«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары 1



Дата19.03.2022
өлшемі17,32 Kb.
#136321
Байланысты:
« аза стан тарихы» п нінен ІІІ то сан а арнал ан жиынты ба алау


«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары


1. ХІХ ғасырда Сыр өңіріндегі қазақтарға қысым көрсеткен мемлекеттерді көрсетіңіз.

  1. Иран және Бұхар хандығы

  2. Қоқан және Иран мемлекеті

  3. Ресей және Иран мемлекеті

  4. Ресей және Орта Азия хандықтары

  5. Түркімен және Қытай мемлекеті

[1]
2. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағын анықтаңыз.

  1. Жетісуда

  2. Жайық маңында

  3. Маңғыстау аймағында

  4. Нұра өзені бойында

  5. Сыр бойында

[1]
3. 1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қаланы белгілеңіз.
А. Жаңақала 
В. Жаңақорған
С. Қазалы
D. Түркістан
Е. Шолаққорған [1]
4. Е. Көтібарұлының Ресей империясына қарсы көтеріліс барысындағы іс-қимылдарын анықтаңыз.

  1. әскери бекіністеріне өрт қоюы

  2. губернаторына шағым-хат жазуы

  3. казактардың қару-жарақтарын тәркілеуі

  4. салық төлеуден бас тартуы

  5. сауда керуендері мен жазалаушы отрядтарына соққы беруі

[1]


5. ХІХ ғасырдың ортасындағы отаршылдыққа қарсы көтерілістің себептері мен нәтижесін сипаттаңыз.

Көтерілістер

Себептері

Нәтижесі

Көтерілістердің ортақ себебі

Ж. Нұрмұхамедұлы көтерілісі










Ж. Тіленшіұлы көтерілісі







Е. Көтібарұлы көтерілісі







[7]
6. Қазақ хандығының отарға айналуына әсер еткен факторларға талдау жасаңыз.
Саяси фактор______________________________________________________________[1]
Әлеуметтік фактор__________________________________________________________[1]

7. Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуына байланысты пайда болған ұғымдарға сипаттама беріңіз.



Ұғымдар

сипаттама

казак




десятина




жарғы




бекініс




[4]
8. «Зар-заман» ақындарының өз жырларында көтерген мәселелерін анықтаңыз.

Зар заман ақындары

Шығармасынан үзінді

ХІХ ғасырдың зиялылары-ақындар көтерген саяси мәселелер

Дулат Бабатайұлы

«Аягөз қайда барасың?»
Айтуға ауыз келе ме?
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді?




Шортанбай Қанайұлы

«Мына заман қай заман?»
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар,
Енді сенің торыңа.
Орыс – бүркіт, біз – түлкі,
Аламын деп талпынды.
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды.....
Бұхарға жетер күн болса,
Тыншытар ма едің ұйқыңды?




Мұрат Мөңкеұлы

«Үш қиян»
Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойдағысы болғаны.
Қоныстың бар ма қалғаны?!




[3]
9. Қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын жазыңыз.
1_____________________________________________________________
2_____________________________________________________________
3_____________________________________________________________
4_____________________________________________________________
5_____________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет