдi. Ал 2003

жылдың басында республикалық арнайы комиссияның шешiмiмен 25 жас жiгiттермен қыздар шет елге оқуға жiберiлетiн болды.

Соңғы жылдары елiмiздiң мәдениетi мен рухани өрлеуiне Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениеттi қолдау жылы деп жариялауының үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерiн дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуiр жұмыстар атқарылды. Мәдениеттi қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объектi: 1449 кiтапхана, 681 клуб үйi, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және т. б. жөндеуден өттi.

Елiмiздiң Президентi жарлығымен 1998 жыл - Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп атап өтiлдi. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 iрi-iрi ғылыми форумдардың өткiзiлуiмен ерекшелендi.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономиканың дамуы.

6. Үй тапсырмасы: 5мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Нарықтық экономика жылдарындағы Қазақстан.

2. Халыққа білім беру ісінде жүргізіліп жатқан жұмыстар.

18сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан және Дүиежүзілік қауымдастық.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға Қазақстанның саяси жағдайын оқыту.

тәрбиелік: оқушыларға елімізде тыныштық сақтап, көрші мемлекеттермен тату туру керектігін түсіндіріп, болашақ өздерінің қолында екенін түсіндіру.

дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1. Қазақстанның 1992-1993 жж. экономикасы қандай болды.

2. Қазақстандағы әуе қатынастары.

3. Денсаулық жылы деп аталу себебі?

4. Ауыл жылы деп аталған жыл қай жылдарды қамтыды?

5. Мәдениетті қолдау жылында қандай істер атқарылды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы.

2. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас.

3. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым – қатынас.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

 Қазақстан өзiнiң тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн, егемен мемлекет ретiнде халықаралық байланыс жасауға, өзiнiң сыртқы саясатына айырықша көңiл бөледi.

Қазақстан өзiнiң сыртқы саясатында, әсiресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Бiрiншiден, басқа елдермен, соның iшiнде бұрынғы Одаққа кiрген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдерi және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екiншiден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениеттi елдердiң қатарына қосылу. Үшiншiден, Қазақстанның қауiпсiздiгiн сақтау, дүниежүзiлiк

соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Мiне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсiз Қазақстан көптеген игi шараларды iске асыруда. Бұл уақыт iшiнде Қазақстан Республикасын дүние жүзiнiң 180-нен астам мемлекетi таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бiрi болып Түркия, АҚШ, Франция және т. б. мемлекеттер мойындалды. Қазiрде Қазақстан шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкiлдiктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 50-ден астам шетелдiк елшiлiк пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкiлдiгi жұмыс iстейдi.

Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол - өзiнiң ең жақын және iрi көршi мемлекеттерiмен, соның iшiнде солтүстiкте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Ал 1995 ж. 20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бiрлескен декларацияда екi ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан әрi бұлжытпай орындап отыратындығы жөнiнде мәлiмдедi.

Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуiрде Ресей Федерациясының Президентi Б. Ельцин мен Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаев Алматыда кездесiп, Қазақстан мен Ресей бiрлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргiзiлiп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екi ел халықтарының болашағы үшiн үлкен мәнi бар екендiгi атап көрсетiлдi. Мемлекеттiң басшылары бұдан былайда екi ел арасындағы егемендiктi, тәуелсiздiктi құрметтеу, аумақтық тұтастық пен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау принциптерiн сақтау негiзiнде дами беретiнiн қуаттады.

Қазақстанның егемендiк алған он жылдан астам уақыт iшiнде ҚХР

басшыларымен өзара кездесу, келiссөздер жүргiзу бiздiң елдiң сыртқы саясат тiршiлiгiнiң тұрақты құбылысына айналды. Он жылдық тарихта екi мемлекеттiң арасында құқықтық негiздi қалайтын жетпiстен астам құжат қабылданыпты. Мұның өте зор маңызы бар.

Қазақстан Президентi Н. Ә. Назарбаевтың Қытай мемлекетiне 2002 жылдың желтоқсан айында жасаған сапары екi ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңiн айқындады.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл қарым-қатынас Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасын мемлекет ретiнде таныған 1991 ж. 25 желтоқсанынан мемлекеттер арасында елшi дәрежесiндегi толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады.

Осыдан кейiнгi жылдары Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары серпiндi түрде дамып келедi. Соның нәтижесiнде Қазақстан АҚШ-тың өзара демократиялық әрiптестiк деңгейiне көтерiлдi. Қазiргi кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса iрi инвесторы болып отыр.

1999 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Президентi Н.Назарбаев

АҚШ-қа тағыда бес күндiк сапар жасап, Қазақстан мен Америка арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. 2001 жылғы 11 қыркүйекте Вашингтон мен Нью-Йоркте орын алған қайғылы оқиғалардан кейiн Президент Н. Ә. Назарбаев өзiнiң ресми мәлiмдемесiнде лаңкестердің (терроршылардың) адамшылыққа жат әрекеттерiн айыптап, Қазақстан лаңкестерді ұстауға және жазалауға барынша жәрдем етуге әзiр екендiгiн бiлдiрдi. Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның әрдайым лаңкестікке қарсы шығатынын және АҚШ-тың қолдау көрсетуiне, егер американдық тараптан тиiстi өтiнiш болған жағдайда, соның iшiнде әскери қолдауына, осы залалға қарсы күрес жүргiзу жөнiнде нақты халықаралық коалиция құруға әзiр екенiн атап өттi.

"Мызғымас азаттық" операциясының шеңберiнде коалиция ұшақтарының ұшып өтуi үшiн Қазақстан өзiнiң дәлiзiн ұсынды. Американдық ұшақтардың төтенше жағдайларда Қазақстанға қонуы туралы Меморандум әзiрлендi.

Сонымен қатар Қазақстан үшiн Түркия, Пәкiстан, Үндiстан, Иран мемлекеттерiмен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстiк Корея сияқты және басқа елдерiмен ынтымақтастықтың дамуының да мәнi өте зор.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басты көңiл аударып отырған мәселелердiң бiрi – елдiң шекаралық қауiпсiздiгiн сақтау.

Қазақстанның көршi мемлекеттермен шекарасының жалпы ұзындығы 20 мыңға жуық шақырымды құрайды. Соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен мемлекеттiк шекарасы шамамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен – 14,5 мың шақырым, Түркiменстанмен – 400 шақырым, Өзбекстан Республикасымен – 1660 шақырым. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға батыл кiрiстi.

Сонымен қатар, Қазақстан бұл жылдары өзiнiң жақын көршiлерi – Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Түрiкменстанмен арадағы шекара мәселелерiн іс жүзiнде қандайда бiр талассыз әрi дау-дамайсыз түпкiлiктi

реттеуге қол жеткiздi.

Шекара мәселесiн Азия елдерiнде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) атқаратын рөлiн ерекше атап көрсеткен

жөн. 1996 жылғы сәуiр айында Шанхайдағы кездесу кезiнде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжiкстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау, олардың арасындағы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейiн жеткiзу келiсiмiне қол қойды. Кейiн бұл келiсiмге Өзбекстан Республикасы қосылды.

"Шанхай келiсiмi" негiзiнде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуi 1997 ж. Мәскеуде, 1998 жылы Алматыда, 1999 жылы Бiшкек 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматы қалаларында болып өттi. Онда алты мемлекеттiң аймақтық қауiпсiздiк пен ынтымақтастықты нығайту мәселелерi жан-жақты талқыланып, осының нәтижесiнде Декларациялар қабылданды.

2002 жылғы маусым айында Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезектi саммитi Санкт-Петербург қаласында болып өттi. Санкт-Петербург кезедсуiнде үш құжатқа – Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөнiндегi Келiсiмге және Шанхай
ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.

Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi мен шекарасының тұтастығын қорғау үшiн өзiнiң жеке Қарулы Күштерiн құрудың үлкен маңызы болды. Оны iске асыру Елбасының 1992 жылғы 7 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн құру туралы" жарлығымен басталды.

Қазақстан мемлекетiнiң қауiпсiздiк мәселесiн Президент Н. Назарбаев халыққа арналған 1999 жылғы 15 желтоқсандағы Жолдауында ең басты тұғырға қойды. Жолдауда көрсетiлгендей, бiздiң елiмiзде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жаңа ғасырдың стратегиялық ең басты мәселесi болып қала бередi. Онда, әсiресе, қазiргi кезеңдегi терроризмге, саяси және экстремизмге, тоқтаусыз тасылып жатқан есiрткiге қарсы күрестi халықаралық дәрежеде күшейту мәселелерi қойылған.

Елбасының талабына сай 2000 ж. 10 ақпанда Қазақстанда 1999-2005 жылдарға арналған жаңа әскери доктрина және Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясы қабылданды.

1992 ж. наурыз айында Қазақстанның Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшiн орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейiн елiмiзге халықаралық басқа да ұйымдарға мүше болып кiруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негiзгi валюта-қаржы ұйымдарына - Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзiлiк қайта құру және даму банкiне, Еуропа және Азия даму банкiне мүше болып ендi. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Мұның өзi Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында игi нәтижелерiн беруде. Нәтижесінде соңғы бес-алты жылда Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түстi, оған берiлетiн инвестициялық қаржылардың көлемi артты.

Біздің экономикалық жетістіктерімізге соңғы 10 жылда қол жеткізілді.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан және Дүниежүзілік қауымдастық.

6. Үй тапсырмасы: 5мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастар.

2. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қарым-қатынасы.

19 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның білімі, ғылымы және мәдениеті.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға білім, ғылым, мәдениет туралы түсіндіру.

тәрбиелік: оқушыларға тілімізді, дәстүрімізді дамытуға тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

15 мин (16%)

1. Қазақстан БҰҰ қашан мүше болды?

2. НАТО қандай ұйым ?

3. Қазақстан мен Қытай арасында шекаралық келісім қашан жасалды?

4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерді ата.

5. АҚШ Қазақстан үшін инвестор дегенімізді қалай түснесің?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Тақырып жоспары:

1. Тәуелсіз Қазақстандағы білім жүйесіндегі өзгерістер.

2.Қазақ жастарының шет елдерде білім алуы.

3. Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы.

4 .Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Өтпелi кезеңнен қиыншылығына қарамастан, егемендiк алған кезден бастап, Қазақстанда бiлiм жүйесiнде көптеген оң өзгерiстер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгердi. Бiлiм стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдiстемесi енгiзiлдi. Қазақстан Республикасындағы бiлiм берудiң жай-күйi алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерiнiң республикалық кеңесiнде егжей-тегжейлi талқыланды. Кеңесте атап көрсетiлгендей, халыққа бiлiм беру саласында бiрқатар оң өзгерiстерге қол жеткенi айтылды. Бiрыңғай орта мектептердiң орнына мектепте болашақ ұрпаққа бiлiм беруде плюрализм орнап келедi. Соңғы жылдары гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылып, жұмыс iстей бастады. Тарих, Ана тiлi және 1-5 сыныптар үшiн оқу пәндерi бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейiн Қазақстан мектептерiнде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, ендi қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңiл бөлiндi.

Халыққа бiлiм беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалық базасын нығайтуда, әсiресе, 1996-1997 жылдары үкiмет тарапынан едәуiр айтуға тұрарлық жұмыстар жүргiзiлдi. Атап айтқанда, 1996 жылы бiлiм беру саласына 65 миллиард теңге, немесе мемлекеттiк бюджеттiң 23,4 пайызы, 1997 жылы 73,3 миллиард теңге, яғни мемлекеттiк барлық бюджеттiң 21,4 пайызы бөлiндi. Алайда одан кейiнгi жылдары халыққа бiлiм беру саласындағы орнықтылық және кейбiр кезек күттiрмейтiн мәселелердiң шешiлуiн желеу етіп, мемлекеттiк бюджеттен қаржы бөлу бiрсыпыра азайды. Мәселен, тек 1999-2001 жылдары бiлiм беру саласына жыл сайын шамамен

12 миллиард теңге бөлiнiп отырған. Мұның өзi бiлiм беру саласындағы

кейбiр келеңсiздiктерге алып келдi. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, оқушылары аз көптеген ауыл мектептерi жабылып қалған.

Мектептерде жұмыс iстейтiн мұғалiм кадрлардың сапалық құрамында келеңсiз жағдайлар қалыптасты. 2001/2002 оқу жылында республика бойынша педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта бiлiмi бар 3,5 мыңнан астам мұғалiм және 6 мың басқа мамандық иелерi жұмыс iстеген, мектептерден жалақыны азсынып, 43,6 мың мұғалiм басқа салаларға жұмысқа ауысып кеткен.

Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық қарым-қатынасы кеңейдi. 1991 жылы жүздеген республика оқушылары, студенттерi мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, қазiрде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта

Қазақстан Президентi жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның iшiнде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жiберiледi. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден бiлiм алып келдi. Ал 2003 жылдың басында республикалық арнайы комиссияның шешiмiмен 25 жас жiгiттермен қыздар шет елге оқуға жiберiлетiн болды.

Егемендiк алған жылдары елiмiздiң ғылымын дамыту салаларында үрдiс өзгерiстер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми iзденiстерiнiң тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесi кеңейтiлдi. Қазақстан Республикасының Инженерлiк академиясы жұмыс iстейдi, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгiзiлдi. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекiту үшiн республика Жоғары аттестациялық комитетi құрылды.

Тәуелсiз Қазақстанның әдебиетi мен ұлттық тiлiнiң мәртебесiн көтеруде бiрқатар шаралар iске асырылуда. 30-шы жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, М. Дулатовтың, Ш. Құдайбердиевтiң, Ә. Бөкейхановтың, Х. Досмұхамедовтың, Ж. Аймауытовтың және басқалардың кiтаптары жарық көрдi. Бұлардың шығармалары ұмыт болып, мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу

орындарында соңғы кезге дейiн оқытылмаса, ендi оқу орындарының

бағдарламаларына кеңiнен енгiзiлiп, оқушы-студент жастарға олар жөнiнде жан-жақты дәрiс берiледi. Мемлекеттiң жаңа кезеңдегi жүргiзiп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тiлiн қайта түлету мейлiнше көкейкестi проблемаға айналды. 1989 ж. қыркүйектегi Тiл туралы Заң және Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттiк тiл деп жарияланды. Iс жүргiзудi қазақ тiлiне көшiру жөнiнде жан-жақты шаралар белгiленiп, олар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тiлiнде оқыту бөлiмдерi ашылды. Мұның өзi ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тiлiнде тиянақты бiлiм алуына жағдай жасады.

Соңғы жылдары елiмiздiң мәдениетi мен рухани өрлеуiне Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениеттi қолдау жылы деп жариялауының

үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерiн дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуiр жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелерi жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кiтапхана, 239 клуб, 5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Театрлар Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркiстан қаласында ашылды. Корей музыкалық комедия театры, республикалық немiс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар және жасөспiрiмдер театры жеке ғимараттарға көштi. Мәдениеттi қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объектi: 1449 кiтапхана, 681 клуб үйi, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония және т. б. жөндеуден өттi.

Елiмiздiң Президентi жарлығымен 1998 жыл - Халық бiрлiгi мен ұлттық тарих жылы деп атап өтiлдi. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 iрi-iрi ғылыми форумдардың өткiзiлуiмен ерекшелендi. Соның iшiнде Республика ұлттық ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемаларына арналған арнайы сессия өткiзiлдi. Сондай-ақ, "Жiбек жолы және Қазақстан", "А. Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, қоғам қайраткерi", "Құрманғазы және мыңжылдықтар тоғысындағы дәстүрлi музыка", "Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуiрi" сияқты халықаралық, "Шал Күлекеұлы және ақындық дәстүр", "Қоғамдық гуманитарлық ғылымдардағы қыпшақтану" және т. б. республикалық ғылыми конференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Алдағы кезеңде республика мәдениетiн дамыту үшiн барлық мүмкiндiктердi барынша пайдаланып, қолайлы жағдай жасау мiндетi тұр. Бұл елiмiзде шығармашылық ахуалын, өресi биiк өнерге деген қажеттiлiктi, оны ұлттық тұрғыда өркендету, мәдени бағдарламаны жүзеге асыру, жас дарындарды тәрбиелеп өсiруде өзiнiң тиiстi нәтижелерiн беруге тиiс. Осы

орайда Президент Н. Ә.Назарбаев "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" Жолдауында мәдениеттi дамытудың айқын жолдарын "Мәдени-тарихи мұраны сақтау" деген бөлiмiнде ерекше атап көрсетедi.

