Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау



бет2/4
Дата25.01.2022
өлшемі268,74 Kb.
#114473
1   2   3   4
Байланысты:
аза стан тарихы ж не о амды п ндер кафедрасы «М дениеттану» п

№1- сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.Мәдениет түсінігі мен оның мәні.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Мәдениеттану заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың рухани адамгершілік, мәдени құндылықтар болмысын байытып, жалпы мәдени құндылықтардың маңыздылығын арттыра түседі.Мәдениеттану пәні адамзат мәдениетінің даму логикасын жеке адам санасының қалыптасуына бағытталған.
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру (Қазақстандық патриотизм,ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау).
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Мәдениет ұғымына анықтама бер.
2.Мәдениет дегенді қалай түсінесің?
3.Мәдениеттің қандай түрлері бар?
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Кіріспе.Мәдениет түсінігі мен оның мәні.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1.Мәдениет ұғымы мен оның мәні.
2. Қоғамдағы мәдениеттің негізгі қызметі
3. Материалдық және рухани мәдениет
4 .Мәдениеттің мұрагерлік,адамды қалыптастыру қызметі.
Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім.Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым қатынасын зерттей отырып,адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мәдениеттану пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Мәдениеттану мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілдіғылым салалары зор ықпал етті. Мәдениеттану пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып,оларды болжай білу.
«Мәдениет» дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына , яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін, сөздің шығу тегіне тоқталу керек. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.
"Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі.Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз.Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.
Мәдениет (латын. тіл.ауд.-өңдеу,егу деген сөзінен шыққан)- табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшілігі, оның адамның іс әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен « мәдениет» деген сөз жалпылық деген сөз жалпылық маңыз алды,адам жасағанның бәрін «мәдениет» деп атады. Мәдениет адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым қатынасы. Ол өзара қарым қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді,өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу,тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау,ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап тілектер қоғамдық прогреске,өрлеуге тікелей байланыста,әр қоғамдық кезеңде жаңа талап,тілектер пайда болады,өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды.Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі дамыды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне,талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші.Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір бірінен ажырата білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі материалдық өндірістің, екіншісі рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері- еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижесінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей –ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам- мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді,қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін,икемін,қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Материалдық және рухани мәдениет тікелей байланысты.Одан шығатын қорытынды, мәдениет-қоғамның материалдық және рухани байлығынығ жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Мәдениет, культура, әлем мәдениеті, ұлттық мәдениет.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:

1. Мәдениетттану пәні оның міндеті қандай?

2. Мәдениет адам әлемідегенді түсіндір,

3. Қоғамдағы мәдениеттің негізгі қызметі қандай?

4. Мәдениеттің негізгі жүйелері.

5. Материалдық және рухани мәдениет,оның құндылықтар жүйесіндегі орны.

6. Мәдениеттің мұрагерлік,адамды қалыптастыру қызметі қандай?

7. Мәдениет күрделі қоғамдық құбылыс.

8. Мәдениеттану ғылымының білімдік жүйесі,олардың құндылығы қандай?


1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Мәдениеттану теорияларының дамуы мен қалыптасуы.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№2- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Мәдениеттану теорияларының дамуы мен қалыптасуы.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4.Сабақтың мақсаты: Мәдениеттану ғылымы қоғамдық ғылымның саласы. Ойшылдардың мәдениеттанулық тұғырнамалары. Мәдениет типологиясы туралы қазіргі түсініктер.
*оқыту: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру.
*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі (мамандыққа бағдарлау және еңбекке баулу).
*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Мәдениетттану пәні оның міндеті.
2. Мәдениет адам әлемі.
3. Қоғамдағы мәдениеттің негізгі қызметі.
4. Мәдениеттің негізгі жүйелері.
5. Материалдық және рухани мәдениет,оның құндылықтар жүйесіндегі орны.
6. Мәдениеттің мұрагерлік,адамды қалыптастыру қызметі.
7. Мәдениет күрделі қоғамдық құбылыс.
8. Мәдениеттану ғылымының білімдік жүйесі,олардың құндылығы.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы:Мәдениеттану теорияларының дамуы мен қалыптасуы.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Мәдениеттану ғылымы қоғамдық ғылымның
2. Ойшылдардың мәдениеттанулық тұғырнамалары.
3. Мәдениет және өркениет ұғымының арақатынасы.
Өркениет (лат. сівіліс – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1]
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеум. ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, латын америкалық, православиялық, исламдық, конфуцийшілдік, үнді-буддалық, қиыр шығыс және африкалық секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде. Қазіргі отандық мәдениеттану ғылымында қазақ өркениеті ұғымы қалыптасты. Ол ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алып (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б.), кейін қазақ хандығы тұсында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестікті сипаттау үшін қолданылады (қ. Дала өркениеті). Қазақ Өркениеті 3 үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан.Оның мынадай өзіндік белгілері бар:а) өшпелі өркениеттің мәдени негізіне рулық-тайпалық одақ жатады;ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі” этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан;б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған; в) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этн. элементтерді өзіне сіңіре бастады; г) 15 ғ-да түркілік Орталық Азияда қазақ деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты.Қазақ халқының және оның ата-тектерінің әлемдік Өркениетке қосқан басты құндылықтарына мыналар жатады:1) еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті;2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді үйлесімді игере алды; 3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары (А.Вебер) қызметін атқарды, олардағы миграциялық процестер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды (Үнді, Иран, Ғұн мемлекеті, Араб Халифаты, т.б.); 4) Ұлы Жібек жолы және басқа да мәдени байланыс жүйелері арқылы түркілер батыс пен шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды;5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін алғашқылардың бірі болып енгізді;6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы болды;7) “адам бол!” ұстанымы, әлемді жарық дүние деп түсіну, адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарышпен және адамдармен үйлесімділікте болу, жасы үлкендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады. Қазіргі қазақ Өркениеті алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік Өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
өркениет, типология, концепция, логика
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:

1. Мәдениеттану ғылымы қоғамдық ғылымның саласы.

2. Ойшылдардың мәдениеттанулық тұғырнамалары.

3. Мәдениет типологиясы туралы қазіргі түсініктер.

4. Мәдениет ұғымының даму логикасы және тарихы.

5. Мәдениет және өркениет ұғымының арақатынасы.

6. Мәдениеттанудағы концепциялар.


1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер орталықтары:Вавилон,Мысыр,Қытай,Үнді мәдениеті.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№3- сабақ.
1.Сабақтың тақырыбы: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер орталықтары: Вавилон, Мысыр, Қытай, Үнді мәдениеті.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Алғашқы қауымдық мәдениеттің рухани және материалдық негіздерін ашу; Мәдениеттің синкретистік сипаты туралы; Ежелгі Шығыстың тарихи- әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық негіздеріне тоқталу; Әртүрлі мәдениеттің адамзат мәдениетіне қосқан үлесін, алатын орнын пайымдау, Өнердің және білімнің жетістіктері, әсіресе философия, медицина, астрономия, астрология ілімдерінің дамуына, жазу түрінің ерекшелігіне нақты тоқталу;
*оқыту: Адамзат баласының жетістіктерін талдатып, бағалату.
*тәрбиелік: Шығармашылық қабілетін дамыта білу.
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту (жаңашылдық, ғылым мен техника).
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Мәдениеттану ғылымы қоғамдық ғылымның саласы.
2. Ойшылдардың мәдениеттанулық тұғырнамалары.
3. Мәдениет типологиясы туралы қазіргі түсініктер.
4. Мәдениет ұғымының даму логикасы және тарихы.
5. Миф мәдени құбылыс.
6. Мәдениет және өркениет ұғымының арақатынасы.
7. Мәдениеттанудағы концепциялар.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер орталықтары: Вавилон, Мысыр, Қытай, Үнді мәдениеті.
Мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3.Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4.Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Шығыстағы ежелгі өркениеттер. Қосөзен. Шумер –Аккад.Вавилон.
2. Ежелгі Мысыр мәдениеті.Ежелгі Мысырдың материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері.
3. Ежелгі Қытай өркениеті.
4. Ежелгі Үнді мәдениеті.
Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды, алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. жылға жуық уақыт өтті. Алғашқы қауымдық құрылыс адамдардың салт-жоралары қалай болғанда да мифологиямен келіп тоғысады.
Адамар арасындағы түсінісу қабілетінің басты құралы- тіл өз дамуында белгілі бір дәрежеге жетті.
Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі- фетишизм,тотемизм,анимизм.
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет.Көне Египет мәдениетінің басты ерекшелігі – ажалға қарсылық болды, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Египет мәдениеті- сан-салалы мәдениет.Иероглифтер-көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.
ХІХ ғ. с. ш. Тигр мен Ефрат өзендерінің бойында әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Дүние жүзіндегі ең алғашқы жазуды ойлап табу,ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмектер рецептері, тұңғыш күнтізбегін жасаған осы шумерліктер.
Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Соң ассириялықтардың үлесіне тисе,тарих сахнасында нағыз сарайлық өнер- Иран мәдениеті қалыптасты. Иран өркениетінің тірегі- зороастризм діні болды.
Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар ерекше мәдениет. Қытай мәдениетінің ерекше қайнар көзі – Конфуций ілімі болып саналады.
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі- Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланыста болды.
Үнді- будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде.
Будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық – діни үштікті құрады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Вавилон мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшелігі.
2.Вавилон мәдениеті адамзат мәдениетінің ең көне орталығы.
3. Египет мәдениетінің құндылықтары:пирамидалар,мысыр жазуы,наным сенімдері.
4. Ежелгі Қытай мәдениетінің мәні:Конфуций,Дао,Будда ілімінің алатын орны.
5. Қытай иероглифтерінің мәдени тарихы.Ежелгі Қытай өнері.
6. Үнді мәдениетінің негізгі бағыттары,алғашқы философиялық мектептер.
7.Үнді эпостарының дүниежүзілік мәдениетттегі орны.Үнді халқының әдет ғұрыптары.»Махабхарата»мен «Рамаяна»поэмалары көне үнділік әдеби мұра.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Пирамида,фараон,иероглифтер,сфинкс,Қосөзен,Месопотамия,Шумер-Аккад мәдениеті, Хаммурапии, Зороастризм, «Авеста», Конфуцийлік,Даостық,Веда, буддизм,Упанишада,индуизм,Тәж- Махал, Брахман, «Рамаяна», «Махабхаратта».
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
Бақылау сұрақтары:

1. Вавилон мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшелігі.

2. Вавилон мәдениеті адамзат мәдениетінің ең көне орталығы

3. Египет мәдениетінің құндылықтары:пирамидалар,мысыр жазуы,наным сенімдері.

4. Ежелгі Қытай мәдениетінің мәні:Конфуций,Дао,Будда ілімінің алатын орны.

5. Қытай иероглифтерінің мәдени тарихы.

6. Үнді мәдениетінің негізгі бағыттары,алғашқы философиялық мектептер.

7. Үнді эпостарының дүниежүзілік мәдениетттегі орны.

8. Үнді халқының әдет ғұрыптары.»Махабхарата»мен «Рамаяна»поэмалары көне үнділік әдеби мұра.


2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Антикалық мәдениет.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№4- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Антикалық мәдениет.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:Грек мәдениетінің мифология және ғарыштық пайымдауларға негізделіп дамуы, философиялық мектептердің пайда болуы, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдар ерекшелігіне әсер еткеніне назар аудару;Антикалық мәдениеттің қазіргі заманғы еуропалық мәдениетті қалыптасуына тигізген әсерін талдау;
*оқыту: Білім білік дағдыларын қалыптастыру.
*тәрбиелік:Сұлулық тәрбиесі,өнердегі сұлулықты түсіне білу.
*дамыту: Еріктілікті дамыту,танымдық қызығушылықты арттыру.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Ежелгі Шығыс өркениеттерін ата?
2. Осы кезеңге жеткен тарихи- мәдени ескерткіштерін ата?
3. Конфуций ілімін ата.
4. Буддизм діні қашан шықты?
5. Касталық жүйе дегеніміз не?
6. Ғылым саласында қандай жаңалықтар ашылды?
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы:Антикалық мәдениет.
Мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Грек философиясы,космологиясы.
2. Антикалық мәдениеттің қазіргі Еуропалық мәдениеттің қалыптасуына тигізген әсері.
3. Ежелгі грек мәдениетіндегі мүсіндеу және сәулет өнерінің дүниетанымдық мәні.Спартандық тәрбие.Афина демократиясы және оның маңызы.
4. Антикалық Рим мәдениетіндегі сабақтастық және жаңашылдық.Гомер поэмасы.Римдік шешендік өнер.Цицерон.
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері,философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді.Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил,Софокл,Еврипид,Геродот,Фукидид,Демокрит,Платон,Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланыста болды.
Дүниежүзілік өркениетте гректердің де, римдіктердің де қосқан үлесі ұшан теңіз, бұл халықтар бірін-бірі толықтырып отырды. Міне, сондықтан да болар, қазіргі Еуропа мәдениетінің іргетасын қалау – бұл ұлы халықтардың ортақ мақсаты, ортақ ісі болды.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Рим тарихнамасының қалыптасуы.Грек,Рим мәдениетінің сабақтастығы.
2. Ежелгі грек мәдениетіндегі мүсіндеу және сәулет өнерінің дүниетанымдық мәні.
3. Антикалық мәдениеттің қазіргі Еуропалық мәдениеттің қалыптасуына тигізген әсері.
4. Гомер поэмасы.Римдік шешендік өнер.Цицерон.
5. Архаикалық кезеңнің ерекшелігі неде
6. Ең ежелгі қалаларын ата?
7. «Әлемнің жеті кереметі» ұғымы, ата.
8. Ежелгі Рим жеріндегі ірі тарихи-мәдени ескерткіштерді ата?
9. Христиан дінінің шығуы.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Антик, Эллиндер, Гомер, архаикалық, Республика, демократия, «Илиада» мен «Одиссея», куростар,«Милосск Венерасы», музей, риторика, полис, гладиатор, амфитеатр.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
Бақылау сұрақтары:

1. Грек философиясы,космологиясы.

2. Рим тарихнамасының қалыптасуы

3. Антикалық мәдениеттің қазіргі Еуропалық мәдениеттің қалыптасуына тигізген әсері.

4. Ежелгі грек мәдениетіндегі мүсіндеу және сәулет өнерінің дүниетанымдық мәні.

5. Спартандық тәрбие.Афина демократиясы және оның маңызы.

6. Антикалық Рим мәдениетіндегі сабақтастық және жаңашылдық.



