2-тапсырма.
Археологиялық деректерді, ежелгі кезеңнің тарихи картасын пайдалана отырып Қазақстандағы негізгі палеолиттік тұрақтарды сипаттаңыз.
Қазақстан территориясында табылған тұрақтар
|
Таралған аймақтары
|
Шаруашылығы
|
1.Бөріқазған
|
Жамбыл облысы,Талас ауданы,Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде.
|
Адамдар аңшылық,терімшілікпен айналысты.Бұл жерден екі жағы бірдей өңделген шапқылар, жұмыр құралдар, үш қырлы өткір құралдар және үшкір пышақтар көптеп табылған.
|
2.Тәңірқазған
|
Жамбыл облысы, Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде.
|
Тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланды, терімшілікпен айналысты.
|
3.Шақпақата
|
Маңғыстау түбегі мен Қаратауда.
|
Омыру техникасы жетілдірілген, көп қырлы призма пішіндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзі жұқа құралдар – найза, сүңгі ұштарын жасауға мүмкіндік берген.
|
4.Қозыбай
|
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,
Қаратоғай ауылынан батысқа қарай 2 километр жерде,Қалғұтты өзенінің сол жағалауында.
|
Өзеннің биік жарқабағынан ежелгі адамдар жасаған тас құралдар табылған. Өзектас, жарықшақ, тас жаңқа, апқы құрал, екі жағы өңделген құралдар, тағыда басқа тас саймандар шақпақ тас жынысынан жасалған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |