Патша өкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Қазақстан аумағында: 1876 жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер гимназиялары жұмыс істеді, 1871 жылы Орал мен Семейде қыздар гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі оларға негізгі халықтын қолы жетпейтін етті. Өлкеде мектептердін үш үлгісі: педагогикалық, ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды. Төменгі ауыл шаруашылық мектептерінің негізгі мақсаты - көшпелі қазақ қоғамында егіншілік білімін тарату, қазақ санасына отырықшы тұрмыстын көшпелі тұрмыс салтынан «артықшылығын» сіңіруге тиіс болатын. Патша өкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға, әкімшілік аппарат үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет атқаратын сенімді кадрлар даярлауға ұмтылды https://el.kz/kz/news/archive/content-3786
ХІХ - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы білім беру мекемелерінің дамуындағы 3 өзгерістерді анықтаңыз
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
[3]
Өзгерістердің себебін жазып, ойыңызды қорытындылаңыз.
__________________________________________________________________________________
[2]
Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтарын анықтаңыз.
Кеңестік білім беру жүйесінің артықшылықтыры
1.
2.
3.
Кеңестік білім беру жүйесінің кемшіліктері:
1.
2.
3.
[6]
Берілген дереккөзге сүйене отырып Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін жаңартудың маңызын көрсетіңіз.
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫнан
Бағдарламалық мақсаттар
педагог мамандығының беделін көтеру;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.
жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
|
Бағдарлама алдына қойған мақсаттарына жетті ме? Мысал келтіріңіз.
1.
2.
Ауыл мен қала жастары арасындағы білім алудағы теңдікті қалай орнатуға болады. |Өз ұсынысыңызды жазыңыз.
1.
2.
Еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды қалай дамытуға болады? Өз ұсынысыңызды жазыңыз.
1.
2.
Жастардың бойында отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалай дамытуға болады? Ұсынысыңызды жазыңыз.
1.
2.
[8]
5. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының елді жаңғыртудағы маңыздылығын талдаңыз.
Болашақ - Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама.
1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.
Ғаламтор материалдарынан
Нақты сол уақыт үшін маңызы
|
|
Қоғам үшін маңызы
|
|
Экономика үшін маңызы
|
|
Саясат үшін маңызы
|
|
Белгілі бір уақыт аралығынан кейінгі маңызы
|
|
Өзіндік пікір
|
|
[6]
Достарыңызбен бөлісу: |