7. Гомер поэмасы.Римдік шешендік өнер.Цицерон.
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Еуропалық Қайта өрлеу және Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№5- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Еуропалық Қайта өрлеу және Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет.\ 2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Ортағасырлық Еуропа елдерінің экономикалық даму ерекшелігі, мәдениеттің барлық салаларына әсер еткен христиандық дәстүрдің маңызы туралы; Осы дәуірдегі ғылым мен философияның жетістіктерін және даму процесіндегі қайшылықтарын ажыратып көрсету қажет;
*оқыту: Тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру.
*тәрбиелік: Шығармашылық қабілетін дамыта білу.
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі– 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Рим тарихнамасының қалыптасуы.Грек,Рим мәдениетінің сабақтастығы. 2.Ежелгі грек мәдениетіндегі мүсіндеу және сәулет өнерінің дүниетанымдық мәні.
3. Антикалық мәдениеттің қазіргі Еуропалық мәдениеттің қалыптасуына тигізген әсер
4. Орта ғасырдың негізі ерекшеліктері қандай?
5. Философиялық жүйесі қалай аталады?
6. Христиан дінінің шығуы және таралуы
7. Алғашқы жоғары білім беру орындарын ата
8. Көркем өнердегі стильдерді ата?
9. Поэтикалық шығармаларды ата.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Еуропалық Қайта өрлеу және Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты бөлім – дидактикалық.
1. Ортағасырлық мәдениеттегі діни және көркемдік канондар.
2. Қайта өрлеу мәдениетінің кезеңдері.
3. Қайта өрлеу дәуірінің өнер туындылары.
4. Жаңа дәуір мәдениетіндігі ғылым мен техниканың маңызы.
5. Ағартушылық дәуіріндегі Еуропа мәдениеті.Өнердегі романтизм.
Европалық орта ғасыр мәдениеті шарықтауы мен құлдырауы бар он екі ғасырлық қиын жолды қамтиды. Ол - негізгі типологиялық белгілерден тұратын жалпы әлемдік мәдени процесс бөлігі. Нағыз мәдениет ретінде ол оны жасаған халықтардың көптеген жалпы және ерекше белгілерінен тұратын терең жеке бейнеге ие. Орта ғасырдың рухани мәдениеті үшін Абсолютке жетуге тырысу, универсализмге ұмтылу, символизм және аллегориялық, танымның діни құрылымын тудыру, беделге ие болуға, форма тұрақтылығына ұмтылу, индивидтің оны қоршаған әлеуметтік ортамен тұтастығы ретінде белгілер болды. Алайда орта ғасырлық мәдениет өзгермей тұрып қалған мәдениет болған жоқ, ол біртіндеп қозғалмалы сипатқа ие болды. Мәдени өмірдің жаңа формалары, философиялық ағымдар, көркем стильдер, әдебиет жанрлары туды. Мәдениеттегі жаңа құбылыстар бір-бірін байыта отырып, мәдени алуандықтың өсуіне мүмкіндік жасай отырып, алдыңғылармен өзара әрекет етті.
Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері: V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия – «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы». Орта ғасырда математика, сәйкесінше математикалық символдар тілі болған. Алайда бұл математикалық символдар дін ілімінің символдары болған, өйткені математика «сакральды арифметика» түрінде болды, ол құдайшыл шындықтарды символдық түсіндіру қажеттіліктеріне қызмет етті.
Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде көркем стиль жасайды. Роман стилі бірінші жалпы европа стилі болып саналады, ол VIII-XII ғ.ғ. тараған және ежелгі рим сәулет өнерінің ерте үлгілерімен ұқсастығы үшін европалық орта ғасырдың екі жетекші сәулет стильдерінің бірі. Жабындыларды көтеріп тұрған жуан қабырғалы және бойница түріндегі терезелері бар роман стилінің ғимараты өзінің типі бойынша бекініс ғимараты болды. Бұл ұқсастықты дөңгелек бақылау мұнаралары толықтырып тұрды. Роман өнері жасаған негізгі құрылыс – қорған-бекініс, монастырь-бекініс, қала-бекініс. Қорған – рыцарьдың бекінісі, шіркеу – Құдайдың бекінісі және т.б. Қорқыныш тудыратын, бақылау мұнаралары бар тауда орналасқан тас ғимарат роман өнеріне тән құрылыс. Роман соборының сырты өте жарасымды. Артық, деструктивті ештеңесі жоқ. Бірақ храмның ішінде әдеттен тыс, толқытатын бейнелер көп. Роман соборларының капительдерінде, бағаналардың аяқ жағында, терезелерде, қабырғалар мен есіктердің рельефтерінде кентаврлар, арыстандар, жартылай кесірткелер, жартылай құстар, әр түрлі химерлер бейнеленген. Бұл жәндіктер оюлап ойып жасалып, жиектерге отырғызылған.
Роман стилін XII-XIV ғ.ғ. тараған готика ауыстырады, ол қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде: ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған және «готтар өнері», яғни варварлар деген мағынаны берген. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығып, аспанға, Құдайға ұмтылады. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды. Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрған күн сәулесі түседі. Осының бәрі орган музыкасымен үйлесімде діндарлардың ерекше эмоционалды-шаттық күйін тудырды: барлық линиялардың аспанға ұмтылысын, тастың дематериализациясы адамға жерге қатысты басқа әлемде тұрғандай сезім тудыратындай әсер ету керек болатын. Готикалық сәулетте бірінші рет көшеге немесе алаңға шығатын, әшекейлеу жағынан ғимараттың басқа бөлігінен ерекшеленетін әшекейленген фасад қолданылды. Готикалық собор христиан сенімінің сұлулық пен гүлдену үлгісі ғана емес, қаланың сәттілік символы болды. Париж Құдай Анасының соборы, Франциядағы Рейм және Шартр соборлары, Германиядағы Кельн соборы, Англияда Солсберри аббаттылығы және Вестминстер аббаттылығы готика құрылыстарының жауһары болып саналады.
Адамзаттың рухани бірігу құралы мектеп болды, онда әр текті халық жалпы ойлауды және жалпы өмір сүруді үйренді. Орта ғасырлық мектеп антика мектебінен бастау алады. Оны ұйымдастыруға антикалық білімі бар ерте орта ғасыр қайраткерлері үлкен роль атқарды. VI ғ. өмір сүрген Боэций Платонның «жеті еркін өнерін», яғни орта ғасырлық оқу орындарында оқытылатын жеті міндетті пәнді тұжырымдады. Өз кезегінде «жеті еркін өнерді» екі бөлікке бөлу қабылданды: тривиум (үш бастапқы білім – грамматика, риторика және диалектика), және квадривиум (төрт білім жолы: геометрия, арифметика, астрономия және музыка).
Орта ғасырлық қалалардың гүлденуі білімді адамдарға деген қажеттілікті тудырды, бұл мектептердің базасында университеттердің пайда болуына әкелді. Бірінші университеттер Болонияда (ХІ ғ соңы), Кембриджде, Оксфордта (ХІІІ ғ. басы) және басқа европа орталықтарында пайда болды. Оларда жетекші факультет дін ілімі болғанмен, басқа факультеттер феодалдық қоғамда ақсүйектер білімінің таралуына мүмкіндік жасады. IX-XIV ғ.ғ. билік жүргізген философия схоластика, орта ғасырлық діни философия деген атқа ие болды, оның негізгі мақсаты – діни дүниетанымға теориялық негіздеме беру, дәлелдердің логикалық әдістерімен діни догмаларды ұтымды дәлелдеу. Атауы «схола» деген (мектеп) сөзден шыққан, бұл оның мектептік-дидактикалық сипатын көрсетеді. Схоластиканың ішінде бірнеше бағыттар дамыды. Олардың арасындағы дау алдымен жалпы ұғымдар проблемасына шоғырланды. Бағыттардың бірі – реализм жалпы ұғымдар заттардан тыс өз бетімен болады және әлем мен танымда оның алдында болады деп тұжырымдаған. Номинализм деп аталған басқа линия жалпы ұғымдардың өз бетімен өмір сүруін теріске шығарды және тек жалғыз заттарды ғана мойындады. ХІІІ ғ. схоластиканы жүйелендіруші белгілі философ Фома Аквинский болды.
Ақсүйектер мәдениеті де болды, онда рыцарлық мәдениет ерекше орын алады. Рыцарлар ортасы этикеттің ерекше шеңберлерін жасады. Рыцарь құдайға сыйынып, күнәдан, менмендіктен және нашар қылықтардан бойын алыс салып, шіркеуді, жесірлер мен жетімдерді қорғап, қол астындағыларға қамқор жасау қажет. Ол батыр, адал болып, оң іс үшін ғана күресу керек. Ол өзінің ханымы үшін турнирлерде күресе білетін, жиһанкез болу керек. Бұл рыцарьдың әсем ханымға деген махаббатынан қатты байқалады.
Литургиялық драма пайда болды, ол соборда ойналып, қызмет бөлігі болып саналды, ол храм папертиінде болып, латын тілінде емес, жергілікті диалектіде жүргізілді. Кейіннен миракль (христиан сенімінің қарапайым адамдарға, оның ішінде күнәлілерге игілікті әсері туралы ғажайып аңыздар), мистерия (керемет мерекелік ойындар, олар бірнеше күнге созылады, христиандық сюжеттерді насихаттағанмен, ақсүйектер ұйымдастырады), моралите (христиан рақымшылдарын мадақтайтын аллегориялық көріністер) сияқты жанрлар қалыптасады.
Готика кезеңінің әдебиетінде ваганттар поэзиясы ерекше орын алады, бұл поэзияны таратушылар кезбе студенттер болды. Олардың еркін ойлы поэзиясы орта ғасырдың аскетикалық (тақуа) идеалдарынан алыс болды; ваганттар таза ақсүйек әдебиетін құру жолымен жүрді. Олар уайым-қайғысыз салтанат өмірді әндеріне қосты: «Барлық білгірлікті, оқуды тастап, жастық шақта рахат алу – біздің міндетіміз…». Олардың поэзиясында сатиралық антиклерикальды нота басым болды. Кейде ваганттардың өлеңдерінде баспанасыз, тапшылық өмірге деген наразылықтары да болды. «Пайдасыз өмір, сауық-сайран үшін емес, мен оқуды қайыршылықтан тастадым».
ХІ-ХІІ ғ.ғ. батырлар эпосы жазылды, бұл осы уақытқа дейін ауызша дәстүрде ғана беріліп келген. Халық ертегілерінің қаһармандары әдетте өз елі мен халқын қорғаған жауынгерлер болды; эпикалық аңыздарда ерлік, күш, адалдық, қаһармандық дәріптелді. Француз эпосының ең зор ескерткіші - «Роланда туралы жыр», оның кейіпкері патриот Роланд болып табылады, оның өмірлік мақсаты император мен «сүйікті Францияға» қызмет ету. Немістің батырлар жырының ірі ескерткіші – «Нибелунгтар туралы жыр». Эпостың негізі «ұлы қоныс аудару» кезіндегі ежелгі неміс аңыздары, бірақ жырдың барлық сипаты ХІІ ғ. феодалды рыцарьлық Германиямен байланысты. Осы кезде «Беовульф» ағылшын батырлар эпосы және «Үлкен Эдда» скандинавиялық эпикалық мұрасының ескерткіші өмірге келеді.
Шығыста, Византияда христиан шіркеуі күшті империялық билікке тәуелді болды. Византия императорлары V ғ. бастап шіркеу өмірінде маңызды роль атқарды; тіпті шіркеу соборларын шақыру құқығын да император шешті, ол қатысушылар құрамын анықтап, олардың қаулыларын бекітті. Батыста шіркеу мемлекетке бағынбағандығымен қатар ерекше орынға да ие болды. Рим папасы маңызды саяси фигура да болды. Батыс пен Шығыс шіркеулерінің арасында қарама-қайшылықтар пайда болып, уақыт өте келе принциптік сипатқа ие болып, тереңдей берді. ІХ ғ. ортасында филиоква (филоква) – католик шіркеуінің Қасиетті Рухтың Құдай-әкеден ғана емес (Шығыс шіркеудің позициясы), Құдай-ұлдан (Батыс шіркеудің позициясы) шығуы туралы дауы болды. 1054 ж. шіркеулер бір-бірінен толық тәуелсіздігін жариялаған кезде біржолата бір-бірінен қол үзді.
Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің – христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция – католик шіркеуі құрған сот-полицей мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық процесс жылы 1229 жыл саналады.
Орта ғасырлар – эллиндік – классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды.
Бастапқы орта ғасырлар кезеңінде батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Батыс Еуропа ғалымдары ежелгі гректер мен эллиндік философтардың, әсіресе Аристотельдің ғылыми еңбектерімен танысуы – ғылым жолындағы табанды ізденістердің бастамасы болды.
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі – мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында.
Ортағасырлық мәдениет- халықтық сипатта болды, халықтың ой- арманын нақты бейнелеуге тырысты.
Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі ұлы мәдени қозғалысты – Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны қамтиды.
Еуропа үшін Жаңа заман (ХVІІ-ХІХ ғ.) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. ХVІІғ. –Рационализмнің туып, қалыптасу кезеңі болса, ХVІІІ ғ.- Ағартушылық ғасыры, ал ХІХ ғ – Классика ғасыры болды.
Жаңа заман мәденитінде ХІХ ғ. мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
1. Жаңа заман кезеңіне тән ерекшеліктерді ата?
2. Қайта өркендеу дәуірі қай уақыт, ерекшелігі?
3. Ренессанс өкілдерін ата?
4 . Реформация дәуірінің маңызы қандай?
5. Ағартушылық қай елден бастау алды?
6. Өнердегі негізгі ағымдарды ата?
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
«Романдық бастау», христиан діні, «Роланд туралы жыр», схоластика, ренессанс, инквизиция, «Жеті еркін өнер», индульгенция, ваганттар, «Екінші Рим», «романдық стиль», готикалық стиль, Ренессанс, реформация,гуманизм, буржуазия, «Моно Лиза», «Сикст мадоннасы», «Утопия», католиктік, протестанттық, рационализм, ағартушылық, революция, барокко, рококо, романтизм, реализм, символизм,декаданс, позитивизм, импрессионизм, прогресс,
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық араб парсы мәдениеті.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№6- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық араб парсы мәдениеті.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Мәдениеттің барлық салаларына әсер еткен мұсылмандық дәстүрдің маңызы туралы;Ислам дінінің шығу тарихына шолу жасау, діннің ерекшеліктеріне тоқталу;Мұсылман әлеміндегі білім беру жүйесі және ғылымның дамуы туралы;Ислам діні басқа діндерге қарағанда өзіндік идеялық, формалық және жора- рәсімдік ерекшеліктермен дараланады, осы тұрғыдан алғанда, мұсылман елдеріндегі ойлау еркіндігі, адам бостандығы сияқты құндылықтарға баға берілуі қажет;Ұлы ғалымдар мен философтардың қоғам өміріндегі белсенді рөлі, ірі қалалардағы кітапханалар мен оқу орындарының жұмысы туралы айту;Поэзия және музыка, әлеуметтік және жаралытыстану ғылымдарының дамуына мемлекеттік билеушілер тарапынан жасалған қамқорлық жайында, мұсылман әлемінің әлемдік мәдениетке қосқан ғаламдық маңызына баса назар аудару қажет;
*оқыту: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру;
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру(патриотизм, сый,құрмет);
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
4.Ө.С. Төкенов. Мәдениеттану негіздері. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Жаңа заман кезеңіне тән ерекшеліктерді ата?
2. Қайта өркендеу дәуірі қай уақыт, ерекшелігі?
3. Ренессанс өкілдерін ата?
4 . Реформация дәуірінің маңызы қандай?
5. Ағартушылық қай елден бастау алды?
6. Өнердегі негізгі ағымдарды ата?
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Ортағасырлық араб парсы мәдениеті.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Ортағасырлық араб мәдениеті мен ислам.
2. Исламды қабылдаушы елдердің рухани және материалдық мәдениеттеріндегі ерекшеліктер.
3. Парсы мәдениетінің құндылықтары.
4. Араб парсы мәдениетінің қазақ мәдениетіне тигізген әсері.
5.Ортағасырлық араб мәдениеті мен ислам.Омар Хаям,Сағди,Хафиз,Низами,Руми дастандары.
Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі.Оның әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Фирдауси, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын.
Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды.Ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Мұсылмандық мәдениет көп ұлтты. Рационалдылық Х-ХІІ ғғ.Аль Фараби, Ибн Баджжа, Ибн Сина, Ибн Рошд сияқты ұлы араб философтарының аттарымен философиялық ойдың ең күшті ағымына айналды.
Мұсылмандық көркем әдебиет пен поэзияның дамуы философиямен және ғылыммен ұштасып табиғи байланысқан.Көптеген ойшылдар тамаша ақын, жазушы ретінде атағы шыққан.Ибн Туфейл,Омар Хайям, Фирдоуси, Низами, Руми сияқты мұсылмандық Шығыс ақындары өлместей әлемдік даңққа ие болды.
Қазіргі уақыттары мұсылмандық елдерде діннің мемлекеттен бөлінуі байқалады. Алайда қазірге дейін исламды ресми түрде мемлекеттік дін деп есептейтін 30 шақты мұсылмандық елдер бар.
Араб философиясының пайда болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің («жекеленгендер») қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық мұрасымен кең танысады. Аристотель философиясы басты назарда болады. «Неоплатондалған» аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы – «шығыс перипатетизмінің» басты бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен байланысты.
Әл Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі – Біртұтастан жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ басқаратын «рақымшыл қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы қояды.
Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Европаның философиясы мен ғылымына әсер етті.
Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы, дәрігер, жаратылыс тану ғылымдарын жетік меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы – Абу Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік мәдениет тарихында белгілі орын алады. Философиялық шығармаларының ішінде ең белгілісі - "Китаб-аш-шифа" («Сауығу кітабы»). Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен, практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді. Ол антика философтарының көзқарастарын дамытты, оның прогрессивті көзқарастары ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды.
Араб философиясының әрі қарай дамуы Ибн Баджу, Ибн Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен байланысты, олардың шығармашылығы араб философиясының шыңы болды. Ибн Рушд аристотельдік ілімді кейінгі неоплатондық өзгешіліктен тазартып қана қойған, натуралдық пантеизмге бейімделген дербес жүйені құрды. Ибн Рушд сенімнен ақыл-парасаттың басымдылығын дәлелдеді және діндарлардың философиялық проблемалармен айналысуының заңсыз екендігін дәлелдеді. Орта ғасырлық араб ғылымының орталықтары Бағдат, Куфа, Басра, Харон қалалары болды. Әсіресе Бағдатта өмір қызу қайнап жатты, онда «Ғылым үйі» - академиялардың, обсерваториялардың, кітапхана мен аудармашылар алқасының өзіндік бірлестігі құрылды.
Шығыс ислам әлемінің көркем мәдениеті айрықша. Онда кескіндеме жоқ, өйткені Алла мен құдайға қатыстының барлығын бейнелеуге рұқсат етілмеді. Нәтижесінде бейнелеу өнері кілем тоқуда жақсы дамыды, оған тән белгілер түрлі-түстілігі мен өрнектілігі болды. Араб сәулет өнері ерекше дамиды, ол арабтардың ең алдымен барлық грек, рим, иран көркем дәстүрлерін қайта өңдеу негізінде дамыды. Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды.
Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.
X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі «Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады.
Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Ортағасырлық мұсылмандық кезеңді ата?
2. Орта ғасырдың негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Философиялық жүйесі қалай аталады?
4. Шығыстық ғұламаларды ата?
5. Мұсылман дінінің шығуы және таралуы?
6. Исламның бес парызын ата?
7. Сопылық бағыттың ерекшелігі қандай?
8. Қазақстан жеріндегі мұсылмандық Ренессанстың өкілдерін ата?
9.Құран кітабының ислам мәдениетіндегі орны.
10.Исламдағы негізгі ағымдар.
11. Мұсылмандық Шығыс елдеріндегі ғылым мен мәдениеттің дамуы.
12. Ислам дінінің мұсылман мемлекеттерінің саяси - әлеуметтік құрылымына әсері.
13.Қазіргі заманғы әлемдік мәдениеттегі ислам дінінің орны мен ролі.
14. Діни экстремизм және саясат.
15. Ислам әлеміндегі философия мен өнер.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Сабақтың тақырыбы бойынша жаңа енгізілген түсініктермен жұмыс:
Мұсылман, Қағба, Хижра, Құран, хадистер, намаз, зекет, қажылық, саум, сунниттер, шейіттер, суфылық, Фирдоуси, Низами, Омар Хайям, Ибн Сина, Әл – Фараби.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Ресей мәдениеті.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.


№7- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Ресей мәдениеті.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
Ежелгі орыс өнері
История культуры России
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Ортағасырлық мұсылмандық кезеңді ата?
2. Орта ғасырдың негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Философиялық жүйесі қалай аталады?
4. Шығыстық ғұламаларды ата?
5. Мұсылман дінінің шығуы және таралуы?
6. Исламның бес парызын ата?
7. Сопылық бағыттың ерекшелігі қандай?
8. Қазақстан жеріндегі мұсылмандық Ренессанстың өкілдерін ата?
9.Құран кітабының ислам мәдениетіндегі орны.
10.Исламдағы негізгі ағымдар.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Ресей мәдениеті.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Ежелгі Русь мәдениеті.Ежелгі Русьтің православ дінін қабылдауы.
2. ХVІІ-XVІІІ ғ архитектура және құрылыс өнері.орыс тарихындағы «Күміс ғасыр».
3. Ежелгі славяндардың дүниетанымы.
4. Славян мәдениетінің дамуындағы Мәскеудің ролі.
5. Ресей мәдениетінің жаңа кезеңі.
Ежелгі славяндардың мәдениеті — орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары — қасиетті жырлар, мифология, аңыз-ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері Христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.
Ежелгі славяндардың дүниетанымы:Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да жанды нәрсе деп түсінген.Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің көрінісі ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп санаған, сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам тілінде сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар таулар мен орасан зор тастарды киелі деп санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-тастардың құпияларына байланысты болуы да осындай түсінікке тікелей байланысты болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың құпияларына байланысты болып келеді. Мысалы: Перун — қатерлі найзағай құдайы, құдайдың ішіндегі ең құдіреттісі. Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат қойған (Даждь бог, яғни рақымы күшті құдай) адамға тән қасиеттерді адам еместерге теліп, оларды адамның сана-сезіміне жақындату дүние жүзінің басқа да халықтарындағыдай славяндарға да тән қасиет болды. Сондықтан да «құдіретті тәңірананың» бейнесін жасау осының айқын айғағы. Тек славяндар ғана емес, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен молшылықтың, дүниедегі барлық нәрсенің құдай — «тәңірананы» ежелгі славяндар Бережна (жер, тіршілік анасы, дүниеге әкелуші деген ұғымдарды білдіреді) деп атаған. Қолын көкке көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс христиандарда, оның ішінде ежелгі орыс өнерінде ерекше орын алады. «Жер — ана» қолын жоғары көтерген әйел бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше қасиет тұтып, табынып өткен. Ежелгі славяндар жайында өз кезінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі, XVII ғасырдағы византиялық тарихшы Прокопий Кесарийский былай деп баяндайды: «Славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелден-ақ халықтық басқарумен өмір сүріп келеді, сондықтан да олардың бақытты және бақытсыздық істері ақылдасу арқылы шешілген». Ал славяндардың әдет-ғұрпы мен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесімді түрде былай деп жазды: «Славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың әдет-ғұрпы бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды, суық пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымайды». (Любимов Л. [2]. — Алматы, 1989. — 67-бет). Ежелгі славяндардың дүниетанымы мен әдет-ғүрыптары да жан-жақты болып келеді. Олар әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал-жанға қамқорлық жасап, ошақ басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз сыбағасын жейді екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз молшылықтың бейнесі деп танылса, ал Тур (жабайы бұқа) құдайдың құрметіне жастардың көктемгі мерекелері өткізіліп тұратын болған. Сонымен бірге ежелгі славяндар көсемдерін жерлегенде олардың әйелдерін қоса көметін скифтерден қабылдаған тағылық әдет-ғұрпын қолданғанын да атап өткен жөн сияқты.
Ежелгі Русь мәдениеті — шекарасы Тамань түбегіне, сондай- ақ Солтүстік Двинаның жоғарғы аңғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу князьдігінің өнері.
XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениеті
XIII—XIV ғасырларда орыс мөдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін «Ұлы мәртебелі Новгород» деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор «байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады» деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы және т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат. Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады. Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен XII ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сүлулық бар десеңізші.
Mәскеулік кезең мәдениеті
XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі — орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI—XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай бастады, монгол- татар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдың тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек Русьтен ғана емес, әр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп Мәскеу қаласы ең ірі мәдени орталықтардың біріне айнала бастады. 1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің басты қамқоршысына айналған Русь правословиені жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз қолына алды, сөйтіп мәскеулік Русь өзін «Қасиетті Русь» деп танып, ал Мәскеу — «Үшінші Римге» айналады. 1547 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей — деп, ал орыс елі — Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ. XIV—XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV—XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (13601430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы — қасиетті «Үштік». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бүл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің «Кескіндеме — өнер падишасы» деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, XIV—XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады. Ресейдің XVII ғасыр мәдениеті сол кезеңдегі буырқанған саяси жағдайларға (шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы) байланысты қарама-қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болды. Орта ғасырлық дүние таным түбегейлі өзгерістерге ұшырап дүниенің бет-бейнесі өзгерді. XVII ғасырдың адамдары өткен мәдениеттің құлдырауын өздерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екі мәдениеттің — барокко мен «мұжықтық» мөдениеттің бақталастық кезеңі болды. Орыс медениетінде идея бірлігі, тарихтың шексіздігі, болашаққа бағдар алу сияқты жаңа өмірдің нышандары байқала бастады. XVII ғасыр басыңда Борис Годунов мөдениетке, ағартушылыққа, Батыc өркениетіне ерекше мән бере бастады. Соның нәтижесінде Батыc елдерімен сауда қарым-қатынастары кеңейіп, қалалар гүлденіп, ірі мәдени орталықтарға айналды, Мәскеудегі Кремльді жаңғырту ісі қайтадан қолға алынды. Бірақ қалаларда Ресей халқының 2%-і ғана тұрды, демек халықтың басым көпшілігі шаруалар болды. Қалай болғанда да, XVII ғасырда орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды, сөйтіп жаңа заман мәдениетінің элементтері туындап келе жатты. Мұңдай мәнді өзгерістер орыс мәдениетінің барлық салаларында да байқалады. Мысалы, әдебиет саласында: ақсүйектік бағыт қалыптасып, демократиялық сарын орын алса, ал ғылым саласында нақты тәжірибеге жүгінушілік, кескіндеме өнерінде реалистік тенденциялар орын ала бастады. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың өсуіне және қалалық өмірдің жандануына байланысты ағартушылық ісі жолға қойылды. Соның нәтижесінде XVII ғасырда халықтың сауаттылығы біршама өсті. Сол кездегі мәліметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65%, көпестерде — 96%, ал шаруалар арасында небәрі 15% болған (Добрынин В.И.[3]. — М., 1993. — С. 87). XVII ғасыр ортасына қарай мемлекеттік және жеке мектептер ашылып, онда түрлі пәндермен қатар шет тілдері де оқытыла бастады. 1637 ж. Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетін бітірген ағайынды Лихудалар басшылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 ж. орыс театрының сахнасында алғаш рет балет қойылды. Ресейдің XVII ғасырдағы мөдени өмірінің басты ерекше- ліктерінің бірі өнер адамдарының Мәскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар, елдің әр түкпірінен келген сәулетшілер, зергерлер, суретшілер және т.б. орыс халқының даңқты мәдениет мұраларының бірі Кремльдегі «Қару-жарақ палатасының» жұмыстарына белсене араласқан. Осы орайда реалистік өнердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан, өнер теоретигі, XVII ғасырдың аса ірі суретшісі С.Ф. Ушаковтың (16261686 ж.) мерейі үстем болды. Отыз жылдан астам уақыт орыс мемлекетінің барлық көркем творчествосын басқарған, өнер саласындағы қажымаc қайраткер, әрі тамаша педагог Ущаковтың аса көрнекті адам болғаны даусыз. Ол сонымен қатар келесі ғасырда тамаша өркендеген орыстың портреттік кескіндемесінің негізін қалаушылардың бірі болды. XVII ғасырдың бірінші жартысында шеберлер А. Константинов» Б. Огурцов және т.б. салған Мәскеу Кремліндегі атақты Терем сарайы (16351636 ж.) сол кездегі азаматтық құрылыстың ішіндегі ең ірісі болса, ал Никитинкадағы Троица шіркеуі (16351653 ж.) XVII ғасырдан сәулетшілік және кескіндемелік ;ізденістен туған сүйкімді әшекейліктің сөлі болып саналады.XVII ғасырда миниятюра да, графика да гүлдеді, бірақ солардың ішінде орыстың зергерлік және қолданбалы өнерінің шоқтығы биік болды.XVII ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде, халық тарихының жаңа дәуірі басталды. Ресейдің жаңа заман мөдениетінің басты сипаты — оның басқа халықтар мөдениеттерімен тығыз байланыста дамуы болды. Ұлттық тұйықтықты бұзу мақсатында жүргізілген көрегендік мемлекеттік саясаттың нәтижесінде Батыс елдермен қарым-қатынастар арнасы кеңейіп, Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады. Абсолютизм идеологиясы Еуропалық ағартушылық, рационализм идеяларымен толықтырылды. Бұл өзгерістер мәдениет саласына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Дифференциация процесі басталып, мәдениеттің жаңа салалары қалыптаса бастады. Ең бастысы, жаңа мәдениетте демократияға талпынушылық тенденциялары байқалды.Петрдің реформалары қоғамдық өмірдің барлық салаларымен қатар мәдени өмірді де қамтыды. Соның нәтижесінде бұдан кейінгі кезеңдермен салыстырғанда мәдени дамудың қарқыны күшейіп, өнер саласында жаңа стильдер (борокко, рококо, классицизм) қалыптасты. Бүл Ресейлік жаңа заман мөдениетінің басты ерекшелігі болды.Ерекше атап өтетін бір жайт, тек қана Петрдің кезінде ғана мектеп, жастарға білім беру мәселесі — мемлекеттік мәселеге айналды.Мамандар тапшылығына байланысты отандық ақсүйектік мектептер жүйесімен қатар, XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап жастарды шетелдерде оқыту ісі қолға алына бастады. Халықтық ағарту ісінің жолға қойылуы, түрлі мектептердің ашылуы — оқулықтар санын көбейтуді қажет етті. Сөйтіп XVIII ғасыр басынан бастап кітап басып шығару ісі жолға қойылды. Жаңа жағдайда ескі оқулықтардың орнына «Әліппе», «Славян грамматикасы», «Арифметика» сияқты мүлде жаңа заман талабына сай оқулықтар шығарыла бастады.
Баспалар
Ұлы Петрдің Ресейде мерзімдік басылымдарды жолға қоюы — халықты ағартудағы басты қадамдардың бірі болды. Халық ара- сына кеңінен тарай бастаған «Ведомости» ғазеті — Ресейдің ең бірінші ресми газеті болды. Кітап басып шығару ісінің қолға алынуына байланысты кітап саудасы да жолға қойылды. 1714 жылы кейіннен Ғылым Академиясының кітапханасының қорына негіз болған, түңғыш мемлекеттік Кітапхана ашылды. Ал 1719 жылы орыстың бірінші музейі өз жүмысын бастады, кейіннен бүл музей, I Петрдің кезінде-ақ Ресей империясының тарихын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Үлы Петрдің ғылым жөне ағартушылық саласындағы жемісті еңбегінің заңды қорытындысы Петербургте Ғылым Академиясының ашылуы болды. Бірақ, өкінішке орай, Академия ресми түрде 1725 ж., яғни Петр қайтыс болғаннан кейін ғана ашылды.Ұлы Петр жүргізген реформалар Ресейдің қоғамдық саяси, мәдени өнерінің сан-саласын қамтыды, бұл шаралар Ресейдің мәдени даму қарқынын тездетіп, мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасады. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мөдениетінің тарихында XIX ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бүл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға толық хақымыз бар. Басқаны былай қойғанда, орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. XIX ғасыр адамзат баласының ынтымақтастығы мен тендігі, бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық — адамгершілік ізденістерге толы болды. XIX ғасыр — XX ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мөдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің «алтын ғасыры». «Алтын ғасыр» ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталып, ақылдылығы, ғүламалығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Совольевтің өлімімен аяқталды. Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дөл «Алтын ғасырдай» Ресейді «құтқаруға», жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.Дәл XIX ғасырдағыдай еш уақытта да сансыз қоғамдық қозғалыстар (анархистер, атеистер, халықшылдар, марксистер, нигилистер және т.б.) белең алған емес. XIX ғасыр — Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев, Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский мен Михайловский, Чернышевский мен Лавров, Достоевский мен Толстой, Леонтьев пен Соловьев. Н. Бердяевтің пайымдауынша, «Ресей XIX ғасырда өзінің ерекше даму жолын ой елегінен өткізді», Батыс-Шығыс дилемасындағы өзінің тарихи рөлін анықтай білді. Олай болса, XIX ғасыр мәдениеті дүниежүзілік мәдениет тарихындағы асқарлы белестердің бірі болды, өйткені дәл осы бір тарихи кезеңде орыстың ұлттық мәдениетінің нақты қалыптасуы жүзеге асырылады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі славяндардың мәдениеті қандай болды?
2.Ежелгі славяндардың дүниетанымы жайлы не айтасың?
3.Ежелгі Русь мәдениетінің ерекшелігі неде?
4.XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениеті қандай дәрежеде болды?
5.Mәскеулік кезең мәдениеті туралы
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Славян мәдениеті,монастыр,ежелгі Русь,капитализм.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттермен өркениеттер,қазақ мәдениетінің бастауы.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.


№8- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттермен өркениеттер,қазақ мәдениетінің бастауы.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақтың қазақ болып қалыптасуы саналы түрде өзіне дейінгі әлеуметтік – тарихи тәжірибені тұрмыс тіршіліктеріне жарата білуінің арқасында іске асты. Қазақстан мәдениеті көне елдер өркениеті қатарына жатады.Тәжірибені іске асыра білгеннің нәтижесінен қазақ мәдениеті адамдық қоғам болып қалыптасқан кезеңінен бастап іргетасы ерте қаланады.
*оқыту: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімдерін қалыптастыру;
*тәрбиелік: Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білетін, шығармашылық қабілетін дамыту;
*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Ежелгі славяндардың мәдениеті қандай болды?
2.Ежелгі славяндардың дүниетанымы жайлы не айтасың?
3.Ежелгі Русь мәдениетінің ерекшелігі неде?
4.XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениеті қандай дәрежеде болды?
5.Mәскеулік кезең мәдениеті туралы айтып бер?
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы:Қазақ жеріндегі ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер, қазақ мәдениетінің бастауы.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1.Қазақ мәдениетінің түп негізі.
2. Ежелгі көшпелілер мәдениетіндегі мифология және космогония.
3.Ежелгі сақ өнері.Сақтардың дүниетанымы.
4.Ұлы Жібек жолы.Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениетінің дамуы.
5.Қазақ жеріндегі петроглифтер сыры.
Көне түркілердің көрші елдермен мәдени және экономикалық тығыз байланыста болғаны тарихтан белгілі. Ол туралы Альфред Вебер: “Орта Азиядан шыққан көшпелі халықтар Қытай, Үнді және Батыс елдеріне баса көктеп еніп (жылқымен) жоғарыдағы үш атырапқа да ықпал етті. Ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Қиын-қыстау тіршілікпен қауіп-қатерлі мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді. Ол үстем нәсіл ретінде дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті” дейді. Орта Азия мәдениеті мен Үндістанды байланыстырған ертедегі жол туралы ғалым Т.Алмас: “... 8 мың жыл бұрын Тарим оазисінен «Ладак жолымен» көшкен ертедегі түркілер Солтүстік Үндістанға келіп, дравидий мәдениеті тұрғындарымен қарым-қатынасқа түсті” дейді. Оның дәлелі ретінде XX ғасырдың 20-жылдары Пакистанның Пенджаб және Синди штаттарында археологиялық қазба жүргізгенде табылған басындағы шашын лентамен байлаған ортаазиялық түркі типінің мүсінін келтіреді . Ертедегі Орта Азия мен Үнді мәдениеті арасындағы байланысқа жататын құшанның синкретикалық мәдениеті туралы Б.А.Литвинский былай дейді: “...көне тохар миграциясының характері мен бағытының түпкілікті қорытындысы әртүрлі ғылымдар саласындағы деректерге сүйеніп шешілетін болғандықтан, оның шешімін айтпай тұрып, көнетохар-фин-угор және жалпытохар-көнетүркі байланыстары Орта Азияның солтүстігі және оған іргелес жатқан солтүстік және шығыс облыстары арқылы жүргенін көреміз. Бұл аймақтарда б.д.д. I мыңжылдықтағы “скиф-еуропа” байланыстарына – оның ішінде “жануарлар стиліне” таралу жолдарына анықтама беретін “скифтердің” көптеген археологиялық іздерін көреміз. Ол көнетүркі тайпалары мәдениетінің таралу ареалының айғағы. Көне түркі тайпалары мен Солтүстік Үндістан тайпаларының арасындағы мәдени байланыстарды Пакистанның Қарақорым аймағынан табылған жартастағы суреттерден байқауға болады. Қарақорым жартастарындағы суреттер цивилизациялар мәдениеті және діни дәстүрлермен қатар, Азияның ұлан байтақ аймағындағы саяси және тарихи өзгерістердің айналымына (калейдоскопичность) дәлел. Ондағы Күнге табынуға арналған көптеген петроглифтер Тамғалыдағы, Жетісудағы, Ферғана даласындағы, Шығыс Түркістандағы жартастағы суреттерге ұқсас. Еуразия даласы б.д.д. II мыңжылдықта “дала қоласы мәдениетінің” дәуірі болды. Қарғалы рудниктерін зерттеген археолог Е.Черных: “Қола дәуірі Қарғалыдан басталады” дейді. Онда екі мың жыл бойы үздіксіз мыс өндірілген. Жезқазған аймағында 100 мың тоннадай мыс өндірілген. Орталық Қазақстанда 15 мың тонна таза қола өндіруге жететін 130 тонна қалайы өндіріліп, Орталық Қазақстан тау-кен металлургиясының орталығына айналды95. “Б.д.д. ІІ мыңжылдығында Қазақстан Еуразиядағы дала қоласының негізгі мәдениеті орталықтарының біріне айналып, онда өндірістегі құрал ретінде қола алуға қажетті, құрамында мыс, қорғасын, қалайы бар полиметалдық рудаларды пайдаланды”. Ол кездегі малшаруашылығы мен жер өңдеу мәдениетінің арақатынасы әр жерде әртүрлі, кейбір жерлерде аралас болды. Бірақ, жалпы көшпенділік болған жоқ. Сонымен қатар, көптеген дала мәдениеттерінде малшаруашылығы экстенсивтік формаға ерте ауысты. Қола, тіпті энеолит дәуірінің кезінде дала тұрғындары әртүрлі жайылымдарды меңгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, далаға тереңдеп кірді. Жайық пен Еділдің арасында, өзендерден 15-90 шақырымға дейінгі қашықтықта сол кездегі табылған молаларда ерлермен бірге әйелдер, балалар да жерленген. Өгізге немесе атқа жегетін арбаның пайда болуы қола дәуіріндегі малшылардың даланы меңгеруіне себеп болып, осы көліктер б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда олардың көшіп-қонуын жеңілдетті. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді 65. Шығыс Еуропада малшаруашылығының іздері б. д. д. III мыңжылдықта тек кельтиминар мәдениетінің жоғарғы қабатында ғана көрінеді. Орта Азияның солтүстігіндегі далада өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында пайда болды. Одан шығысқа қарай, Оңтүстік Сібірде өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында афанасьев мәдениеті кезінде пайда болды. Өндіріс шаруашылығының әртүрлі нұсқалары (варианттары) Еуразия даласында тек қола дәуірінде, яғни б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысы мен II мыңжылдықта түгел қалыптасып болды. Б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Шығыс еуропаның оңтүстігінде мүйізді ірі қара, қой-ешкі мен жылқы қолға үйретілген. Еуропа даласының кейбір аймақтары, Жайық пен Еділдің арасында б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда малшаруашылығының үлесі жер өңдеуден басым болды. Неолит пен қола дәуірінде малшаруашылығы Орталық және Батыс Еуропаның әртүрлі облыстарына тарады, бірақ олар әлі нағыз көшпенділер емес еді. Остеологиялық материалдар бойынша неолит, энеолит және қола дәуірінде Еуразия даласындағы мал түрі құрамының өзгерісі және соңынан осы аймақта көшпенділерге тән болған әр түрдің процестік арақатынасындағы өзгеру бағыты байқалмайды. Археологиялық қазбаларда табылған, ұзақ уақыт тұрақ болған мекендер де сол кезде көшпенді малшаруашылығы болмағанының дәлелі. Сонымен қатар, салт атсыз еуразияның көшпенділерін елестету мүмкін емес. Үй жылқысы Қара теңіз бен Донның аралығында б.д.д. IV мыңжылдықта пайда болды. Орманды даладағы Дереивка мекені мен Төменгі Дон даласындағы үй жануарларының остеологиялық қалдықтарының ішіндегі жылқы сүйегінің үлесі 80 пайызға жетеді. Ол туралы академик В.И.Цалкин, “мал тарихындағы, ең алғашқы жылқылар” деп жазды. Ең алғаш жылқыны жегуге, содан кейін ғана салт мінуге үйреткен болуы керек. Бірақ көптеген ғалымдар оған қарсы пікір айтады. Шығыс еуропа даласында жылқыны арбаға жегуді б.д.д. III мыңжылдықтан бұрын білмесе де, оған салт мінуді білген. Ол кезде жылқының ер-тұрман әбзелі болған жоқ, болса да өте қарапайым, өте жұпыны болар. Таяу Азияда б.д.д. III мыңжылдықта аттың үстінде адам жүген мен ерсіз, жайдақ отырған суреттер бар. Қалай болғанда да ол кездегі салтаттының мүмкіндігі мал бағудан аспады. Қазіргі деректерге сүйенсек, атқа салт мінудің кеңінен тарауы б.д.д. III мыңж. екінші жартысы мен II мыңж. басы болды. Бұл кезеңде үндіирандықтар угро-финдердің тарихи отаны Орал тауының оңтүстік даласында болғаны белгілі. Оған Аркаим, Синташта т.б. қорымдардағы археологиялық деректер дәлел. Б.д.д. II-I мыңжылдықтар арасында Ұлы далада қуаңшылық басталғанда, олардың көшпенді өмір сүруге бейімделген шығыстағы бөлігі – арийлер мал бағумен айналысты. Олардың б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықта Кіндік Азия, Иран және Үндістанға баруын осы көшпенді малшылардың көшіп-қонуымен түсіндіре аламыз. Ол жазба деректерде сақталмағанымен, археологиялық қазбалардан жақсы көрінеді. Ондай көшіп-қонудың себептері әртүрлі: халықтың өсуі, тұрақты көшу арқылы алмастырылып тұрмағандықтан жайылымның тарылуы (линвистикалық материалдар үндіеуропалықтардың о дүние туралы көзқарасын жайылым – жайлау мағынасына реконструкциялай алады) немесе құнарлы жерлер алуға ұмтылу. Б.д.д. III-II мыңжылдықтарда көшпенді малшаруашылығында: мал түрінің тиісті құрамы, малшаруашылығының экстенсивті формасы мен ұзақ қашықтыққа жүру тәжірибесі, сүтшаруашылығы, арбаны көлік ретінде пайдалану және атқа салт мініп жүру Шығыс Еуропа мен Ұлы далада қалыптасты. Оны Страбонның “Аравияда жылқы жоқ, олар жылқы орнына түйеге мінеді” дегенінен де көреміз (Strabo, XVI, 4, 2; XVI, 4, 26).
Көк бөрі Ертедегі гректердің жазбаларында турлар немесе тұрандар мен массагеттер бір ұғымды білдірген. Сол кездегі парсы жазбаларында оларды сақтар (ауд. “ит” немесе “бөрі”, “көк бөрі”) деген. Ол иран, грек-латын және қытай жазбаларында да дәлелденген. Ертедегі аңыздарға жүгінсек, түркілер өздерін бөріден тарағанбыз дейді. Түркілердің Алтай өңірінен шыққаны туралы жырланған “Көк бөрі“ дастанындағы көне аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: Көне заманда “Со” елінің көсемі Қапан-пу аса қайырымды әрі асқан батыр болыпты. Оның өзіне жақын он алты бауырының біреуінің анасы бөрі екен. Анасы бөрі бала ер жетіп үйленеді. Оның екі әйелі болады. Сол екі әйелдің біреуі – қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі жаз Тәңірісінің қызы екен. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл табады. Тұңғыш ұл аса күшті, қайсар, болып өседі. Оған бұл елде ешкім тең келмейді. Сол үшін оған халық “Түркі”, яғни күшті, мықты, ержүрек деп ат қойыпты. Бүкіл түркі халқы сол “Түркінің” ұрпағы екен . “Көк бөрі” дастанындағы бұлардан басқа да аңыз-хикаялардың негізгі айтары – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі дегенге келіп саяды. Әр кездегі түркі мемлекеттерінің туларында көк бөрі бейнеленген. “Көк Тәңірі”, “Көк аспан”, “Көк бөрі” - осының бәрі түркілер үшін қасиетті ұғымдар. Сондықтан олар бөріні өздерінің пірі санайды. Ол туралы Сүйінбай Аронұлының: Бөрі басы – ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым, – деген жыр жолдарынан түркі халықтары үшін қасиетті “бөрінің” генетикалық ес деңгейіндегі ұғым екенін көреміз. Көптеген тарихи деректерде сақтарды иран тілділер, яғни парсылар деп жүр. Бұл мәселенің жауабын көне түркінің “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген мақалы береді. Мұның мағынасы – бассыз бөрік болмайтыны сияқты, парсыларсыз түркі де болмайды. Мыңдаған жылдар көрші тұрып, қоян-қолтық араласқан екі халықты ажырату өте қиын. Сондықтан да болар, Геродоттан бастап көптеген тарихшылар сақ атаулының барлығын скифтерге жатқызған.
Б.з.д. ІІІ-ІІ ғ. қалыптасқан Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өтуі түркі тілдес халықтарының мәдениетінің дамуына қосқан үлесі, тіршілігіне әкелген жаңалығы да мол болды.
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (Ф. вон Ріцһтһофен) бен А. Һерман (А Һерман) 19 ғасырда ұсынған. Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Жава-Индонезия, және Виетнам елдері арқылы, ақыры Қытай келіп жетеді.Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. Х ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы ХХ ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ мәдениетінің түпкі негізі.
2. Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі мифология және космогония.
3. Қазақстан мәдениеті тарихындағы жазу мен әдебиеттің дамуы.
4. «Аңдық стиль» өнері.
5. Қазақтардың тұрмысы, салт-дәстүрі, рухани өмірі.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Мифология, тотемизм, анимизм,фетишизм, семиотика,синкретизм,
Тәңірі,номадизм,шамандық,Андроновтық мәдениет, «аң стилі», түркі,фольклор,петроглифтер,
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.


№9- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Қазақстан мәдениеті көне елдер өркениеті қатарына жатады.Б.з.д. І мж. орт. Қазақстанның кең байтақ даласына, әлеуметтік- экономикалық қатынастардың дамуына және шаруашылықтың прогрессивті түріне көшуіне байланысты алғашқы қауымдық тайпалардың орнына темір дәуірінің сақ тайпалары келді.
*оқыту: Білімді қалыптастыру;
*тәрбиелік: Еңбек тәрбиесі,,мамандыққа бағдарлау;
*дамыту: Жалпы қабілеттілікті дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
.https://www.cia.gov/library/publications/the-world-factbook/geos/tx.html#People CIA World Factbook Turkmenistan
2. CIA World Factbook Afghanistan
3. Results / General results of the census / National composition of population. All-Ukrainian Census, 2001 (December 5 2001). Тексерілді, 5 тамыз 2007.
4. UNHCR: Census of Afghans in Pakistan
5.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Қазақ мәдениетінің түпкі негізі.
2. Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі мифология және космогония.
3. Қазақстан мәдениеті тарихындағы жазу мен әдебиеттің дамуы.
4. «Аңдық стиль» өнері.
5. Қазақтардың тұрмысы, салт-дәстүрі, рухани өмірі.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті.Жазу және әдебиет.
Мақсаты:жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшелігі.
2. Орхон Енисеи ескерткіші көне түркі жазбасы.
3. Түркі дүниетанымы мен қазақ дүниетанымындағы сабақтастық.
4.Күлтегін,Тоныкөк,Білге қаған жыры.Куле чор,Мойын чор ескерткіштері.Ертіс;талас жазбалары.
Түркілер - б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге30 табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.Түркі тілдері ресми болып табылатын Елдер мен автономиялық аймақтар.Ертедегі тұрандардың (түркілер, хиондар) Тәңір немесе табиғат діні б.д.д. VIII - V мыңжылдықтар арасында аңшылық дәуірде пайда болды. Ол қазіргі белгілі діндердің ішіндегі ең көнелерінің бірі болып саналады. Тәңір діні пайда болған кезде адам зұлымдық пен қайырымдылықты ажыратып бөлген жоқ, тіпті зұлымдықты білмеуі де мүмкін. Ол кезде адамның барлық дүниетанымы олардың арасындағы қарым-қатынастарға емес, табиғатқа бағынышты болғандықтан ол табиғат діні. Бұл дінді ұстанған түркілер аспанға, күнге, жұлдыздарға – яғни Тәңірге, сонымен бірге жер мен суға немесе Ұмайға табынды. Бұл дінде адамдарды қасиеттеріне қарай бөліп тұратын қайырымдылық және зұлымдық деген атымен жоқ. Яғни, бұл діннің негізгі мақсаты соңынан пайда болған зороастризм дініндегі немесе одан кейінгі жалпы философияның негізгі мақсатына айналған «зұлымдықпен күресу» кездеспейді. Көшпенділік дәуірде яғни б.д.д. I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған зороастризм діні, оның пайғамбары Заратуштраның (санскриттан ауд. – “Түйесі кәрі”) атынан шыққан. Сол заманда тұрандықтар Тәңір дініне сенсе, үндіирандықтар және олардың ішіндегі көшпенді арийлер (ауд. – малдың иесі, малшы) зороастризм дініне сенді. Оларды күнге табынушылар деп атайды. Зороастризмге дейін осы тайпалардың барлығы Тәңірге сенуі мүмкін. Себебі Ұлы далаға б.д.д. IV-III ғғ. үндіеуропалықтар келгенге дейін оны мекендеген байырғы тұрғындар – тұран тайпалары, оның ішінде ғұндар күнге табынғаны тарихтан мәлім. “Ғұндар өздерін Күннің ұлдарымыз деп санаған” дейді Сымь-Цянь. Басқа тарихшылар да осыны айтады. Ғұндар өздерінің хандарын шаньюй, сосын тяньжу деп атаған. Олар қытайдың басшыларына жазған хаттарына: “Ғұндардың тағына Аспан, Күн және Айдың ұлықсатымен отырған Ұлы тяньжу” деп қол қойған.АреалыКөне түркілердің атамекені Алтай мен Орта Азия. Осы аймаққа үндіеуропалықтар келгенге дейінгі петроглифтерден Күн бейнеленген әртүрлі суреттердің табылуына және үндіеуропалықтардың осы аймаққа келгенге дейінгі тұрған жерінен күнге табынудың іздерінің кездеспеуіне қарап Күнге алғашында ғұндар табынған деуге болады. Демек, Күннің мәңгі қозғалысын білдіретін “свастика” мен “крестің” пайда болу бастауы сол көне дәуірде жатыр. Сондықтан, проф. С.Г.Кляшторныйдың осы тайпалар бір дінге сенді деген пікірін қабылдауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет