Барлығы:
|
-
|
4
|
-
|
-
|
40
|
25
|
25
|
Ескерту* -өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
9-сынып. «Қазақстан тарихы»
ІҮ-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1 тапсырма. Берілген А,В,С, және Д төрт мүмкін жауаптардың ішінен дұрыс бір жауапты белгілеңіз
1. XX ғ. 50-жылдар ортасында Қазақстанның солтүстігінде тілдік және демографиялық ахуалды өзгерткен процесс:
A) Өнеркәсіптер салу.
B) Тың игеру.
C) Урбанизация.
D) Милитарландыру.
2. 1917 жылы Қазан төңкерісі қарсаңына дейінгі халықтан тартып алынған жер көлемі:
A) 4 млн десятина.
B) 9 млн десятина.
C) 45 млн десятина.
D) 40 млн десятина.
3. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылданған жыл:
A) 1921 жыл
B) 1923 жыл
C) 1925 жыл
D) 1924 жыл
4. 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан:
A) Жарма
B) Жаңаарқа
C) Шұбартау
D) Егіндібұлақ
5. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң:
A) «Кәсіпорындарды тарату туралы»
B) «Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялар туралы»
C) «Совхоздар мен колхоздарды тарату туралы»
D) «Жекешелеу туралы»
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді:
A) Екі жүз мыңға.
B) Екі миллионға жуық.
C) Жарты миллионға жуық.
D) Бір миллион.
7. 1998 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді:
A) Т.Бигелдиновке.
B) Б.Момышұлына.
C) Қ.Қайсеновке.
D) Б.Бейсекбаевқа.
8. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:
A) Қ.И.Сәтбаев.
B) И.М.Губкин.
C) Н.С.Курнаков.
D) А.Панкратова.
9. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:
A)100 мың.
B) 150 мың.
C) 200 мың.
D) 220 мың.
10. Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:
A) 1928 жылы.
B) 1929 жылы.
C) 1930 жылы.
D) 1931 жылы.
11. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:
A) Т.Жүргенов.
B) О.Қожанов.
C) С.Садуақасов.
D) Т.Рысқұлов.
12. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:
A)375 мың.
B) 280 мың.
C) 300 мың.
D) 353 мың.
13. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:
A) Ауыр өнеркәсіп.
B) Жеңіл өнеркәсіп.
C) Шикізат көздерін игеру.
D) Машина жасау.
14. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды
А) 1991 жылы 23 қарашада
В) 1992 жылы 30 желтоқсанда
С) 1993 жылдың 28 қаңтарда
D) 1992 жылы 25 желтоқсанда
15. 1991 жылы желтоқсанның 13-күні Орта Азия республикалары мен Қазақстанның басшылары бас қосқан қала
А) Алматы
В) Ашхабад
С) Мәскеу
D) Киев
[15]
Достарыңызбен бөлісу: |