Қорытып айтқанда, мұның барлығы Қазақстанның экономикасы оңала бастаған тұста әдебиет пен мәдениет, жалпы руханият мәселелерiне айрықша назар аударатын кез келгендiгiн, елдiң болашағы мәдениетпен астасып жататындығын тағыда қадап көрсетедi. 2003 жылы республикалық бюджеттен мәдениет саласына бөлiнетiн қаржы көлемi 2002 жылмен салыстырғанда 52 пайызға өскен. Соңғы екi жыл iшiнде бұл салаға бөлiнген қаржы екi есеге дейiн көбейдi. Бұл қаржы мәдени саланы түгел қамтып, едәуiр аяғынан тiк тұрып кетуiне әсер етедi. Сондықтан үкiметтiң басшылығымен мәдениет салалары алдағы уақытта да өзiнiң дұрыс шешiмiн

тауып, одан әрi дами беретiнiне зор сенiм бiлдiруге болады

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның білімі, ғылымы және мәдениеті.

6. Үй тапсырмасы: 5мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Қазақстан Республикасындағы білім жүйесі.

2. Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті.

20 сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы, қорытындылау, қайталау.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға жыл бойы өтілген қазақстан тарихы пәніне жалпылама шолу жасау.

тәрбиелік: оқушыларға тілімізді, дәстүрімізді дамытуға тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың отанға деген сезімін ояту.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: М. Қ. Қозыбаев «Қазақстан тарихы» 10- кл.

Қазақстан тарихы 11- кл А 2002 ж.



қосымша: Қазақстан тарихы очерктер А. 1994 ж.

Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқау А. 2009 ж.



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

15 мин (16%)

1. Қазақстан БҰҰ қашан мүше болды?

2. НАТО қандай ұйым ?

3. Қазақстан мен Қытай арасында шекаралық келісім қашан жасалды?

4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерді ата.

5. АҚШ Қазақстан үшін инвестор дегенімізді қалай түснесің?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)

1.3 Бақылау жұмысының сұрақтары:

1. Ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан.

2. Саяси партиялар мен ағымдардың пайда болуы.

3. І Жалпықазақ сьезінің болуы.

4. Алаш партиясының ұсынған бағдарламасы.

5. Қазақстан Қазан төңкерісі қарсаңында.

6. Қазақстан азамат соғысы жылдарында.

7. Қазақ АКСР –нің құрылуы.

8. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан.

9. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

10. Қазақстан аграрлы елден индустриялды елге айналуы.

11. 1932-1933 жылдар аралығындағы ашаршылық.

12. Тәуелсіз Қазақстанның саяси әлеуметтік экономикалық жағдайы.

13. Ауыл шаруашылығының дамуы.

14. Тәуелсіз Қазақстандағы білім жүйесіндегі өзгерістер.



15.Қазақ жастарының шет елдерде білім алуы.

16. Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы.

17 .Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті.

18. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы.



19. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас.

20. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым – қатынас.

21.ҚР әнұранының авторларын ата.

22. ҚР мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.

23. 1995жылғы Конститутция ерекшелігі.

24. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

25. Ұлттық валютаның енгізілуі.

26. Соғыстан кейін экономиканы бейбіт өмірге лайықтап қайта құру.

27. Соғыстан кейін ғылым мен әдебиеттің дамуы.

28. Өнеркәсіптің дамуы.

29.Тың және тыңайған жерлерді игеру.

30. «Сауатсыздықты жойылсын» қоғамының құрылу мақсаты.

31.ХХ ғ. 20- шы жылдары қазақша оқулықтар жасауда үлес қосқан қазақ зиялыларын ата.

32.ХХ ғасырдың 30- шы жылдарындағы қазақ мектептерінің жағдайы қандай болды?

33. Қазақстанда тұңғыш ашылған жоғарғы оқу орны.

34. Сталиннің қазақ зиялыларына қарсы қуғынды ұйымдастыру себебі.

35.Индустриаландыру жылдарында Қазақстанда пайда болған өнеркәсіп орындары.

36.Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті.

37.Соғыстан кейін мәдениеттің дамуы.

38.Тоталитарлық жүйе дегенімізді қалай түснесің?

39. Бекмахановтың түрмеге жабылу себебі?

40. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары. 4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:



2. Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы, қорытындылау, қайталау.

6. Үй тапсырмасы: 5мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттер бойынша бағалы сынаққа дайындалу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет